Алматы халќыныњ µсіп-µнуі белестері



жүктеу 144 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі144 Kb.
#22415
түріҚұрамы

ӘОЖ 314.1 (574-25)
ОМАРОВА Г.А.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының

2-курс магистранты
АЛМАТЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ
Аннотация

Мақалада Алматы қаласы халқының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы демографиялық дамуы қарастырылады. Сонымен қатар қала халқының саны, әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер көрсетіледі.



Түйін сөздер: Алматы, демография, санақ, мегаполис, көші-қон, ұлттық құрамы, саны, әлеуметтік құрамы.
Еліміздің терең тамырлы тарихында Алматы қаласының орны ерекше. Өзінің пайда болып, қалыптасу тарихында қазақ елінің астанасы ретінде мәртебеге ие болған Алматы ірі мегаполис қана емес, қаржы орталығы түрінде бірнеше бағытта дамып келе жатқан республикадағы ең үлкен қала. Қазіргі кезеңде Алматы өз дамуының даңғылына түскен. Елбасының елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы туралы сөз қозғағанда Алматыны айналып өтпейтіні де өзінен-өзі түсінікті. Өйткені Алматы елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінде басты рөл атқарады. Сол үрдістерді оқып-үйрену, зерттеу отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінде қаланың тарихын, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайын, демографиялық ахуалын және этникалық құрамын, ондағы көші-қондық үдерістерді, олардың себеп-салдарын, тарихи мәнін білудің ғылыми-тәжірибелік маңызы зор.

Қазақ халқы ХХ ғасырда талай тауқыметті басынан кешіріп, бірнеше демографиялық апатқа ұшырады, көші-қон нәтижесінде өз елінде аз ұлтқа айналды. Осы жағдайлардың бәрі Алматы халқының құрамындағы қазақтардың басынан да өтті. 1- кестеде көрсетілгендей, 1897 жылы Алматыда бар болғаны 1869 адам қазақ болды, олар қала тұрғындарының 8,2% ғана еді, ал қала халқының ішінде үлесі әрине, өте төмен болды, қалада басым көпшілігі орыстар, содан кейін татар және т.б. ұлт өкілдері болды [1, 52-53 б.]. Кеңес өкіметі кезінде Алматы қаласы өркендеп өсті, астана болды, ең ірі білім, ғылым, мәдениет және саяси орталыққа, Түркісіб біткен соң Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын ірі теміржол торабына айналды. Онда ҚазКСР үкіметі, Жоғарғы Кеңес, СОКП Қазақстан Орталық партия комитеті, Министрліктер, Ғылым академиясы, ірі-ірі оқу орындары, өндіріс орындары (комбинат, завод, фабрикалар, транспорт жүйелері) жұмыс істеді. Қала халқы 1926-1989 жж. арасында 45 мыңнан 1 млн-ға жетіп, аса түсті, яғни 24 есе өсті. Алматының сәулетті қалаға айналып, Алматы қаласының көркейіп, ең күшті қарқынмен саяси, ғылыми, білім, мәдени және өнеркәсіп, жол торабы ретінде дамыған кезеңі 1960-1980 жылдар еді. Осы кезде халқы миллионнан асқан Москва, Ленинград, Киев, Минск, Омск, Свердловск, Ташкент, Баку, Горький, Ереван, Қазан, Куйбышев, Тблиси, Харьков, Челябинск халқы миллионнан асқан Одақтағы 15 қала қатарына 1980 жылы Алматы да қосылды.

1920 жылы 26 тамыздағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Социалистік республикасы құрылады. Астанасы Орынбор қаласы болды. Ал, 1921 жылы 3 ақпанда Верный қаласы мен уезінің өкілдері мен Түркістан Орталық Атқару Комитеті Президиумының қатысуымен жиналыс өтеді, бұл жиналыста Верный қаласының аты өзінің бұрынғы аты Алматы қаласына ауыстырылады. Сөйтіп, 1921 жылы 5 ақпанда қала аты өзгертіледі [2, 28 б.].

КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1926 жылы 3 желтоқсандағы шешімінде Алматы қаласында 1500 км қашықтықта Түркістан-Сібір темір жолын салу ұйғарылды. Алматы Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік аудандарын қосатын экономикалық орталық ретінде танылды. Осыған байланысты ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті мен ХКК-ның 1927 жылғы 2 наурыздағы қаулысында ҚазАКСР-ң үкімет орталығы Қызылорда қаласынан Алматы қаласына ауыстыру туралы шешім қабылдайды [3, 36-37 с.]. Факті жүзінде астана Қызылордадан Алматыға 1929 жылы көшірілді.

1929 жылы 19 шілдеде Қызылордадан Алматыға мекемелерді көшірген алғашқы поезд келеді. Бұл қала халқының өсуіне әсер етті. 1929 жылдың 1 қаңтарында қалада 48379 адам болса, жыл соңында 71000 адам тіркелген, яғни халық саны 1,5 есе өскен. Астананың Алматыға көшірілуіне байланысты Ілияс Жансүгіров «...міне, осы Алматыға Қазақстан орталығы көшіп келді. Алматы астана болды. Алматыда қазір 52 мыңдай халық бар. Олардың 35 мыңдайы орыс, 4 мыңдайы қазақ, 5 мыңдайы тараншы, 15 мыңдай дүнген (ұйғыр), 2 мыңдай татар, қалғаны басқалар. Қазір көшелер түзеле бастады. Электр жарығы жағылды, арықтар аршылды, көпірлер көбейді. Су тартар жүргізілді. Үкіметтің үлкен үйі, қонақ үй, тағы бір қатар үлкен үйлері салынып жатыр. Үкімет үйінің алдында қарағай бақша істелді. Алматыдан Семейге, Пішпекке – айрапылан ұшады. Автомобиль жүреді. Алматы айналасында өмір қайнауы енді басталды» [4] - деп сол кездегі Еңбекші қазақ газетінде мақала жариялады.

Қала халқының жедел қарқынмен дамуына 1927-1930 жылдары салынған Түркістан-Сібір темір жолының ықпалы күшті болды. Бұл халық санының өсуі мен қаланың тез қарқында көтерілуіне үлкен әсер етті. Мысалы, 1927-1928 жылдары халық саны 55455 адам болса, 1928-1929 жылдары 60939 адам, 1929-1930 жылдары 69470 адамға көбейген [5, 16-п.]. Халықтың қалаға келуі көбейді, яғни урбанизация күшейді.

Қала халқының өсуімен қатар, қала экономикасы да тез қарқынмен көтерілді. 1-бесжылдықта (1928-32 жж.) Алматыда аса ірі 10 кәсіпорын салынды. 1932 жылдың аяғында жеңіл өнеркәсіп өнімін шығару 1913 жылмен салыстырғанда 3,3 есе өсті. Қала өнеркәсібінің өрге басуы әсіресе 2 және 3-бесжылдықтар кезінде неғұрлым кең құлаш жайды. Бұл тұста 20-дан аса кәсіпорын іске қосылды. 3-ші бесжылдықта жалпы өнім Алматы және Алматы облыстарында 1932 жылмен салыстырғанда 5,7 есе, 1928 жылмен салыстырғанда 90 есе, революцияға дейінгі уақытпен салыстырғанда 115 есе өскен. Қалада тұңғыш автобус маршруты (1927), трамвай (1937), троллейбус желісі (1944) пайда болды. Сөйтіп Алматы қаласы ірі индустрия орталығына айнала бастады. Индустрияның дамуына байланысты Алматы қаласында жұмысшылар саны да көбейе бастады. Халықтың 44,5 пайызы әртүрлі жұмыс орындарында, соның ішінде өндірісте 19,9%, құрылыста – 10,3%, ауыл шаруашылығында 5,3 %, орман шаруашылығында – 0,1%, тұрғын үй шаруашылығында – 2,7%, транспорт пен байланыста 10,2%, ғылым, өнер, баспаларда 10,7%, денсаулық сақтау мекемелерінде 5,6%, мемлекеттік мекемелерде 11,9%, сауда орындарында 11,6% және 14,5 пайызы тағы басқа орындарында жұмыс атқарған [6, 7-8 б.].

1939 жылғы есеп бойынша Алматы қаласында 4 аудан құрылады, олар: Сталин ауданы Ленин және Каменевский ауылдық советтерімен; Ленин ауданы Бурундай ауылдық советімен; Фрунзе ауданы Кіші Алматы, Горно-Октябрск, Белбұлақ ауылдық советтерімен; Каганович ауданы Фрунзе ауылдық советімен қоса есептегенде.

Осы жылғы қаланың басты магистралдары: Сталин даңғылы (қазіргі Абылай хан) – вокзалдан жоғары Бас арыққа дейін (қазіргі Абай), Ленин даңғылы (қазіргі Достық) – қаланың орталығынан тауға қарай, Қапал трактісінен (қазіргі Сүйінбай) – Алматы-1 станциясынан, Өзбек көшесі (қазіргі Сейфуллин) – вокзалдан оңтүстік-батыс жаңа өндірістік ауданға, Артиллерия (қазіргі Құрманғазы), Комсомол (қазіргі Төле би) және Ташкент (қазіргі Райымбек) көшелерінен – Кіші Алматы өзенінен Весновкаға (қазіргі Есентай) өзеніне дейінгі аралықты қамтыған еді [7, 59 с.].

1926 жылы жүргізілген санақ бойынша Алматыда 45395 адам, оның 49,9% (22647) ерлер, ал 50,1 пайызы (22748) әйелдер болған. Ал, 1939 жылы қалада 230503 (ерлер 50,1%, әйелдер 49,9%) адам тұрып, 13 жыл ішінде қала халқы 5,1 есе өсті. Халықты аудандарға бөліп қарайтын болсақ, Каганович ауданында – 13,4%, Ленин - 22,1%, Сталин – 31,7%, Фрунзе – 32,8% адам тұрған [8].

Дегенмен бұл өсуде келеңсіз жақтар да болды, ең алдымен Қазақстанның астанасында қазақтар үлесі төмен болды. Егер 1926 жылы Алматыда қазақтар 6,6 % болса, 1939 жылы ол 11,1%-ға зорға жетті. Ал 1959 жылы – 8,6% дейін төмен еді. Тек 1960-1980 жылдары аз да болса өсіп, 1970 ж. - 13,6%, 1979 ж. – 17,7%, 1989 ж. – 23,8%-ға жетті. Бұл жылдары сыртқы көші-қон бірте-бірте азайып, 1970 ж. бастап келімсектердің кемуінен кетуі көбейген уақыт еді. Алматыда қазақтар саны 1959-1989 жж. 39410 адамнан 255133 адамға жетіп, 6,5 есе өскен еді, яғни осы жылдары қала халқы 2,3 есе өссе, оның ішіндегі қазақтардың саны одан үш есеге жуық көбейді. Қазақтардың қатары әлдеқайда күшті қарқынмен дамығанын көреміз. Дегенмен, Кеңес заманында қазақтар өз астанасында да, өз Отанында да аз ұлт болып, қала берді. Бұл Алматы қаласы халқының дамуындағы ең негізгі бір ерекшелік еді [9. 8-10 б.].

Сондықтан да ол кезде халық арасында «Алматы – қазақтың астанасы, орыстың – баспанасы, ұйғырдың - асханасы» деген мақал тарап еді. 1939 ж. орыстардың үлесі Алматы қаласы халқының құрамында 72,2%-ға жеткен-ді, ол 1959 ж. – 73,0% еді. 1970 ж. – 68,3%, 1979 ж. – 64,0%, 1989 ж. – 57,4%, яғни тек 1959 ж. бастап орыстардың үлесі төмендей бастағанымен, олар қала халқының көпшілігі болып қала берді. Аз ұйғырлардың өзінің үлесі де өсуде болды: 1939 ж. – 1,8%, 1959 ж. – 1,7%, 1970 ж. – 3,1%, 1979 ж. – 3,5%, 1989 ж. – 4,0% [10].

Осы этно-демографиялық жағдайдан барып, Алматы халқының өсіп-дамуындағы екінші ерекшелік туындайды. Ол – қала тұрғындары табиғи өсімнен гөрі сыртқы көші-қон есебінен өскендігі, Алматы сияқты ірі-ірі мегаполистердің табиғи өсімінен сыртқы көші-қон есебінен өсуі ол табиғи құбылыс, дегенмен бұл көші-қон ауылдан келген қазақ жастарынан гөрі басқа республикалардан келген-келімсектер, яғни орыс, украин, беларус және т.б. ұлт өкілдері толқындарынан болғандығы Алматы үшін, қазақ ұлты үшін көптеген қиыншылықтар туғызды. Ең негізгісі – қазақ тілінің дәрежесі мен мүмкіндігі күрт төмендеп кетті, бар болғаны 3-4 қазақ орта мектебі, 3-4 бала бақшасы ғана болды. Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында білім беру басым көпшілігінде, әсіресе, техникалық, дәрігерлік, экономика саласында орыс тілінде асты. Мәселен, 1989 ж. санақ бойынша 10721 Алматы қазақтары орыс тілін өз ана тілі деп санаған, ал 252 072 қазақтың 217547-і, яғни 86,3% орыс тілін емін-еркін игерген екен, ал қазақтардың тек 1828-і ғана, яғни 0,7% ғана қазақ тілін емін-еркін игерген екен. Сонымен бірге қазақтардың үлесі өнеркәсіпте де, құрылыста да, транспорта да өте төмен болған.

Бұл сияқты қазақ ұлтының Алматыдағы келеңсіз жағдайлары қазіргі кезде, яғни тәуелсіздік жағдайында Кеңес заманынан қалған мұра сияқты көрінетіні рас екені де көпке белгілі. Тәуелсіздік жағдайында бұрынғы социалистік меншік орнына әртүрлі меншік келді; мемлекеттік, жеке меншік, басқа мемлекеттер меншігі, акционерлер-кооператив меншігі, мемлекет меншігінде 24,5% жалданған қызметкерлер істейді, ал жеке меншікте – 73,1%, басқа меншік – 2,4% [11, 12-16 б.].

Жаңа әлеуметтік құрылым пайда болды, бұрынғы жұмысшылар, колхозшылар мен интеллигенция орнына енді жұмыс істейтіндер екіге бөлінеді: 1) жалданып істейтін қызметкерлер, 2) өзінше істейтіндер: а) жұмыс беретіндер, яғни жеке меншік иелері; б) өзінше жұмыс істейтіндер; в) ақы төленбейтін отбасы қызметкерлері; г) өндіріс кооператив мүшелері. 3) жұмыссыздар – 2005 ж. 640,7 мың, жұмыссыздық деңгейі – 8,1%, дербес жұмысшылар – 2620,4 – 36,1%.

Егеменді жағдайында Республика халқы күрт азайып кеткені белгілі, ал Алматы халқы өсіп, көбейе түсті, млн-нан асты, 1989-2009 жж. 293 мыңға өсті.

Тәуелсіздік кезеңінде Алматы халқы (1989-2009 жж. санақ аралығында) 293 мыңға өсіп, 1,071 мыңнан 1,365 мыңға жетті, яғни қазақтар үлесі 53,0%-ға көтерілді. Басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда басымдықты көрсетіп, қала тұрғындарының жартысынан асты. 2009 жылғы санақтың көрсеткіші бойынша, орыстардың үлесі 33,2%, украиндар – 0,9%, кәрістер – 1,8%, татарлар – 1,5%, ұйғырлар – 5,2%-ы құрады. Қала халқы негізінде қазақтар, ұйғырлар, татарлар мен кәрістер есебінен өскендігін байқаймыз [12, 4-5 б.].

Енді қазақтардың өсуіне келетін болсақ, тек 1989-2009 жж. Алматыда қазақтар саны 255,1 мыңнан 724,2 мыңға дейін, яғни 2,8 еседей өсті, мұндай қарқын тек 1959-1970 жылдар арасында ғана болған еді, онда қазақтар 11 жыл ішінде Алматыда 2,7 еседей өскен-ді, ал үлесі төмен болып қала бергенді (8,6% - 13,6%). Алматыдағы қазақтар саны негізінен көші-қон есебінен, яғни ауылдық жерден келген жастар есебінен, жұмыс іздеп және оқуға келгендерден өсіп отыр. Бұл жылдары «қазақ қалаға бет бұрды» деген пікір пайда болғаны да рас. Ауылдағы күйзеліс нәтижесінде жұмыссыздық пайда болды, ауыл жастары қалаға келуге мәжбүр болды. Ауыл шаруашылығы қалпына келмей, ауылда жұмыссыздық көбеюін тоқтату қиын. Қалалардағы жұмыссыздықты жою үшін – оның негізгі себебі – ауыл-шаруашылығын дамыта түсу керек, оның өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды қалпына келтіріп, өсіре түсу қажет.

Алматы қаласының демографиялық жағдайы тәуелсіздік жағдайында бірсыпыра жақсарды деуге болады. Қала халқының саны өсті, оның ішінде әсіресе қазақтар қатары көбейді, олардың үлесі көтерілді, қазақ тілінің дәрежесі нығая түсуде. Дегенмен жұмыссыздық, денсаулық саласында және басқа қымбатшылық, тұрғын үй тапшылығы т.б. әлеуметтік проблемалар шешуін күтуде.

Сырттан жұмысшылар әкелуді шектеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, техникалық мамандықтарға үйрету және басқа шаралар арқылы қазақ жастарының жұмыссыздықтан құтқару - өкімет үшін өте өзекті мәселе деп санау керек. Сонда ғана Алматы қаласы тұрғындарының демографиялық және әлеуметтік жағдайы жақсара түседі, ал Алматы қаласы одан әрі көркейе береді.


Әдебиеттер

1 Первая Всеобщая перепись населения Российской империи 1897 г. LXXXY. Семиреченская область. – 1905. –С. 52-53 (–130 с.);

2 Алматы административно-территориальное деление 1918-1999 гг. –Алматы, 2000. –С. 28.

3 Алматы административно-территориальное деление 1918-1999 гг. –Алматы, 2000. –С. 36-37.

4 І. Жансүгіров. Жаңа астана // Егемен Қазақстан. – 1999, – 27 ақпан.

5 ҚР ОМА, Р-267-қор, 1-т., 12-іс,16 п.

6 Алматы эциклопедиясы. – Алматы, 1996. – 7-8 бб.

7 Алматы административно-территориальное деление 1918-1999 гг. Алматы, 2000. – 59 с.

8 Российский государственный архив экономики. Ф.1562. Оп.336. Д.391. Л.1

9 Всесоюзная перепись населения 1926 г. Т. YІІІ, КазАССР, КирАССР. Отдел 1. Народность. Родной язык. Возраст. Грамотность. –Москва: ЦСУ СССР, 1928. –С.148-149 (–256 с.); Итоги Всесоюзной переписи 1959 года КазССР. –Москва, 1962. –С. 172-173; Итоги переписи населения 1999 года по г. Алматы. Том 1. – Алматы, 2001. –С. 8-10;

10 Там же

11 Итоги переписи населения 1999 года по г. Алматы. Том 1. – Алматы, 2001. –С. 12-16.

12 Итоги переписи населения 1999 года по г. Алматы. Том 1. – Алматы, 2001, –С. 8-10; 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. –Т. 2. – Астана, 2011. – 4-5 бб.

1-кесте Алматы халқының саны мен ұлттық құрамы



(сандық және пайыз есебімен)




1897

%

1926

%

1939

%

1959

%

1970

%

1979

%

1989

%

1999

%

2009

%

Барлығы

22744

100

45385

100

230503

100

456481

100

777569

100

956817

100

1071927

100

1129356

100

100

100

Қазақтар

1869

8,2

3006

6,6

25601

11,1

39410

8,6

105728

13,6

169476

17,7

255133

23,8

434397

38,5

724202

53,0

Орыстар

13257

58,3

24996

55,1

166439

72,2

333480

73,0

530931

68,3

612783

64,0

615365

57,4

510366

45,2

452947

33,2

украин-р

1253

5,5

4870

10,7

16675

7,2

22989

5,0

32010

4,1

35974

3,8

42243

4,0

22835

2,0

11903

0,9

белар-р

1

0

217

0,5

1446

0,6

2611

0,5

4444

0,6

5205

0,5

6912

0,6

3438

0,3

1782

0,1

Кәрістер

-

-

-




229




2474

0,5

7208

1,0

11793

1,2

14931

1,4

19090

1,7

24610

1,8

татарлар

1211

5,3

2321

5,1

5998

2,6

12458

2,7

20260

2,6

24643

2,6

25329

2,4

24770

2,2

20865

1,5

ұйғырлар

1970

8,7

192

0,4

4328

1,8

7974

1,7

23863

3,1

33640

3,5

43351

4,0

60427

5,4

71245

5,2

өзбектер

4


0,02

1611

3,5

1322

0,6

-

-

3173

0,4

3833

0,4

4684

0,4

4304

0,4

6849

0,5

дүңген-р

1582

7,0

1294

2,8

619

0,3

-

-

1393

0,2

1726

0,2

2258

0,2

4565

0,4

6223

0,5

азер-р

-

-

-




52

-

-




3411

0,4

4799

0,5

5451

0,5

6529

0,6

7430

0,5

еврейлер

85

0,4

249




2228

0,9

8425

1,8

9059

1,2

8601

0,9

6961

0,6

2818

0,2

1488

0,1

мордва

-

-

131

0,3

1481

0,6

-

-

1807

0,2

1693

0,2

1582

0,2

756

0,07

246

0

қырғыз

-

-

156

0,3

81

-

-

-

356

0,05

650

0,07

1430

0,1

997

0,1

4488

0,3

қытайлар

1220

5,4

-




399

0,2

-

-

433

0,06

430

0,04

495

0,05

699

0,1

688

0,1

ингуштар

-

-

-




3

-

-

-

2544

0,3

2506

0,3

2621

0,2

2746

0,2

2321

0,2

немістер

19

0,08

138




766

0,3

-

-

16824

2,2

21219

2,2

20806

2,0

9390

0,8

5743

0,4

чешендер

-

-

-




-

-

-

-

1480

0,2

1701

0,2

2194

0,2

2304

0,2

2182

0,2

гректер

-

-

-




104

-

-

-

1949

0,2

2405

0,2

2500

0,2

1545

0,1

1221

0,1

басқа ұлттар

268

1,2

1410

3,1

2702

1,2

26660

5,8

10696

1,4

13736

1,4

17669

1,6

17380

1,5

19199

1,4

ұлтын көрсетпегендер

5

-

-

-

30

-

-




-

-

4

-

12

-

-

-

-

-

Первая Всеобщая перепись населения Российской империи 1897 г. LXXXY. Семиреченская область. 1905. с. 52-53 (-130 с.); Всесоюзная перепись населения 1926 г. Т. УШ, КазАССР, КирАССР. Отдел 1. Народность. Родной язык. Возраст. Грамотность. М.:ЦСУ СССР, 1928, с.148-149 (-256 с.); Итоги Всесоюзной переписи 1959 года КазССР. М., 1962, с. 172-173; Итоги переписи населения 1999 года по г. Алматы. Том 1. Алматы, 2001, с. 8-10; 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Том 2. Астана 2011. 4-5 бб.


ОМАРОВА Г.А.

Магистрант 2 курса Института истории и этнологии

им. Ч.Ч. Валиханова
ДЕМОГРАФИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ НАСЕЛЕНИЯ г. АЛМАТЫ
Резюме

В статье рассматривается демографическое развитие населения г. Алматы конца ХІХ-начало ХХІ века. Автор, опираясь на материалы переписей, анализирует динамику, социальный и национальный состав населения города Алматы.



Ключевые слова: Алматы, демография, перепись, мегаполис, миграция, национальный состав, динамика, социальный состав.

OMAROVA G.A.

Ch.Ch.Valikhanov Institute of History and Ethnology

2-nd Course Master Student
DEMOGRAPHIC DEVELOPMENT OF ALMATY POPULATION
Summary

The article examines the demographic development of Almaty population (late XIX – early XXI centuries). The author based on census materials analyzes the dynamic, social and ethnic composition of the Almaty population.



Keywords: Almaty, demography, census, megalopolis, migration, ethnic composition, dynamics, social composition.
жүктеу 144 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау