104
Респонденттердің көбі (45%) толеранттылықты адамдардың ұлтына, әлеуметтік, діни
тиесілілігіне, көзқарастарына, дүниетанымына, ойлау ерекшеліктеріне және мінез-құлқына
қарамастан, олармен өзара әрекеттесуге дайын болу деп түсіндіретін анықтаманы қолдады.
Респонденттердің 36%-ы үшін бұл – біздің өз-өзімізді танытуымыздың формалары мен
адами жекешелікті көрсетудің әдістерін құрметтеу, қабылдау және түсіну; сауалнамаға
қатысқандардың 15,6%-ы толеранттылықты өзге мәдениетке қызығушылық, сыйластық
және оны жасауға атсалысушылық деп түсінеді; ал 3,5%-ы төзімділік немесе бейқамдық
ретінде қабылдайды [5].
Әлбетте, жастарға толеранттылық негіздерін үйрету үшін үйрететін адамдардың өздері
де сол қасиеттерге ие болуы керек. Осыған байланысты, таңдалған бағыт бойынша өзіндік
жүйені құру керек (1-сурет).
Сурет 1 – Педагогтардың орта кәсіптік білім алушы студентердің бойында толеранттылықты
қалыптастыру сызбасы
Жастар – қоғамдағы ең «сезімтал», еліктегіш және құндылықтары бекіп үлгермеген
әлеуметтік топ. Олар өздері өмір сүретін социомәдени кеңістіктің саналуандығын әрдайым
толыққанды бағалай бермейді, сонымен қатар өздерін қандай социомәдени топқа
жатқызатындықтарын, өмірлік бағдары болатын құндылықтарды айқындауда қиындықтарға
тап болады.Экстремистік идеялардың кең қанат жаюы, шиеленіс аймақтарының кеңеюі мен
шиеленісті жағдайлардың көбеюі, өзге де әлеуметтік құбылыстар жас ерекшелігіне
байланысты максималистік көзқарасты ұстанатын, күрделі әлеуметтік мәселелерді тез әрі
105
оңай шешуге ұмтылатын жастарға әсер етуде. Бұл тұста көптеген жастарға тән эгоцентристік
тұрғыдан ойлау ерекшелігі де, әлбетте, көрініс береді. Эгоцентристік көзқарас - әлемді дұрыс
деп бағаланатын өз мүдделерінің, өз дүниетанымының ғана тұрғысынан тану. Көбі
алдарында оның өзіне ғана тән, айрықша ойлау қисыны мен мінез-құлқы бар өзге мәдениет
тұрғанын мойындамақ түгілі, елестете де алмайды. Сонымен қатар, жиі өз ойларын өзгеге
тануға тырысады, толеранттылық ұғымымен толық таныс та емес.
Жастардың толеранттылық мәселесі, ең алдымен, қарым-қатынастардың коммерциа-
лануымен,
бұрынғы құндылықтардың жойылуымен,
жаһанданумен
байланысты.
Толеранттылықтың дамуын тежейтін ішкі факторлар – агрессия, өз-өзін ұстай алмау, мінез-
құлық ерекшеліктері, өз-өзін танытудың негативті формалары.Жастардың толеранттылық
мәдениетін дамытуға әсер ететін факторларға келер болсақ, олар – әлеуметтік өмірдегі орын
және білім үрдісімен байланысты факторлар (қабылдаудың саналылығы, дүниетанымды
қалыптастыру, таным үрдісін кеңейту, өзіндік сананы дамыту, саналы өзін-өзі
бағалау). Мұнда білім беру және еңбек қызметінің мәселелері бірінші орынға шығады.
Қоғам білімге күш жұмсамаса, білім беру шаралары арқылы зорлықты азайтып,
бейбітшілік сүйгіштік пен толеранттылықты дамыту үшін нысаналы және жүйелі түрде
жұмыс істемесе, ол қоғам бейбітшіліктен кенде болатынына кәміл сенетін американдық
білім теоретигі М. Липманмен келіспеу қиын.
Осылайша, жастардың толерантылық мәдениетін дамытуда негізгі рөл білім жүйесіне
тиесілі болуы керек. Ол өз кезегінде білім алушыларда толерантты сананың қалыптасуына
және толеранттылық тәжірибесінің жиналуына жағдай жасайды [6].Толеранттық құндылық
нысаналары білім алу барысында өзінен-өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды.
Толеранттық құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана-сезімді тәрбиелеп, адамның
эмоциялық өрісін дамытқан кезде ғана іске асады. Кез келген мемлекеттің негізгі қозғаушы
күші жастар екендігін ескерсек, оларды өздері тиесілі халықтың ұлттық мәдениеті аясында
толеранттылыққа тәрбиелеу жалпыадамзаттық маңызы бар жұмысқа айналмақ. Сондықтан
да, ЖОО-да студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып
табылады.Сонымен қатар, кейінгі жылдары дүние жүзінде және елімізде болып жатқан түрлі
өзгерістер адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесінің айқындаушы рөлін
арттырыпотыр. Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу мен өмірлік ұстанымын
қалыптастыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үшін жеке тұлғаға бағытталған жұмыс
жүргізілуі тиіс. Бұл студенттер арасындағы тәрбие жұмыстарын адамдарға ортақ
құндылықтарды: түрлі идеологиялық көзқарастарға, қоғамдық-экономикалық жағдайларға,
саясатқа, мәдениетке, діни нанымдарға және төзімділікті қалыптастыруға бағыттаудан
тұрады. Ізгілікті қоғамда білім мекемесі тәрбиеленушінің бойында өзара бір-біріне, ата-
анаға, айналасындағыларға деген сыйлы қатынасқа; жасы үлкен адамдармен жас балаларға
қамқор болуға, көмек беруге; табиғат пен қоршаған ортаны қорғау ниетіне тәрбиелеуі тиіс.
Әлемде орын алған әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық және т.б. әртүрлі сипаттағы
қақтығыстар мен қайшылықтардың алдын алу үшін арнайы ұйымдастырылған механизмдер
жасау, оны дамыту қажеттігі туады. Қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтардың алдын алудың
мүмкін жолдарының бірі – бұл қоғам мүшелерін толеранттылыққа тәрбиелеу. Сондықтан да
бұл мәселе толеранттылықты тереңінен қарастырып, оны дамытуға жол ашады. Қазіргі таңда
толеранттылық ұғымының мазмұндық толықтырылу мәселесі жеке тұлға үшін ғана емес, кез
келген қоғам мен мемлекет үшін де маңызды. Жалпы тәрбие жүйесінде адам құндылықтар
қатынасында толеранттлық фактор ретінде, жүйені тұлғаны ішкі жағынан тұрақтандыру,
сонымен қатар тұлғааралық қатынаста қоғамда бейбіт өмірде бағыт-бағдарын және
индивидтің дәстүрі, нормасы, мәдениетін байланыстырып қарастырады. Осыған орай, қазіргі
таңда бұл фактордың әсерін назарға алу маңызды. Қоғамда ізгілікті білім берудің
мәселелерімен шұғылдана отырып, соның ішінде жастар ортасында толеранттылыққа
тәрбиелеу жұмыстарын қатар жүргізу керек. Сыныптан тыс сабақтар, ұжымдық-
шығармашылық жұмыстар білім алушылардың өзгелерге деген төзімділігін қалыптастыруға,
кез-келген жаңа ортаға тез үйреніп, сіңісіп кетуіне мүмкіндік береді. Қорытынды қадам
Достарыңызбен бөлісу: |