Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет62/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
140 
 
Урок  английского  языка  с  использованием  данной  технологии 
проводится,  как  правило,  на  заключительных  уроках  изученной  темы  с 
младшими,  средними  школьниками.  У  детей  усиливается  интерес  к 
изучению  английского  языка.  Психологи  отмечают  высокий  уровень 
мотивации, обучающихся по данной технологии. 
Проживая  события,  которые  происходят  по  сценарию  урока,  у  детей 
развивается творческое начало, воображение, память, внимание. 
Кроме повышения мотивации использования технологии театральной 
педагогики имеет  огромные воспитательное значение. 
Учащиеся,  многие  узнают    про  себя,  о  своих  способностях, 
индивидуальных  особенностях.  Через  действия  в  различных  ситуациях 
ребёнок реализует себя. У детей есть возможность выстраивать адекватное 
общение  в  различных  ситуациях,  сохраняя  доброжелательность  и 
накапливая  запас  форм  речевого  этикета,  в  том  числе,  на  английском 
языке. 
Резюмируя сказанное, отметим, что чёткие ориентиры в правильном, 
планировании  урока  помогает  сделать  урок  целостным,  глубоким, 
эффективно-воздействующим на ученика, сохраняя при этом возможность 
продуктивной  импровизации.  В  результате  мы  уверены,  что  молодое  
поколение    вырастет  умными,  образованными,  интеллигентными  с 
интеллектуальным потенциалом,  конкурентоспособными, востребованные 
в различных областях , специалистами. 
 
СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ: 
1. 
Здоровьесберегающие технологии  д.м.н. Базарный В.Ф. 
2. 
“Friends and Family” Oxford University press. 
3. 
“Guide  to  English    and  American  Literature  “  –  Москва  Издательство 
“Менеджер” 2010 
4. 
“English” 5/2009 
5. 
www.enjoyengland.com 
 
 
УДК  378.147 
ЖАҢАША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ  ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
С.Х.Қарабалина
1
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
                                                           
1
 Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистр 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
141 
 
Аңдатпа.  Мақалада  инновациялық  технологияларды  оқу  үдерісіне 
пайдалану  ерекшеліктері  қарастырылған.  «Инновация»  ұғымының 
терминдік  мәнін  ашып,  анықтама  берген  отандық  ғалымдарыдың  бірі  – 
Н.  Нұрахметов.  Қазіргі  таңда  оқу  үдерісіне  «жаппай»  енгізіліп  жатқан 
инновациялық  технологиялар  көкейкесті  мәселелердің  тоғысында  пайда 
болып,  оқу  үдерісіндегі  әдістемелерге  жаңаша  тұрғыдан  қарап,  оны 
үздіксіз жаңғыртуға бағытталады. 
Тірек  сөздер:  инновация,технология,  СТО  бағдарламасы,синквеин  тәсілі, 
стратегия, дағды, ойын, қабілет, коммуникация. 
 
Аннотация.  В  статье  рассматриваются  особенности  использования 
инновационных  технологий  в  учебном  процессе.  Затрагивая  вопрос  о 
содержании термина «инновация», введенный впервые в научный оборот 
Н.Нурахметовым,  автор  приводит  примеры  «повального»  использования 
инновационных  технологий  в  учебном  процессе  в  условиях  современного 
глобализирующегося общества. 
Ключевые  слова:  инновация,  технология,  критические  мышления,  метод 
синквеин, стратегия, умение,игры, способность, коммуникация. 
 
Annotation.  In  the  article  features  the  use  of  innovative  technologies  in  the 
educational  process.  Touching  on  the  issue  of  the  content  of  the  term 
«innovation», was first introduced into scientific by N. Nurahmetov, the author 
gives  examples  of  «indiscriminate»  use  of  innovative  technologies  in  the 
educational process in today’s globalized society. 
Key  words:    innovation,  technology,  critical  thinking,  method  “синквеин”, 
strategy, ability, games, communication. 
 
Елімізде  білім  беру  саласында  жаңа  ақпараттық-инновациялық 
технологияларды  қолдану  басты  мақсат.  Ол  тек  қана  техникалық  құрал 
емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және 
білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.  
Білім  беру  жүйесіндегі  басым  бағыттардың  бірі  —  оқыту  үрдісін 
технологияландыра  отырып,  білімнің  кепілдік  нәтижелеріне  қол  жеткізу. 
Ол  үшін  оқыту  үрдісін  өзгерте  отырып,  оқытушы  шығармашылықпен 
жұмыстануы  керек.  Өйткені  бұрын  білім  алушы  білімді  қабылдаушы, 
жинақтаушы,  өзіне  сіңіруші  рөлдерін  ғана  атқарса,  ал  қазіргі  жаңа  талап 
бойынша  өздігімен  білім  алушы,  үйрене  білуші  ретінде  танылады. 
Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа 
бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет. 
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі білім алушыны оқыта 
отырып,  оның  еркіндігін,  белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
142 
 
қабылдауға  дағдыландыру.  Ақпараттық-инновациялық  технологияны 
пайдалану —қазіргі заманның өмір талабы. 
Қазақстанда  ең  алғаш  «Инновация»  ұғымына  қазақ  тілінде  анықтама 
берген  ғалым  Немеребай  Нұрахметов.  Ол  “Инновация,  инновациялық 
үрдіс деп отырғанымыз  – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, 
меңгеру,  қолдану  және  таратуға  байланысты  бір  бөлек  қызметі”  деген 
анықтаманы  ұсынады.  Н.Нұрахметов  “Инновация”  білімнің  мазмұнында, 
әдістемеде,  технологияда,  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруда,  мектеп 
жүйесін  басқаруда  көрініс  табады  деп  қарастырып,  өзінің  жіктемесінде 
инновацияны,  қайта  жаңарту  кеңістігін  бірнеше  түрге  бөледі:  жеке  түрі 
(жеке  –  дара,  бір-бірімен  байланыспаған);  модульдік  түрі  (жеке  –  дара 
кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын). 
Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік 
білім  беру  жағдайында  қоғамның  мәдени,  әлеуметтік,  экономикалық 
сұранысты  қанағаттандыратын,  әлемдік  бәсекеге  төтеп  бере  алатын, 
теориялық  білімін  кез  келген  жағдайда  өз  іс-тәжірибесінде  пайдалана 
алатын білім. 
Инновациялық  білім  беру  –  іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық 
қызмет  оқу  ісін  дамытуға,  пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  оқытушының 
кәсіптік  шеберлігін  арттыруға  басқа  жаңа  технологияларды  енгізуге, 
пайдалануға  және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге  бағытталған. 
Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол 
сабақты  тиімді  ұйымдастыруға  көмектеседі,  білім  алушының  пәнге  деген 
қызығушылығы  артады,  екіншіден,  білім  алушы  ұтады,  себебі  оның 
тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан 
әдістемесіне  оқытудың  жаңа  технологиясы  тұрғысынан  өзгерістер 
енгізілсе, білім сапасы да арта түспек . 
Инновация  дегеніміз  —  жаңа  мазмұнды  ұйымдастыру,  жаңалық 
енгізу,  жаңа  үлгілердің  бағытындағы  нақты  әрекет,  нақтыланған 
мөлшердің  шегінен  шығатын  кәсіптік  іс-әрекеттің  жаңа  сапалы  деңгейге 
көтерілуі,  жаңа  нәтижені  қамтамасыз  ететін  жаңа  теориялық, 
технологиялық  және  педагогикалық  іс-әрекеттің  біртұтас  бағдарламасы. 
Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті  – белгілі бір көлемдегі білім 
берумен  шектелмей,  алынған  кәсіптік  білімді  адам  өз  қажетіне,  өмірдің 
нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. 
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-
танымдық,  педагогикалық-психологиялық  сауатты,  саяси-экономикалық 
білімді  және  ақпараттық-инновациялық  технологияны  жан-жақты 
меңгерген  ақпараттық  құзырлы  маман  болу  керек.  Оқу  процесінде  жаңа 
технологияларды  қолдану  аса  маңызды.  Өзімізге  белгілі  жаңа 
технологияларды  қолдануға  көп  үлес  қосып  жүрген  зерттеуші  ғалымдар 
қатарына У.С.Полат, Е.Н.Дмитреева, С.В.Новиков, Т.А. Помелова жатады. 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау