«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
6
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС МАТЕРИАЛДАРЫ
УДК 37.08
ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ АУЫСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
А.Х.Хайржанова
1
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аңдатпа Мақала білім беру жүйесіндегі көптілділік туралы және
көптілді білім беруде тілді терең меңгерген болашақ мамандарды
дайындау мәселелері
қарастырылған.
Кілт сөзі: көптілділік, коммуникативті құзіреттілік
Қазақстан республикасының жаһандау кезеңіндегі ең маңызды
мәселелерінің бірі-үштілділік.Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге
және Болон бастамасының мүмкіндігін жоғарлату, академиялық ұтқырлық
пе білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да көптілді білім
беру жүйесін құру білім беру саласының бәсекеге қабілетті
факторларының бірі болып табылады.
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін –
мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде
және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші
тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек»-депЕлбасы
Н.Ә.Назарбаев отандық білім беру ісіне жоғары талап межесін қойды.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі
жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік
тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын.
Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы
бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде
Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып
отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті
тұр.
Қазақстан мектебінің түлектері еш қиындықсыз шет мемлекеттерде
жоғары оқу орандарын жалғастыру үшін бәсекеге қабілетті, жоғары
сапалы біліммен қарулануы тиіс. Біздің маңызды стратегиялық
мақсатымыз: біріншіден, Қазақстан білім беру ісінің озық дәстүрін
1
Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология
ғылымдарының кандидаты
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
7
жалғастыру, екіншіден түлектерді халықаралық біліктілік сапамен
қамтамасыз ету, лингвистикалық сананы жетілдіру негізінде мемлекеттік
және шет тілін меңгерулерін қамтамасыз ету.
Білім беру жүйесін жаңартудың басты бағыты көптілді педагогикалық
кадрларды даярлау мәселесі біздің уеиверситеттің де Стратегиялық басым
бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын
жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының 2015-2020
жылдарға білімді өркендету» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Атырау
университеті Қазақстанның 20 жоғары оқу орындары қатарында көптілді
білім берудің алаңы ретінде енді және қазіргі заманға сәйкес көптілді
білім беру мақсатында әр түрлі шаралар қолға алынды.
Бүгінгі таңда осы жұмысты жолға қоюда елеулі істер жүзеге асуда.
Атап айтсақ:
Көптілді білім бағдарламасын іске асыру үшін мамандық бойынша
оқу-жұмыс жоспары құрастырылды;
Ағылшын тілінде
өтетін пәндер тізімі анықталды;
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен арнайы пән бойынша жұмыс
көлемі (кредит саны және жалпы пәндер саны) есептелінді;
Білім алушыларға шет тілін үйрену әрі дамыту үшін курстар,
үйірмелер ұйымдастырылды және одан әрі жетілдіріп, жалғастыру
жоспарланып отыр;
Кафедралардың көптілі топтарына жүргізілетін қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде, ағылшын тілінде өтетін пәндердің оқу-әдістемелік
кешендері құрастырылды.
Көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағыағылшын тілі
пәні бойынша және мамандық бойынша ағылышн тілінде оқылатын
пәндер тізбесі мен кредит көлімі кафедрада және УОӘК талқыланып, оқу-
әдістемелік құралдар қайта қарастырылады.
Көптілді білім беру үдерісі Х.Досмухамедов атындағы Атырау
мемелекттік университетінде 2017-2018оқу жылында педагогикалық
мамандықтар бойынша 8 бакалавриат бойынша
282 студент,
педагогикалық емес мамандықтар 4бакалавриат бойынша
112 студент
білім алса, 2018-2019 оқу жылында 21 мамандық студенттері көптілді
білім бағдарлмасы бойынша білім алуда.
Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланып, сөйлеу
әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативті құзіреттілікті
дамытып қалыптастыру бағытында үлкен жұмыстар жүргізілді.
Сабақтарда студенттердің тіл меңгеруде жақсы жетістіктері байқалды.
Сонымен бірге, сабақтардың EOS базасында өтілуі де студенттер үшін тіл
үйреніп, меңгеріп, дамытуда үлкен септігін тигізді.
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
8
Ағылшын тілі пәні бойынша ғылыми кеңес шешімімен 1 курста 1
семестрінде 6 кредит, 2 семестрде 3 кредит, және 3 семетрде 3 кредит 4
семестрде 2 кредит бөлінді, яғни жалпы ағылшын тіліне бөлінген
кредит
саны-14.-
630 сағат
Мамандықтар бойынша ағылшын тілінде жүргізілетін пәндер
5B011300-Биология
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» - 3 кредит,
Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы - 3 кредит
Зоология - 3 кредит
Жалпы 9 кредит
5В011000 – Физика 9 кредит
«Электродинамика және АСТ» - 2 кредит,
«Мектептегі физикалық эксперимент техникасы» -3 кредит,
«Ядро және конденсорлы орталар физикасы» 4- кредит.
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» - 3 кредит,
«Жазғы тіл үйрену практикасы» - 2 кредит,
«Механика» - 3 кредит.
Жалпы 15 кредит
5В011200-Химия
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» - 3 кредит,
Ағылшын тілі C1, C2 -3 кредит
Physical and colloid chemistry-3кредит
Organicchemistry -4 кредит
Common Chemical Engineering and chemical reactor- 3кредит
Chemistry of elements- 2 кредит
Жалпы 18 кредит
Көптіліді топтарда білім алушылардың тілдік дағдысының басты
бағыттары:
1.
Қосымша ағылшын тілін оқыту. Типтік бағдарлама бойынша
ағылшын тілі 270 сағат жоспарланған, университеттің өз қаражатынан
тағы да 270 сағат қосымша оқытылады.
2.
Ағылшын тілінде мамандықтар бойынша арнайы пәндерді оқыту.
3.
Аудиториядан тыс шаралар(«English Thursday»,«Ынтымақ»
қоғамдық бірлестігінің көмегімен өтетін тілдік курстар, ағылшын тілінде
өткізілетін қойылымдар, олимпиадалар және
сайыстар, тренингтер)
4.
Студенттің бос уақыты( кино(кинотеатр,EOS) театр, клуб,
экскурсия, дебат)
2017-2018 оқу жылында қабылданған студенттедің тіл білімін
сараптағанда В1/2 деңгейде тек 10-ы, А2 деңгейде 100 - ге жуық студент
қана ағылшын тілінен деңгейлерін көрсетті.
Бұл студенттерге 1 курс бойы 405 сағатпен ағылшын тілі оқытылды,
олардың тілдік көрсеткіші В1 деңгейге жетті. 2 курста бұл білім