102
ӘОЖ 130.2(574)
ҚАЙРАТОВА А.Қ., АХМЕТЖАНОВА К.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ
КӨРІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әлем елдерінің ықпалдасу үрдісі күшейген сайын экономикалық, саяси, ақпараттық
салалармен қатар, мәдениет те өзгеріске ұшырауда. Сауда, туризм, ғалымдар мен өнер
қайраткерлерінің халықаралық диалогы, білікті мамандардың ұтқырлығы, миграция көптеген
елдерде өзге мәдениет өкілдерінің өмір сүруіне, еркін қозғалысына әкелді. Бұл
мультимәдениетті қоғамды тудыруда. Мультимәдениеттілік жаңа мәдениеттанулық
концепция ретінде еркіндік, толеранттылық, дискриминацияға ұшыратпау және
мәдениаралық сұхбат принциптері негізінде құрылған полиэтникалық қоғамның ерекше
түсінігін білдіреді. Мультимәдениетті қоғам – тегі, ұлты, тілі мен діні әртүрлі адамдар өмір
сүретін қоғам. Адам бойында мәдениаралық компетенцияларды қалыптастыру
мультимәдениетті қоғамда сұхбат орнатуға мүмкіндік туғызады, үдемелі жаһандану
шартында ортақ өмір сүруді үйрету үдерісінде маңызды рөл атқарып, сөйтіп қоғамның
мәдени фрагменттеуі және шиеленістер тәуекелін төмендетеді. Шынтуайтына келгенде, олар
ассимиляцияға емес, өзге мәдениетке қатысты сыйластық және төзімділік танытуға
талпынады. Сәйкесінше, толеранттылықты қажет етеді. Толеранттылық – өркениет
дамуының ажырамас шарты.Латын тілінен аударғанда «төзімділік» деп аударылып жүрген
бұл ұғымды түсіндіруде қарама-қайшылықтар көп.В.И.Дальдің сөздігінде «төзімділік» сөзі
«тек аяушылықтан ғана» әлдекімге немесе әлденеге төзу қабілеті, қасиет ретінде
түсіндіріледі [1]. Қазіргі сөздіктердің де көбі осы түсіндірмені ұсынады. А.М.Прохоровтың
«Энциклопедиялық сөздігінде» «толеранттылық» «...өзге пікірлерге, діни сенімге, мінез-
құлыққа төзушілік» ретінде түсіндіріледі [2].
Әртүрлі халықтардың, ұлттардың және діндердің ерекшеліктерін ескеруге келгенде,
толеранттылықтың мәні зор. Ол – өз-өзіне және өз ұстанымдарының беріктігіне сенімділіктің
белгісі, өзге көзқарастармен салыстырудан қорықпайтын және рухани бәсекелестіктен
қашпайтын, барлығы үшін ашық идеялық ағымның белгісі. Төзімділікке берілген
анықтамалардың ішіндегі ең толыққанды ұсынылғаны – А.А. Гусейнов және И.С. Конның
этика жөніндегі сөздігінде берілген түсіндірме: «Төзімділік – өзге адамдардың мүдделеріне,
нанымдарына, діни сенімдеріне, әдеттеріне және мінез-құлықтарына деген қатынасты
сипаттайтын моральдық қасиет. Өзара түсіністікке, қысым көрсетпей, тек түсіндіру және
көндіру тәсілдері арқылы ғана әртүрлі мүдделер мен көзқарастардың келісуіне жетуге
ұмтылыста танылады…» [3]. Бұл анықтама толеранттылық шеңберін тарылтпайды, оның тек
өзге ұлт, ұлыс және дін өкіліне қатысты ғана емес екендігін көрсетеді және тұлғаның
моралдық қасиетін айрықшалайды.
ЮНЕСКО «толеранттылық» ұғымын халықаралық терминге айналдырды. ЮНЕСКО
бас конференциясы қабылдаған төзімділік принциптерінің Декларациясында төзімділік үшін
келесі сипаттамалар айқындалады:
1. Әлем мәдениеттерінің, өз-өзіне деген сыйластық пен адами жекешелікті таныту
формаларының саналуандығын құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіне білу;
2. Саналуандықтағы бірлік;
3. Бейбітшілікке жету, жеке мәдениеттен әлем мәдениетіне өту;
4. Адамның әмбебеап құқықтары мен бостандығын мойындау негізінде қалыптасатын
белсенді қарым-қатынас, адам құқықтарын, плюрализмді, демократия мен құқық үстемдігін
бекітуге ықпалдасу міндеті [4].
Толеранттылық – индивидтің, топтың, жалпы қоғамның биік рухани және зияткерлік
дамуының белгісі. Ол ХХІ ғасырдың адамзат алдына қойған гуманитарлық міндеттеріне
толығымен сай келеді. Түрлі адамды түрліше қабылдау қажет, олардың әдет-ғұрпын,
103
дәстүрлерін, мінез-құлық ерекшеліктерін ескеру шарт. Алайда, шынайы өмірде әдеттегі
санада белгілі бір топ адамдарына қатысты негативті қарым-қатынас қалыптасады, агрессия
орын алады. Толеранттылықтың пайда болуы мен дамуына білім, ашықтық, қарым-қатынас
және ой, ар-ұждан мен сенім еркіндігі әсер етеді. Толеранттылық – алуантүрліліктегі
үйлесімділік. Ол – дүниетанымы, құндылық бағыттары, мінез-құлықтары бір-бірінен
ерекшеленетін адамдардың, топтардың арасындағы гуманистік қарым-қатынасқа жетуге
бағытталған саналы жеке әрекет етудің дайындығы. Толеранттылық – ықпалдасқан қасиет.
Егер ол қалыптасқан болса, онда барлық өмірлік жағдайларда және кез келген адамға
қатысты көрініс береді. Сондай-ақ, тәжірибе көрсеткендей, адам жақындарына, таныстарына
қатысты толерантты бола отырып, өзге дін немесе ұлт өкілдеріне шыдамсыздық көрсетуі
мүмкін. Осыған байланысты тұлғааралық, әлеуметтік, ұлттық толеранттылық пен діни
төзімділік туралы айтуға болады. Адам құқықтарын сыйлаумен пара-пар түсіндірілетін
толеранттылық әлеуметтік әділетсіздікке төзуді, өз сенімінен бас тартуды немесе өзгенің
сеніміне мойынсұнуды білдірмейді.
Адамзат қоғамы бірыңғай емес, ол түрлі әлеуметтік топтардың, мәдени құндылықтар
мен мүдделердің өкілдеріне толы. Сол себепті, жастардың бойында толеранттылық сана-
сезімді қалыптастыру және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту ХХІ ғасырда өзекті
мәселе ретінде танылуда. Ол түрлі деңгейде, түрлі аспектіде талқылаудың нысанына
айналды және адамдар қарым-қатынасына байланысты мәселелер жиынтығын қамтиды.
Эникааралық және конфессияаралық шиеленістердің өрши түскен бүгінгі кезеңінде
шиеленіске бара бермейтін тұлғаны тәрбиелеу мәселесі бірінші кезекке шығады. Ондай
тұлғаның басты ерекшелігі – толеранттылыққа ие болуында. Алайда, толеранттылық
мәселесінің социомәдени аспектілерін зерттеу оның философиялық, этикалық немесе
психологиялық қырларын зерттеуден қарағанда артта қалуда. Қазіргі зерттеушілер
жұмысында толеранттылықты ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу контексінде қарастыруға
басымдық беріледі. Сонымен қатар, толеранттылық құрылымының, оның социомәдени
тәрбиелеу жұмысындағы рөлінің, бос уақыт шеңберінде жастардың толеранттылығын
қалыптастырудың тәсілдері мен әдістерінің жеткілікті зерттелмеуі көрініс береді. Жастардың
толерантты тұлға ретінде қалыптасуына, ең алдымен, әлеуметтік-педагогикалық жағдай әсер
етеді. Экономика және саясатпен қатар, әлеуметтік-мәдени аймақ та ішкі өмірді, сондай-ақ,
мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін маңызды фактор екендігі күннен-күнге
айқындала түсуде. Бұл орайда, «диалог» және «толеранттылық» ұғымдары барлық тілдерде
және континенттерде бірдей түсіндірілуі керек екендігін ескерген жөн.
Бүгінгі таңда жастардың өзге ұлттарды қабылдау немесе қабылдамауы, адамдар
арасындағы айырмашылықтарға толерантты болуы, сол айырмашылықтарды құрметтеуге
дайын болуы орта, тұлға мен қоғам құндылықтары, тәрбие, адамның туып-өскен елінің ділі
тәрізді көптеген факторларға байланысты. Қазіргі жастар адамдар арасындағы
айырмашылықтарды түсінуге бейім екендігін көреміз, себебі толеранттылық ұстанымдары
өткен ұрпақпен қаланған. Жастар бейсаналы түрде өзге адамды оның ерекшеліктерімен бірге
қабылдайды. Алайда, бұл барлық жастарға тән қасиет емес. Ұлттық, діни, мәдени белгілері
бойынша өз халқының дәстүрлерінен ерекшеленетін адамдарға агрессивті көзқарас
танытады. Осылайша, толеранттылықты үш қырынан қаарастыруға болады:
1. Толеранттылықты құндылық ретінде қарастырып, оның философиясын меңгеру
ретінде;
2. Толерантты сана мәдениеті ретінде;
3. Шынайылыққа қарым-қатынас ретінде.
Әлемде орын алып жатқан бірыңғай емес әлеуметтік-экономикалық және ұлтаралық
үрдістер жастар ортасындағы толеранттылық мәселесін зерттеуді өзекті етуде. Әртүрлі
әлеуметтік топтар мен мәдени дәстүр өкілдерінің арасындағы коммуникацияны қиындататын
– жастардың толеранттылық мәселесіндегі құзіреттілік деңгейлерінің төмендігі. Сол себепті,
жастардың толеранттылық проблемасы туралы ақпараттандырылуы аса қажет.
Зерттеу нәтижесінде, жастардың «толеранттылық» ұғымын түсінуі айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |