Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет3/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

 
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС МАТЕРИАЛДАРЫ 
 
УДК 37.08 
ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ  АУЫСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
А.Х.Хайржанова
1
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Аңдатпа   Мақала  білім  беру жүйесіндегі  көптілділік туралы және 
көптілді  білім  беруде  тілді  терең  меңгерген  болашақ  мамандарды 
дайындау   мәселелері  қарастырылған. 
Кілт сөзі: көптілділік, коммуникативті құзіреттілік 
 
Қазақстан  республикасының  жаһандау  кезеңіндегі  ең  маңызды 
мәселелерінің  бірі-үштілділік.Еліміздің  дамыған  30  елдің  қатарына  кіруге 
және Болон бастамасының мүмкіндігін жоғарлату, академиялық ұтқырлық 
пе білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да көптілді білім 
беру  жүйесін  құру  білім  беру  саласының  бәсекеге  қабілетті 
факторларының бірі болып табылады.  
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – 
мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде 
және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші 
тілі  ретінде  еркін  меңгерген  ел  болып  танылуы  керек»-депЕлбасы 
Н.Ә.Назарбаев отандық  білім беру ісіне жоғары талап межесін қойды. 
Елбасы  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  арнайтын  дәстүрлі 
жолдауларында  да  тіл  саясатына,  оның  ішінде  қоғамдағы  мемлекеттік 
тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын. 
Білім  мен  ғылымның,  экономиканың,  бизнестің,  саясаттың,  жалпы 
бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде 
Елбасы  көрегендік  танытып,  алдымызға  үш  тілді  білу  қажеттігін  қойып 
отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақ пен  жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті 
тұр. 
Қазақстан  мектебінің  түлектері  еш  қиындықсыз  шет  мемлекеттерде 
жоғары  оқу  орандарын    жалғастыру  үшін  бәсекеге  қабілетті,  жоғары 
сапалы    біліммен  қарулануы  тиіс.  Біздің  маңызды    стратегиялық 
мақсатымыз:  біріншіден,  Қазақстан  білім  беру  ісінің  озық  дәстүрін 
                                                           
1
 
 
Аударма  ісі  және  шетел  тілдері  кафедрасының  меңгерушісі,  филология 
ғылымдарының кандидаты 
 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

 
жалғастыру,  екіншіден  түлектерді  халықаралық  біліктілік  сапамен 
қамтамасыз  ету,  лингвистикалық  сананы  жетілдіру  негізінде  мемлекеттік 
және шет тілін меңгерулерін қамтамасыз ету.  
Білім беру жүйесін жаңартудың басты бағыты көптілді педагогикалық  
кадрларды даярлау мәселесі біздің уеиверситеттің де Стратегиялық басым 
бағыттарының бірі. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын 
жүзеге  асыру  мақсатында  «Қазақстан  Республикасының    2015-2020 
жылдарға білімді өркендету» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Атырау 
университеті  Қазақстанның  20 жоғары оқу орындары қатарында көптілді 
білім  берудің    алаңы  ретінде    енді  және    қазіргі  заманға  сәйкес  көптілді 
білім беру мақсатында әр түрлі шаралар қолға алынды. 
Бүгінгі  таңда  осы  жұмысты  жолға  қоюда  елеулі  істер  жүзеге  асуда. 
Атап айтсақ: 
  Көптілді білім бағдарламасын  іске асыру үшін  мамандық бойынша 
оқу-жұмыс жоспары құрастырылды; 
  Ағылшын тілінде өтетін пәндер тізімі анықталды;  
  Қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдері    мен  арнайы  пән  бойынша  жұмыс 
көлемі (кредит саны және жалпы пәндер саны) есептелінді; 
  Білім  алушыларға  шет  тілін  үйрену  әрі  дамыту  үшін  курстар, 
үйірмелер  ұйымдастырылды  және  одан  әрі  жетілдіріп,  жалғастыру 
жоспарланып отыр; 
  Кафедралардың  көптілі  топтарына  жүргізілетін  қазақ,  орыс, 
ағылшын  тілдерінде,  ағылшын  тілінде    өтетін  пәндердің  оқу-әдістемелік 
кешендері құрастырылды. 
Көптілді  білім  беру  жүйесі  аясында  білім  саласындағыағылшын  тілі 
пәні  бойынша  және    мамандық  бойынша  ағылышн  тілінде  оқылатын 
пәндер тізбесі мен кредит көлімі кафедрада және УОӘК талқыланып, оқу-
әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. 
Көптілді  білім  беру  үдерісі      Х.Досмухамедов  атындағы      Атырау 
мемелекттік  университетінде  2017-2018оқу  жылында  педагогикалық 
мамандықтар    бойынша  8  бакалавриат  бойынша  282  студент, 
педагогикалық  емес  мамандықтар  4бакалавриат  бойынша  112  студент 
білім  алса,  2018-2019  оқу  жылында  21  мамандық  студенттері  көптілді 
білім бағдарлмасы бойынша білім алуда. 
Ағылшын  тілін  оқытуда  жаңа  технологияларды  пайдаланып,  сөйлеу 
әрекетінің  барлық  түрлері  бойынша  коммуникативті  құзіреттілікті 
дамытып қалыптастыру бағытында үлкен жұмыстар  жүргізілді. 
Сабақтарда студенттердің тіл меңгеруде жақсы жетістіктері байқалды. 
Сонымен бірге, сабақтардың EOS базасында өтілуі де студенттер үшін тіл 
үйреніп, меңгеріп, дамытуда үлкен септігін тигізді. 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

 
Ағылшын  тілі  пәні  бойынша  ғылыми  кеңес  шешімімен  1  курста    1 
семестрінде  6  кредит,  2  семестрде  3  кредит,  және  3  семетрде  3  кредит  4 
семестрде 2 кредит бөлінді, яғни  жалпы  ағылшын тіліне бөлінген кредит 
саны-14.-630 сағат 
Мамандықтар бойынша  ағылшын тілінде жүргізілетін пәндер 
5B011300-Биология  
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» - 3 кредит, 
 Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы - 3 кредит 
 Зоология - 3 кредит  
Жалпы   9 кредит 
5В011000 – Физика 9 кредит 
 «Электродинамика және АСТ» - 2 кредит, 
«Мектептегі физикалық эксперимент техникасы» -3 кредит, 
 «Ядро және конденсорлы орталар физикасы» 4- кредит. 
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» - 3 кредит,  
«Жазғы тіл үйрену практикасы» - 2 кредит,  
«Механика» - 3 кредит. 
Жалпы   15 кредит 
5В011200-Химия  
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» - 3 кредит,  
Ағылшын тілі C1, C2 -3 кредит  
Physical and colloid chemistry-3кредит  
Organicchemistry -4 кредит  
Common Chemical Engineering and chemical reactor- 3кредит 
Chemistry of elements- 2 кредит  
Жалпы   18 кредит 
Көптіліді  топтарда  білім  алушылардың  тілдік  дағдысының  басты 
бағыттары: 
1.  Қосымша  ағылшын  тілін  оқыту.  Типтік  бағдарлама  бойынша 
ағылшын  тілі  270  сағат    жоспарланған,  университеттің  өз  қаражатынан 
тағы да 270 сағат қосымша оқытылады. 
2.  Ағылшын тілінде мамандықтар бойынша арнайы пәндерді оқыту
3.  Аудиториядан  тыс    шаралар(«English  Thursday»,«Ынтымақ» 
қоғамдық  бірлестігінің  көмегімен  өтетін  тілдік  курстар,  ағылшын  тілінде 
өткізілетін қойылымдар, олимпиадалар және сайыстар, тренингтер) 
4.  Студенттің  бос  уақыты(  кино(кинотеатр,EOS)  театр,  клуб, 
экскурсия, дебат) 
2017-2018  оқу  жылында  қабылданған  студенттедің  тіл  білімін 
сараптағанда  В1/2 деңгейде  тек 10-ы, А2  деңгейде 100  -  ге  жуық  студент 
қана ағылшын тілінен деңгейлерін көрсетті.  
Бұл студенттерге 1 курс бойы 405 сағатпен ағылшын тілі оқытылды,  
олардың  тілдік  көрсеткіші    В1  деңгейге  жетті.  2  курста  бұл    білім 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау