«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
180
пайдалана білу,іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
көрсетіледі.
Аннотация
В статье рассматривается вопрос повышения эффективности учебного
процесса на казахском языке с использованием новых информационных
технологий. Когнитивная деятельность учащихся - это способы
улучшить качество образования и как его использовать на практике, как
наращивать свои навыки и способности.
Тіл үйренуші студенттің саналылығы қазақ тілінің төл дыбысының,
сөзінің, сөз тіркесінің, сөйлемнің өзіндік болмысын танып-білу барысында
ғана және сол үшін ғана емес, жүйе теориясының заңдылықтарын
ғылымның барлық саласында қолдану жолдарын меңгеру қажет екенін
түйсігімен түйсінуі барысында ғана қалыптасады. Қазақ тілінің жазу және
сөйлеу заңдылықтарын іс-тәжірибе жүзінде танып-білу тіл үйренушілердің
қазақша ойлау қабілетін қалыптастырады және біртіндеп дамуына
ұласады. Оның өзі тіл үйренушінің ауызша және жазбаша тілі даму
үдерісіне жалғасып, қазақ тілін үйреніп жүрген жеке адам жаңа сатыдағы
дүниетанымдық аппаратын қалыптастыруға қызмет етеді. Оқытушының
басшылығымен меңгерілген танымдық әдістермен тоқтап қалмай, оларды
қолдану мен тағы басқа түрлерін іздеуі теориялық ойлауымен сөйлеу
тетіктерінің біртұтастықта дамыған тіл үйренушінің моделі болады.
Сондықтан бұл ұстаным қазақ тілін оқыту үдерісінде басшылыққа
алынады. Қазақ тілін оқытуда талдау әдісін студентке дұрыс үйрету
арқылы қазақ тіліндегі дыбыстарды, сөз құрамын, сөз тіркесін, сөйлем
мүшелерін т.б. өз бетімен анықтай білу дағдыларын қалыптастырады. Тіл
үйренуде байқалатын түрлі заңдылықтар мен құбылыстарға бақылау
жасату барысында жеке талдау жасатудың мәні зор. Талдау әдісін орынды,
белгілі бір тәртіппен қолдана білу дағдылары қалыптасуы барысында, тіл
үйренушінің теориялық ойлау дағдылары дамуы да жүзеге асады. Қазақ
тілін оқыту барысында тіл үйренушінің мемлекеттік тілді жақсы меңгеруін
ұйымдастыру қазақ тіліндегі жекелеген тіл бірліктерінің бірлесе келіп,
жинақталған ұғым жасауына жетекші қызмет атқарады. Қазақ тіл
бірліктерінің болмысы туралы жаңа аспектілердегі білім мазмұнын алу
тетіктері мен ұстанымдарын анықтау таным теориясын негіз ете отырып,
жасалатын арнайы әдістеменің кешенді проблемаларын зерттеуге алып
келеді. Тіл үйренушінің қазақша еркін де сауатты сөйлеуі мен жаза білу
дағдыларын қалыптастыруды олардың ғылыми білім алуымен үйлесімді
ұйымдастыруда таным теориясының ілімдері үлкен тірек болады. Қазақ
тілін оқытудың технологиялық жабдықталуы мен техникалық құралдарды
қолдану турасында екі бағыт бар: «техникалық құралдар - жанды оқу