«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
14
human self-determination, has no clear time limits, it continues throughout life,
actualizing a personal process under the influence of changes in the conditions
and the content of the professional activity of the person, as well as in the
restructuring of its value-semantic orientations as a result of their natural
development or outside interference. The solution to this problem is possible to
provide only if development based on certain content, methods, techniques
professionlanoy orientation work. Pedagogical support is designed to broaden
and deepen the students the opportunity for self-realization, to help realize his
calling, and the ability to relate inclination with the requirements of the
expected professional activities. The result is a willingness to support a
conscious choice of profession, the success of social self-determination; etc.
Keywords: professional self-determination, choosing a professional career,
socio-pedagogical support
Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған білім
берудің барлық деңгейлерінде үш тілді оқытуды енгізу аясында елдегі
педагогикалық мамандықтарда шет тілін кәсіби бағдарлы оқыту міндеті
қойылды. Осыған байланысты еліміздің жоғары оқу орындарында
студенттерге шет тілін кәсіби бағдарлы оқыту үшін ЖОО оқытушыларын
дайындау және біліктілігін арттырудың тұжырымдамалық тәсілдемесін
әзірлеу қажеттілігі туындады. Сөйтіп, түрлі ЖОО жанынан шет тілін
жетіліру курстары жүргізіліп, біраз ЖОО профессорлық-оқытушылар
құрамы арнайы дайындықтан өтті.
ЖОО-ларда кәсіби бағыттағы ағылшын тілін оқытуды білім
алушыларға әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізудің, өзінің
болашақ кәсіби қызметінде ағылшын тіліндегі деректерді қолдану
дағдысын қалыптастырудың құралы ретінде қарастырған жөн. Осылайша
студенттердің, яғни болашақ мамандардың үздіксіз білім алуын
қамтамасыз ету керек. Бұл міндеттер кәсіби-бағдарлы ағылшын тілін
оқыту арқылы жүзеге аспақ.
Шет тілін кәсіби-бағдарлы бағытта оқыту студенттердің нақты кәсіби,
іскери, ғылыми салалар мен жағдаяттарда кәсіби ойлау ерекшеліктерін
ескере отырып, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай білу қабілетін
дамытуды көздейді. Яғни, студент өзінің болашақ мамандығы
ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, шет тілін меңгереді. Бүгінгі күні
болашақ маманның ағылшын тілін меңгеруінде кәсіби мәтіндерді оқуға
ерекше көңіл бөлінуде. Оқылым әрекеті арқылы студент болашақта өзінің
кәсіби білімін толықтырып, жетілдіріп отырады, сөйтіп, тілдік
қиыншылықтарға, ақпараттық мәдениеттің жетіспеушілігіне ұрынбайды.
Тілді кәсіби бағытта оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – студенттің
коммуникативтік дағдысын дамыту, яғни қарым-қатынас жасау шеберлігін
қалыптастыру. Әсіресе ауызша қатынас жасауға көбірек көңіл бөлінетіні
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
15
белгілі. Кәсіби-бағдарлы бағытта ағылшын тілінде сөйлеу әрекетін
қолдану арқылы болашақ маманның тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтеміз.
Ал бұл әрекетті, ең алдымен, жазбаша мәтіндер арқылы жүзеге асыруға
болады.
Мәтіндер – бұл кез келген тілді үйретудің негізі десек, қателеспейміз.
Әсіресе сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мәтіндердің рөлі ерекше. Пән
мен тілді кіріктіре оқыту – өте күрделі мәселе. Себебі ересек адамдар шет
тілін оқып, өз деңгейін жетілдіруі қиынырақ соғады. Мысалы, өз пәнін
жоғары деңгейде білетін кәсіпқой мамандар шет тілдерін жетік білмеуі
мүмкін. Сондықтан ЖОО мұғалімдері алдында ұлкен талаптар мен
міндеттер тұр. Пән мен тілді кіріктіре оқыту әдістемесімен айналысатын
мұғалімдер әр түрлі сараптамаларды жасауға дайын болуы тиіс: пәннің
мазмұнын, тілін, сабақ берудің және оқытудың үздік тәжірибесін, пәннің,
тілдің және әдістемелік тәсілдің бірігуін, оқу орнында CLIL енгізуді және
т.б.
Көптілді білім беру жағдайында бүкіл бағдарламаны оқыту
барысында пән мен тілді кіріктіре оқытатын мұғалім ие болатын және
осындай мұғалімді дамытатын мақсатты кәсіби құзыреттіліктерді ұсыну
керек: - жеке рефлексия немесе белгілі бір танымдық, әлеуметтік және
эмоциялық дамуға бейілділігі; - пәндік-тілдік оқытудың негіздері немесе
оқытудың ең озық әдістемелерімен байланыс, олардың көмегімен пәндік-
кіріктірілген оқытудың барлық стейкхолдерлерімен сындарлы қарым-
қатынас орнатылады; - тілді игеруге қатысты пәндік және тілдік
құзыреттіліктер, ал тілді тереңдетіп оқыту пәннің мазмұнына байланысты.
Тілдердің өзара тәуелділігін білудің зерттеу тәсілі және танымдық
қабілеттерді дамыту пәндік мазмұн мен тілді үйренуге де ықпал етеді; -
оқыту әдістемесін жетілдіру; - оқыту құзыреттілігін қалыптастыру; -
әріптестермен ынтамақтастық; - толыққанды пәндік оқу тәжірибесін
әзірлеу; - зерттеу және бағалау; - ресурстар және қоршаған кеңістік; -
пәндік мазмұндағы сабақтарында тілді оқытуды студенттердің жаңа
білімдерін жеке тәжірибесімен (тілімен, басқа пәндермен, жеке
тәжірибесімен және қоршаған ортамен) ұштастыра білу дағдыларын
дамыту үшін стратегияларды қолдану; - студенттердің тілдік құзыретін
және тілді меңгеру процесін қолдау; - тіл білімі саласынан теорияларды
тарту. Бұлар көптілді оқыту мұғалімінің мақсатты кәсіби құзыретін ашады.
Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру мазмұнының енгізілуімен
педагогикалық кадрларды даярлауға және түлектердің білім дәрежесіне
қойылатын талаптар түбегейлі өзгеруде. Жұмыс берушілер мамандардан
жаңа кәсіби және жеке қасиеттерін – жүйелі ойлауын, құқықтық,
ақпараттық, байланысқа бейімділік мәдениетін және тілдерді білуін талап
етеді. Көптілді білім беруде педагогтарды даярлаудың шетелдік
тәжірибесін зерделеу қажет. Оқытушылар мен студенттерге оқу үдерісінде
Достарыңызбен бөлісу: |