108
қарайды. Батыста —Түркістанмен, Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана уалайатынымен,
Турфанмен шектеледі».
Хайдар Дулатидін бабалары кезінде осы елдін тарихында үлкен рөл атқарып, биік
мансапқа ие болған Жетісу мен Қашғарды мекендеген дулат тайпасының белгілі бектері еді.
Олардық Моғолстан тағына өз адамдарын отырғызған сәттері де болған. Қалың қол
басқарып, ерлік көрсеткеніне риза болган хан әулеті Шағатай тұсында-ақ ғалым бабаларына
Маңлай Сүбе деп аталған осы күнгі Қашқар жерін сыйға тартқан. Олар онда жеке патшалық
құрды. Бірақ тақ үшін таласта Дулат тайпасы да өзгелер секілді өзара тартысқатүскен. Соның
салдарынан Қашқарияны ғалымның Мұхаммед Хайдар ныспылы аттас бабасынан Әбу Бәкір
Дулати деген тағы бір атасы 1480 жылы тартып алып, Ақсақ Темір ұрпақтары билеп тұрган
Орта Азияға кетуге мәжбүр еткен.
Бірақ жаңа мекенінде де ғалым бабасының тыныш өмірі ұзаққа созыла қоймаған.
Жошы ханнын батыс Сібірді мекен еткен кіші ұлы Шайбанидің әулеті Ақсақ Темір
ұрпақтары арасындағы алаусыздықты пайдаланып, олардың жерлерін тартып алуға
әрекеттене бастаған. Бұл іс Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан (1412—1468)
тұсында басталғанымен, оны ханның немересі Мұхаммед Шайбани ғана жүзеге асыра алды.
XV ғасырдың соңына таман Дешті Қыпшақ елінің басын кұрап, үлкен күшке айналдырған
ол, енді ат басын Мәуеранахрға қарай бұрды. Бұл ретте Ашанас, Сығанақ,Өзкент, Аққорған,
Қыпшақ, Сауран секілді Сырбойы қалалары мен қоныстарын өздеріне бағындырған көшпелі
өзбектерге тақ үшін таласып қырық пышақ болған Темір әулеті жөнді тойтарыс бере алмады.
Орта Азияға бірнеше бағытпен сыналап енген шайбандықтар бірте-бірте Ташкентке
жақындай түсті.
Мухаммед Хайдар 1499 жылдың осындай қиын-қыстау күндерінің бірінде Ташкент
қаласында Мұхаммед Хусайын Дулатидің отбасында дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын
ұлына жоғарыда айтылғандай өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын берген. Өйткені
Әбу Бәкір Дулати Қашқариядан қуып жіберген Мухаммед Хайдар Дудати ол кезде тірілер
санатында жоқ еді.Хайдар мырзаның әкесі Мухаммед Хұсайын да жастайынан билікке
араласқан. Оның үстіне есейіп, оңы мен солын таныған кезде Моғолстанның
билеушісі Шағатай ханның ұрпағы Жүніс ханның (1415-1487) кіші қызы Хуб Нигар ханымға
үйленеді.
Хайдар мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін көп тартқан, 1501
жылы ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Ол жайлы Бабыр өзінің атақты,
«Бабырнамасында»: «Менің шешемнің сіңлісі Хуб Нигар ханым жарық дүниемен
қоштасыпты, оны анамыз екеумізге Ұратөбеде естіртті»-дейді.Бабырдың әкесі Омар Шейх
Ферғана уалайатының билеушісі болатын. Сырдарияның жағасына орналаскан астанасы
Ахсикентте 39 жасында «жардан үшып жан тәсілім еткен соң», оның иелігіндегі жерлерді
Шайбани хан басып ала бастайды.
Балалық шағының өзінде-ақ өліспей беріспес айқас, тақ үшін таластың талайын көрген
Хайдарды ешқандай да соғыс, ешқандай да майдан шошыта алмаған еді. Кабулға келген соң
ол Бабырмен бірге талай жорықтарға қатысып, жас та болса «етікпенен саз кешіп,
ауыздықпен су ішкен» күндер мен түндерді өткізді. Әкесі өлгеннен кейін, Мырза Хайдар
Кабулға 1509-1512 жылдар аралығында келіп, Бабыр сарайында тұрақтайды. 1512 жылы
Мырза Хайдардың нағашы ағасы, Моғолстан ханы Сұлтан Саидхан Бабыр патшадан Мырза
Хайдарды өз қолына алады.
Сұлтан Саид хан 1533 жылы қайтыс болды. Оның ұлы Әбдірашид хан таққа отырғанда,
дулат әмірлерін мемлекеттік істерден шеттете бастады. Бұл кезде Тибетте соғыс жорығында
болған Мырза Хайдар бұдан хабардар болып, Моғолстанға қайтып оралуға батылы бармай,
біраз уақыт Бадахшанда жүрді. Содан ол жерден Лаһурға, Бабырдың ұлы Камран Мырза
хұзырына, 1539 жылында Аграға, Һомаюн қызметіне кірді. Оның Ширханмен жүргізген
шайқасына кездейсоқ тап болып, қатысуына тура келді. Содан кейін Камран мырзаның
құптауымен Кашмирді жаулап алып, сонда билік құрды. Ақырында 1551 жылы беймәлім
кісілер тарапынан ұйымдастырылған қастандық нәтижесінде мерт болды.
109
«Тарихи Рашиди» ұзақ жылдар бойы колжазба күйінде калып келгендігіне қарамастан,
тарихи деректердің нақтылығы, дәйектілігі, айқындылығы мен шынайылығына орай Үнді,
Пәкістан, Ауғанстан, Иран һәм Орта Азияның ғана емес, сондай-ақ Ресей, Еуропа елдері
ғалымдарының назарында аударумен келеді.
Шоқан Уалиханов Хайдар мырза еңбегін зерделей оқып, құрметпен қараса,
В.В.Вельяминов-Зернов Хайдар мырзанын қазақтар туралы деректеріне қатты мән бере келе:
«Мұхаммед Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік — жаңалық және мейлінше
қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да үйлесімді және жауапкершілігімен
ерекшеленеді»,-дейді. Әрі ол бабамыздың жазбаларын өз зерттеулеріне молынан
пайдаланған. Орта Азия мен Қазақстан тарихын кеңінен зерттеген В.В.Бартольд те Хайдар
мырзаның еңбегіне зор мән берген. Кеңес дәуірінде «Тарихи Рашиди» жайлы әр жылдары
Ә.X.Марғұлан, Н.Н.Мингулов, Т.И.Сұлтанов, Б.Қожабеков, өзбек оқымыстыларынан
Р.Г.Мукминов,С.Ә.Әзімжанова, X.Хасанова және тағы басқалардың үлкенді-кішілі
зерттеулері жарияланды. Әлкей Марғұлан Хайдар мырзаны казақтың тұңғыш тарихшысы
деп атаған. «Тарихи Рашидидің» кейбір үзінділері ағылшын, орыс қазақ тілдеріне аударылып
жарияланған.
Мухаммед Хайдар Дулатиді бiз негізінен тарихшы ретінде танып, бағалап келдік.
Солай бола тұрса да, оның ақын болғанығы жайлы айтылғанымен, поэзиясы жайлы
ешқандай нақтылы деректер жоқ.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жылдардың бірінде башқұрт ғалымы Ахмет Заки
Уәлиди бірде Берлин кітапханасының қолжазба қорынан Хайдар мырзаның жоғалдыға
саналған «Жиһан наме» атты дастанын кездестірген. Оқи, зерделей келе ол дүниенің
шынында да Хайдар мырза қаламынан туғанына көзі жетеді.
Молла Умар ибн Молла-Қажы деген кісі 1814 жылы көшірген «Жиһан наме» дастаны
125 беттен тұрады. Поэмада Шahcayap патшамен Жиһанбану ханымның Фирузшаһ атты
жалғыз ұлы бірде түсінде елі мен жері түгілі тегі де белгісіз бір сұлуға ғашық болады. Жас
шаһзада ол жайлы әкесінің уәзірі Сәлімнің баласы Фирузрейге айтады. Ғашықтық оты
жүрегіне мұң байлаған Фирузшаһ аң аулап көңіл көтеріп жүреді, бірақ ғашығын ұмыта алмай
құса болады.
Ахмет Заки Уәлидің айтуйнша дастанның еш жерінде автордың аты аталмаған. Бірақ ол
«Жиһан. намедегі» «Алғысөз» (2-11-беттер) мен «Соңғы сөзге» (121-125-беттер) қарап
дастанды жазған Хайдар мырза екенін оп-оңай-ақ білуге болады дейді. Өйткені онда
дастанның жазылған жылы мен дүниеге келуі жайлы айтылған екен. «Соған қарағанда,—
дейді Ахмет Заки Уәлиди,-дастанды жазған Хайдар мырзадан баска ешкім де емес. Дастанға
«Жиһан наме» деп ат берген де Хайдар мырзаның нақ өзі, әрі оны ол 1533 жылы аяқтаған.
«Алғы сөз» бен «Соңғы сөзде» Хайдар мырзаның өмірі жайлы да нақтылы деректер
бар. Мысалы ол онда хан екеуінің Әндіжанға, сонан соң қалың қолмен Қашғарға
жасаған жорығы,Әбу Бәкір мырзаны биліктен айырып, тақты тартып алуы, яғни қысқаша
айтқанда, «Тарихи Рашидидегі» өз өмірі жайлы деректерді мұнда тағы да қайталаған.
Сондай-ақ ол Жаркентке Бадахшанның арнаулы өкілдері келіп, елдің аласапыран күйге
ұшырағанын, егер хан бір әрекет жасамаса, өздері өзбектердің тепкісіне түсетіні туралы
айтқанын еске алады.
Хан олардың өтінішін құп алып, көп әскермен Бадахшанға аттанады. Алдыңғы
шептегілерге Хайдар мырзаны басшы етеді. Автор "Бадахшанға қелген соң мұнда өзінің 19
жыл бұрын болғанын, бірақ қазір ескі достарынан ешкімді кездестірмегенін айтады. Сөйткен
олар Бадахшанның бас қаласы Қали-и-Зафар-ды («Жеңіс қаласын») үш ай бойы
қоршағанымен, ала алмайды. Осында өткен ұйқысыз түндері ол «Жиһан наме» дастанын
туындатыпты.
«Соңғы сөздегі» 124-бетте ол дастанына өз басынан өткізген жайттарды да кіргізгені
жайлы айтқан, яғни ондағы патшаның мемлекет ісін тастап, торығуға түсуі, ақыры тақтан
бастартып, оны баласына беруге мәжбүр болуы, соңынан жапан түзге кеткені туралы
баяндаған тұстары шын мәнінде өмірден алынған. Осы ретте айта кетер жайт – Сайд хан
Достарыңызбен бөлісу: |