Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет129/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   187

262 
 
көрсетеді.  Баскетбол,  спорт  ойындарының  бір  түрі  ретінде  барлық  оқу  орындарының 
бағдарламасына  кіреді.  Арнаулы  оқу  орындарының  студенттері  бұл  кезеңде  баскетбол 
ойынын  ойнап,  белгілі  деңгейде  дайындықпен  келді  деп  есептеледі.  Сондықтан  бұл 
оқушылар  оқу  процесінде  ойынның  негізгі  айла-тәсілдері,  тыныс  алу  және  ойын  жүйесін 
біледі, жарысқа да қатыса алады.  
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, 
адамағза  жүйесінде  және  ішкі  қүрылыстарына  жақсы  әсер  алады.  Балалар  және  үлкендер 
қажетті  дағдыларды  имдене  отырып,  өз  бетінше  үнемі  дене  шынықтыруды  жетілдіруге, 
денсаулықты сақтауға, көңіл күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. http://bilimsite.kz/dene/8320-sporttyk-oyyn-basketbol.html 
2.https://szh.kz/student/2514/voleybolshylardynh-oqu-zhattyghular-pro/ 
3.С.Тайжанов, А.Қарақов «Дене тәрбиесі 3». Алматы , «Эверо» 2010ж. Б.184-194. 
4. Еркін Уаңбаев «Дене тәрбиесінің негіздері» .Алматы-1999 ж: Атамұра. Б. 56-  65  
 
 
ӘОЖ 613.7:37:01 
ЖАҚСЫБАЕВ Ш.Т., УАНБАЕВ Е.Қ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА БАУЛУДЫҢ  
ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ 
 
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет 
басшысы  алға  қойған  міндетті  жүзеге  асыруда  халықтың  денсаулығы  ең  маңызды  мәселе 
болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай,өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және 
адам  экологиясының  қолайсыздығы  бүкіл  өркениетті  әлем  үшін  көкейтесті  мәселе  болып 
отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен « Қазақстан-2030 » бағдарламасында салауатты өмір 
салтын  ұстану  мемлекеттік  манызды  бар  мәселелермен  тең  дәрежеде  екендігі  баса 
көрсетілген. 
Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, 
өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. 
Салауаттылық  –  ішкіліктен,  есірткі,  темекіден  аулақ  болу,  дене  және  жан  тазалығын 
сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі 
іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді. 
Жасөспірімдердің  салауаттылық  өмірге  ұмтылысы,  зиянды  әдеттерді  жек  көрушілігі 
олардың  өзге  адамдармен  қарым-қатынасына  яғни  әлеуметтік  ортаға  тығыз  байланысты. 
Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген 
маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. [1]  
Бүгінгі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігі 
азаматтардың рухани деңгейінің төмендігінде және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың 
кең  өрістеуіне  себепкер  болып  отыр.  Жастар  денсаулығының  нашарлауы,  олардың 
ағзаларының  ауруға  қарсы  тұру  қабілетінің  әлсіздігі  ,  азып-тозуы,  тез  шаршағыштығы, 
өмірінің қысқа болуы  – осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар 
арасында тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары екендігі даусыз.  
Жастары  әлсіз,  денсаулығы  нашар,  білімсіз,  зиянды  әдеттерге  әуес,  жалқау,  тәрбиесіз 
болса  ол  мемлекет  қашанда  әлсіз,  қорғансыз.  Жастар  –  біздің  болашағымыз.  Ал  бізге 
болашағымыздың  айбындылығы  мен  жарқындылығы  қажет.  Келешегінен  үміт  күткізіп 
отырған бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері. 
Салауатты  өмір  салты  –  адам  үшін  аса  маңызды,  денсаулықпен  тікелей  байланысты 
құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. 
Қоғамның  болашағы  әрбір  адам  денсаулығына  байланысты.  Денсаулыққа  тек  дененің 
сыртқы  бүтіндігі  ғана  деп  қарау  ағаттық,  жалпы  алғанда  оны  организмнің  жан-жақты 


263 
 
дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. 
Денсаулықтың  мықты  болуы  үшін  қандай  әдістерді  қолдануды,жақсы  жұмыс 
хәлін,күнделікті  тұрмыс  қиындықтарын  жеңуі,белсенді  өмір  сүру  жағдайларын  білу  қажет. 
Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін,оның қыр-сырын білу басты 
міндет.  Қай  заманда  болсын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат,міндеттердің  ең  бастысы 
өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.  
Дене  тәрбиесімен  айналысатын  адам  өзін  әрқашан  сергек  сезінеді.Ал  сергек  адамның 
өмірге  көзқарасы  ерекше.Спорт  қайратты  қажет  етіп,өмірге  құштарлықты  арттырады. 
Яғни,өмірді сүйіп өмірді қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спорт және 
дене  тәрбиесі  жүйесіндегі  өзекті  мәселелер  бүгінгі  келеңсіз  тенденциялармен  анықталады. 
Оларға  біздің  Республикамыздағы  балалар  ауруларының  көбеюі,  балалар  және  жасөспірім- 
дерге арналған спорт мектептерімен бұқаралық дене шынықтыру жұмысын қаржыландыру- 
дың азаюы,дене тәрбиесінен оқушылар дайындығы деңгейлері нашарлауы,т.б.жатады.[2] 
Қазақстанның  егеменді  ел  болуына  байланысты  болып  жатқан  өзгерістер,  еліміздің 
әлемдік  қауымдастыққа  енуі,  әлемдік  білім  кеңістігінде  өз  орнын  алуға  тиістілігі  –  сапалы 
білімді,  салауатты өмір  салтын өз бойына орнықтырған, шығармашылық  қабілеті  мол жеке 
тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жұмыс,  оқушы  мен  жұмыстар  тәрбиесіне,  қоғамдағы 
дене тәрбиесі мен спортқа деген көзқарасқа байланысты. 
Дене  жаттығуларының  сауықтыру  тиімділігі  бар  екендігі  анық.  Қазіргі  уақытта  дене 
жаттығуларының  сауықтыру  тиімділігін  негіздеу  екі  бағытта  жүргізіледі.  Бір  жағдайда 
ағзаның  тіршілікті  қамтамасыз  ететін  негізгі  жүйелерінің  функционалдық  мүмкіндіктерінің 
деңгейін  арттыру  мақсатымен  дене  жүктемелерін  ұзақ  уақыт  пайдалану  мүмкіндіктері 
қарастырылады. Екінші жағдай – өндірістік жұмыстардың жағымсыз жерлерінің ағзаға әсер 
етуінен  сақтандырумен  байланысты.  Сонымен  бірге,  сауықтырылудың    фармокологиялық 
емес  құралдарының  тұрғындардың  қызығушылығының  артуы  аясында  бұқаралық  дене 
шынықтырудың педагогикалық тұрғыдан жеткіліксіз қамтылуы байқалады.  
Салауатты  өмір  салтына  деген  сенімді  және  тұрақты  көзқарасты  жастарды  қалыптастыру 
мен зиянды  әдеттерге қарсы тұруға қабілетті, қылмысты  болдырмаудың  әзір  толық  бағаланбай 
жүрген ең оңтайлы  және тиімді саласы дене шынықтырумен спорт болып табылады. [3] 
Адам  денсаулығы  үшін  күрестегі  медицинаның  орасан  зор  маңызын  төмендетпей-ақ, 
бірінші кезекте дене тәрбиесі, спорт, туризм құралдарымен  түрліше сауықтыру шараларын 
жүргізу  арқылы  науқастардың  алдын  алуға  болады.  Салауатты  өмір  салты,дененің 
белсенділігі адамның басты байлығы – мықты денсаулықтың 50-55% кепілі. 
Дене тәрбиесі, спорт, туризм адамзат пен әлемнің құнды бағалықтарының бірі ретінде 
адаммен тұтас қоғамның өмір салтының мәдениеті есебінде көрінеді ол саяси, адамгершілік, 
дүниені  тани  білу  мәдениеті  секілді  жалпы  мәдени  тұрмыстың  өзгеде  деңгейлері  үшін 
алғышарт болып есептеледі. 
Қорытындылай келе: 
Салауаттылық  дегеніміз  ішкіліктен,  есірткі,  темекіден  аулақ  болу,  дене  және  жан 
тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі 
де кіретін игі іс-әрекет.      
Жастары  әлсіз,  денсаулығы  нашар,  білімсіз,  зиянды  әдеттерге  әуес,  жалқау,  тәрбиесіз 
болса  ол  мемлекет  қашанда  әлсіз,  қорғансыз.  Сондықтан  ұлттық  білім  моделінің  құрамдас 
бір бөлігі  – спорт болмақ. Салауатты өмір  салтына деген  сенімді  және тұрақты көзқарасты 
жастарды  қалыптастыру  мен  зиянды  әдеттерге  қарсы  тұруға  қабілетті,  қылмысты 
болдырмаудың    әзір  толық  бағаланбай  жүрген  ең  оңтайлы    және  тиімді  саласы  дене 
шынықтырумен спорт болып табылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. С.Тайжанов, А.Қарақов Дене тәрбиесі 3-том,Алматы, «Эверо» 2010. Б. 271-289 
2. С.Тайжанов, А.Қарақов Дене тәрбиесі 4-том,Алматы, «Эверо» 2010. Б.234-243 
3. https://kk.wikipedia.org 
4. Bilimsite.kz 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау