256
Аурудан толығымен айығу үшін жаттығуға қосымша суда жүзіп, арқаға, белге массаж
жасату керек. Мұның бәрі қан айналымды жақсартып, ағзада зат алмасу процесін
жақсартады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 . Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология 3- ші басылым. Алматы ,2007
2 . Ахметов Ж.Б. Патологиялық фихиология 1 том. Алматы; Эверо, 2015
3 . Ахметов Ж. Б. Патологиялық анатомия; 2 – ші басылым. Алматы, 2009
4 . Струков А. И , Серов В. В. Патологическая анатомия 5-е изд.стер – М.Литтерра 2010
ӘОЖ 159.922.8
ГУБАЙДУЛЛИНА Г.Н., ЕСКЕНДІРОВА Ж.А.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ЖАСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жастарды ерекше топқа, ерекше әлеуметтік категорияға бөлу адамзаттың мәдени-
тарихи дамуының нәтижесі болып табылатындығы белгілі. Осы орайда, біз адамзат
тарихының дереккөздеріне үңіліп, нақты жас тобын қоғам қалай және неліктен ерекше топ
ретінде бөліп көрсеткендігін түсінуге тиіспіз. Олай болса, алдымен адамзат эволюциясының
бастауларына шолу жасап, экономикалық-мәдени даму сатылары арқылы жастардың
даралануының әлеуметтік келбетін ашып алу қажеттігі туындайды.
Егер де адамның өмірлік циклінің жеңілдетілген кезеңдеріне тоқталсақ, қазіргі дәуірде
жас ерекшелік категориясын былайша бөліп көрсетуге болады: 1) сәбилік; 2) балалық шақ,
бұған мектепке дейінгі жас пен төменгі мектеп жасы кіреді; 3) ересектікке бетбұрыс немесе
жасөспірімдік жас; 4) жастық шақ; 5) кемелдену; 6) қарттық. Психолог-педагог мамандар
осы категориялардың әрқайсысының өзіндік кезеңдерін әр түрлі деңгейде бөліп көрсетеді.
Қазіргі кезде, «жастар» категориясына, негізінен, кейінгі жасөспірімдік жас (пубертатты жас
деп аталады) пен жастық шақ жатады. Кейбір зерттеушілер ересектік өмірдің де бастапқы
бірнеше жасын қамтиды. Мысалы, Л.Ю. Зайниеваның пікірінше: «Қазіргі кезде «жастар»
ұғымының жас аралықтары әрдайым, Біріккен Ұлттар Ұйымының (15-24 жас)
анықтамасымен сәйкес келе бермейді және негізінен, 13-14 жастан 29-30 жасқа дейінгі
аралықты қамтиды» [42, 11-б.]. Ал қазақ қоғамында дәстүрлі таным-түсініктерде жас
ерекшеліктердің өзіндік ерекшеліктері сақталады.
Бірақ, жастар феноменінің физиологиялық жас шеңберін анықтау – жартылай ғана
біткен іс болмақ. Келесі кезекте осы феноменге анықтама беру қажет. Әрине, тұтас