«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
16
аса маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы
оқу материалдарының, технологиялардың кең ауқымын ұсыну керек.
Аудиториялық және зертханалық сабақтардан басқа студенттер қашықтық
режиміндегі мультимедиялық бағдарламамен өзіндік жұмысқа елеулі
уақыттарын бөледі. Ағылшын тілін үйренудің тереңдетілген курсын
бітіргеннен кейін және өз білімінің деңгейін арттырғаннан кейін
студенттер көптілділікті ескере отырып, оқуын жалғастырады. Екінші
кезеңде студенттер ОӘК мамандықты ескере отырып, әзірленген «Кәсіби
ағылшын тілін» оқиды. Мақсатты негізге ала отырып, ағылшын тіліне
оқыту кәсіби бағыттылықты, пәнаралықты және коммуникативті-іскерлік
тәсілді ескере отырып, құрылады. Осылайша, мысалы, «Өзін-өзі тану»
мұғалімдері «Өзін-өзі тану ағылшын тілінде» пәнін оқиды, физика
мұғалімдері физика және астрономияның негізгі ұғымдарын ағылшын
тілінде оқиды. Кәсіби ағылшын тілі курсын оқу барысында студенттерде
екінші тілді қарым-қатынас құралы ретінде, білімнің түрлі салаларынан
жаңа, өзекті және пайдалы ақпарат алу құралы ретінде пайдаланудың
дағдылары мен біліктері қалыптасады. Кәсіби ағылшын тілі курсын
бітірген соң студенттер қажетті кәсіби лексиканы меңгереді, арнайы
сөздікті қамтитын мәтіндерді оқиды, диалогтік және монологтық сөйлеуі
дамиды, сондай-ақ осы білімдерін одан әрі тәжірибесінде пайдаланады.
Көптілділікті енгізудің соңғы кезеңінде көптілділік ескерілген тәжірибенің
барлық түрлері болуы керек, яғни студенттер өз сабақтарын үш тілде
өткізулері қажет. Студенттер оқыту процесінде таңдаған мамандығы
бойынша үш тілде портфолио жасауы маңызды болып табылады.
Осылайша, бүкіл курс бағдарламасы бойында студенттер үш бағыт
бойынша оқиды: тереңдетілген және кәсіби қазақ тілі, орыс және ағылшын
тілдері. Үштілді білім беру аясында педагогтарды даярлаудың білім беру
бағдарламаларын әзірлеу барысында міндетті түрде тілдік (көптілді),
пәндік және педагогикалық құзыреттілігінің қалыптасуын ескеру
ұсынылады. Көптілді білім берудің мақсаттарын табысты іске асыру үшін
білім беру процесінің дидактикалық жағын күшейту қажет. Жалпы
алғанда, тілдерді оқытудың тиімділігі туралы айтқанда, осы жұмыстың
жүйелі жетілдірілуі бойынша қадамдарды қолдану қажет. Инновациялық
әдістер іздеу қажет. Атап айтқанда, әрбір облыста тілдерді оқытудың озық
технологияларын енгізу бойынша мамандандырылған арнайы орталықтар
құру және нығайту. Қазақстандағы көптілді білім
беруді дамытудың қазіргі
кезеңі оны жүзеге асырудың нақты ұйымдастырушылық формаларын
қажет етеді. Педагогикалық кадрларды даярлаудың қолданыстағы
бағдарламаларын сараптау үштілді білім беруге дайындық барысына
елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін көрсетті. Бұл
атқарылатын жұмыстар барлық білім беру ұйымдарының, әдістемелік
бірлестіктердің, білім саласындағы құзыретті органның қатысуымен