«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
88
тіркесетін, аңықтайтын сөздерімен қоса беріледі: мемлекетаралық қатынас,
дүниежізілік деңгей, саяси күштер, саяси байланыстар, өзара қарым-
қатынас, дипломатиялық сапар, ресми сапар, үкімет басшыларының
сапары, маңызды фактор, халықаралық міндеттеме, сыртқы саяси ақпарат
, мемлекеттік хатшы, сыртқы істер министрі, мәмілегерлік құжат,
қорытынды акті, көп тараптық дипломатия, дипломатиялық мәжілістер
және кездесулер, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық өкілдіктер,
консулдық мекеме, халықаралық қауіпсіздік, бейбіт қатар өмір сүру,
ұлттық режим(тәртіп) дипоматиялық нота, келісім шарт т.б.
Осы тақырыптың мазмұнына сәйкес сұхбат үлгілері, логикалық
сұрақтар, тапсырмалар да жүйелі түрде берілуі қажет.Мамандыққа
қатысты сұхбаттасу сұрақ-жауап түрінде болмақ. Хабар көбіне оқытушы
арқылы жүзеге асырылады және бұл сұхбаттар тапсырманы шешу,
проблемалық тақырып, келісу, келіспеушілік түрінде құралады.
Мысалы: Сіз қалай ойлайсыз? Қазақ дипломатия тарихы кімнен
басталады?
-Мәлік Сабырұлы Фазыловтан.-Жоқ. Келіспеймін. Абылай ханнан,
немесе, жеке анықтама сұрау:-Дипломаттар не істейді?-Сыртқы саясатта
мемлекетаралық қарым-қатынасты халықаралық үйлесімдік муддесіне
сәйкес жүргізеді.
–Саясаткерлер немен айналысады?-Сыртқы саясатты саясаткерлер
тұжырымдайды.
- Жоғары деңгейдегі халықаралық қатынастарды кімдер жүзеге
асырады?
- Елшілер, мемлекет, үкімет басшылары.
- Дипломат қандай болуы керек?
- Шыншыл, нақты, түзу,ұстамды, шыдамды, қарапайым, адал,
сезімтал,сабырлы, мізбақпас, білімді, сергек, білікті.
Я болмаса, хабарлама, түсініктеме түрінде:
- Дипломаттың әлеуметтік жағдайы қалай шешілген?
- Жақында дипломатиялық қызмет қызметкерлерін әлеуметтік
жағынан қорғау жөнінде шешім (заң) қабылданды
Осы тақырыпқа арналған жаттығу үлгілері қалай беріледі деген
мәселеге келсек, оның да бірнеше түрлерін ұсынуға болады. [3, б.144]
Бірінші түрі:1.Мына сөздерді оқып, баламаларын табыңыз. Мәміле-гер,
қызмет-кер, саясат-кер, саясат-шы, бас-шы, ел-ші, кеңес-ші, хат-шы, сарап-
шы.2.Берілгендипломатиялық
лауазымдық
лексиканы
және
сөз
тіркестерін жазып, есте сақтаңыздар: дипломатиялық қызмет, дәреже,
лаузым, атташе,Төтенше және Өкілетті уәкіл, Төтенше және Өкілетті Елші,
кеңесші уәкіл, Бас консул, бірінші хатшы, вице-консул, референт,
халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.3.Мына үлгі бойынша
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
89
сөйлем құраңыз.а) Сыртқы саясат мемлекеттің халықаралық істерінің
жалпы бағытын айқындайды.
ә) Дипломатия- сыртқы саясатты іске асырудың ең маңызды
құралы.б) Елші мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын
ұстанады.
Екінші түрі:1. Мына абзац мәтін бола ма?2. Мәтінге ат беріңіз.3. Мәтіндегі
тақырыпшалардың мазмұны қарай орын ауыстырыңыз (логиқалық жүйеде
ауыстырыңыз)
Үшінші түрі:1. Мәтіннің жоспарын қай сөйлемдер құрайды?2.
Сұрауы сөйлемге жоспар құраңыз.3. Осы жоспарыңыз бойынша жауап
беріңіз.
Төртінші түрі:1. Тірек сөздерді жазып, өзіңіз мәтін құраңыз.2. Негізгі
ойды беретін сөйлем және қосымша түсініктеме беретін сөйлемді
анықтаңыз.
3. Бір сөйлеммен негізгі ойды беріңіз.
Бесінші түрі:а) Тыңдаңыз, жаттаңыз, қайталаңыз.ә) Тыңдаңыз.Дұрыс
айттыңыз
ба?Тексеріңіз.б)
Оқыңыз.
Есте
сақтаңыз.
в) Бір-біріңізден сұраңыз. Сөйлесіңіз.г) Баяндаңыз.
Сонымен бірге дипломатиялық мамандыққа байланысты берілетін
тапсырмаларды түрлі заң баптарын, заң актілерін, бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы берілетін халықаралық мәселелер жөніндегі
мәліметтер,
дипломатиялық
кездесулер,
келісімдер,
келіссөздер,
қорытындыларын көп пайдаланған жөн. Себебі, студент өздерін
қызықтыратын оқиғалар жайында тыңдағандары, оқығандары туралы
әңгімелей, тұжырым түрінде баяндай білу тиіс. Болып жатқан оқиғаларға,
оқығандарына, естігендеріне өз пікірін, көзқарасын талқылау түрінде айта
білулері тиіс. Сол сияқты баға беру, дайындалған хабар бойынша сөйлеу,
әңгімеге қатысу сияқты сөйлеу түрлерін меңгерулері қажет. Қорыта
айтқанда, әрбір әдістеме үлкен шығарымпаздық өнер іспеттес болса,
мамандыққа бағыттап тілді оқыту, оның қадір-қасиетін шәкірттерге
түсіндіріп, ұлылығы мен кеңдігін ұқтыру қазақ тілін оқытуға қойылатын
талап-тілектерге жаңаша көзқарас деп есептеймін.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қырықбаева
Ж.М.
Халықаралық
қатынастар
факультетінің
дипломатия мамандығы бойынша әдістемелік ұсынбалар. (Кредиттік
технологияға негізделген жоғары оқу орындарының халықаралық
қатынастар факультетінің дипломатия мамандығы бойынша орыс
бөлімдері үшін оқу-әдістемелік құрал) Алматы, 2006 жыл
2.
Оралбаева Н. Жақсылықова К. Орыстіліндегі мектептерде қазақ
тілін оқыту әдістеме. Алматы: Ана тілі,1996, 144бет
Достарыңызбен бөлісу: |