Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет44/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
96 
 
3. 
Кез  –  келген  тіл  үйренушіге  латын  графикасымен  жазу 
жеңілдігіне ие болу; 
4. 
Қазақ тілінің табиғи айтылуы әуезділігі, орфоэпиялық ережесін 
қалпына келтіру; 
5. 
Ағылшын  тілін  оқып  –  үйрену,  меңгеру  оңайға  түсу 
мүмкіндігіне қол жеткізу;  
Бүгінгі  таңда  мемлекеттік  тіліміз  тәуелсіз  елімізбен  бірге  дамып, 
мемлекеттік тілге деген сұраныс та артып келеді. Сол себептен, Қазақстан 
секілді  бүкіл  дүниежүзіне  танылған  мемлекеттің  -  мемлекеттік  тілінің 
жазуы  да  заман  талабына  сай  сәйкес  келуін  күнделікті  өмірдің  өзі  талап 
етіп отыр емес пе?! 
Қазақ елінің зиялы қауым өкілі Х.Досмұхамедов айтқандай: Ана тілін 
білмей  тұрып,  бөтенше  жақсы  сөйлесең,  ол  –  күйініш.  Өз  тілін  білмей 
тұрып, жат тілге еліктей беру  – зор қате. Н.Ә. Назарабаев  – «Дауға салса 
алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай 
балқыған,  өмірдің  кез-келген  орайында  әрі  қару,  әрі  қалқан  болған,  әрі 
байырғы,  әрі  мәңгі  жас,  отты  да  ойнақы  –  Ана  тіліміз.  Абай  әрлеген  тіл, 
Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала 
бермек!»  -  деп  айтқандай,  ана  тілдің  терең  иірімдеріне  бойлай  білу  – 
саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол Отаныңды 
сүйе білу деген сөз. 
 
ҚОЛДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 
2. «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасы. 
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
4. «Ағылшан тілінде сойлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасы – 2009 
жыл. 
5. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа 
Қазақстан. Астана, 2007 жыл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
97 
 
УДК № 387.147:811 
КОММУНИКАТИВТІ ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ 
 
А.Назарова
1
, Э.Д. Абдол
2
 
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Аңдатпа:  Мақалада  шетел  тілдерін  оқытуда  коммуникативтік  оқыту 
әдістемесін  қолдану  –  оқушылардың  сөздерді  грамматикалық  тұрғыдан 
бір-бірімен  дұрыс  байланыстырып  еркін  сөйлей  білуіне  мүмкіндік 
тудыратындығы қарастырылған. 
Тірек сөздер: оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру, тілді 
коммуникативтік  бағытта  оқыту,  ынтымықтастықта  оқу  ,жұптық 
оқыту,  топтық  құрамда  жұмыс  істеу,  коммуникативтік  оқыту 
технологиясы және т.б 
 
Аннотация: 
В 
статье 
рассматривается, 
что 
применение 
коммуникативной  методики  обучения  иностранным  языкам  –  позволяет 
студентам  свободно общаться с грамматическим аспектом. 
Ключевые  слова:  совершенствование  речи  студентов  на  иностранном 
языке,  обучение  языку  в  коммуникативной  ориентации,  обучение 
солидарности ,парное обучение, работа в групповом составе, технология 
коммуникативного обучения и т.д. 
 
Annotation:  In  article  is  considered  that  application  of  a  communicative 
technique  of  training  in  foreign  languages  –  allows  students  to  communicate 
with grammatical aspect freely. 
Key  words:  improvement  of  the  speech  of  students  in  a  foreign  language, 
training  in  language  in  communicative  orientation,  solidarity  training,  pair 
training, work in group structure, technology of communicative training, etc. 
 
Білім  –  адамзат  қазынасы,  халықтың  білімділігі  –  елдің  байлығының 
ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық 
мәдениет  пен  дүниетаным  қалыптасады.  Мәдениет,  дүниетаным,  білім 
молайған  сайын  халық  байлығы  артып,  дамыған  елдер  қатарынан  орын 
алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ″Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан″ 
атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  ″Тілдердің  үш  тұғырлығы″  мәдени 
жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш 
тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұл дегеніміз 
                                                           
1
 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 4 курс студенті 
2
 Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі , педагогика ғылымдарының 
кандидаты 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
98 
 
қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлт  –  аралық  қатынас  тілі  және 
ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі екендігін атап 
айтты. 
Ағылшын тілін білу – замана талабы болып отыр осыған орай білімге 
деген  көзқарас  түбегейлі  өзгеріп,  оқытудың  жаңа  түрлері,  әдістері  жаңа 
бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен 
түбегейлі  жаңаруына  себепші  болып  отыр.  Яғни  оқыту  әдістемесіндегі 
заман талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет 
– тілді коммуникативтік бағытта оқыту. 
Басты  мақсаты  – оқушыларды қарапайым  болса да  өз ойларын  еркін 
жеткізумен ғана шектелмей,өзара тіл табысып,пікір алысуға үйрету,себебі 
жалпыға  білім  беретін  орта  мектепте  берілетін  бүкіл  білімнің  негізгі 
мақсаты – оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. 
Коммуникативті  технология  деп  оқуға  қатысушылардың  барлығын 
және  мүмкін  болған  құрал-жабдықтар  мен  ақпараттардың  барлығын 
қатыстыра  отырып  өзара  белсенді  тілдік  қатынасқа  ену  негізінде  оқу 
үдерісін  құруды  айтады.Оның  жетекші  әдісі  тілдік  өзара  қарым-
қатынас.Қолданылатын жұмыс түрлері : ынтымықтастықта оқу (оқытушы 
мен оқушылар),  жұптық оқыту  (оқушылардың бірін-бірі оқытуы),  топтық 
құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт), оқу тілдік 
диалог  (өзара  пікір  алысу).Коммуникативті  технологияда  тілдік  қарым-
қатынас  алдыңғы  орынға  шығарылады  да  басқа  жұмыстар  осы  бағдарға 
бағытталады,  яғни сөйлеу мақсатына тиісті грамматикалық формалар мен 
синтаксистік  құрылымдардың  сөйлеуге  қатысуы  шарт  және  ол  көбіне 
дайындықсыз  сөйлеуге,бұрынғы  меңгерген  грамматика  лексикалық 
формаларды, автоматты түрде қолдануға жетуі керек деген сөз. Оқушы өз 
ойын еркін жеткізе алу үшін оған қажетті лексикалық және грамматикалық 
минимум  алдын-ала  анықталып  тапсырылады.  Бұл  тілді  функционалдық 
тұрғыдан  үйрету  сипатына  жатады.  Коммуникациялық  бағыт  адам 
өмірінің түрлі саласына байланысты сөйлеуге үйретуге 
Коммуникативтік  сөйлеу  әрекетінің  қай  түрі  болсада  лексикалық-
грамматикалық  дайындық  деңгейіне  сүйенеді.  Оқушының  тиісті 
лексикалық  қоры,сондай-ақ  грамматикалық  білімі  болумен  бірге,оны 
сөйлеу әрекетінде қолдана білуі керек. Сөйлеу әрекеттері, негізінен, белгілі 
бір  мақсаттығы  жағдаяттар,  жүйелі  модульдер,  ауызекі  жауаптасу,  сұрақ-
жауап жағдайларында жүзеге асады. 
                       
Коммуникативтік әдіс: 
1. 
Жұптық 
2. 
Топтық 
3. 
Ұжымдық 
      


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау