Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет85/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   156

171 
Ключевые 
слова: 
экологическая 
деятельность, 
экологическая 
культура, 
экологическое сознание, интеграция, гуманизация, экологическое образование и т.д. 
Summary: The analysis of the values and features of the environmental activities of a social 
pedagogue in different directions. To determine the environmental activity of a social pedagogue as 
part of the professional culture of a specialist. Focused on the development of responsibility to the 
environment.  It  includes  a  set  of  scientific-ecological  worldview,  carried  out  in  the  framework  of 
the professional skills of environmental activities in the society, values, moral and ethical standards. 
Key  words:  environmental  activities,  environmental  culture,  environmental  consciousness, 
humanization, integration, environmental education. 
 
Орыс  ойшылдарының  бірі  академик  Н.Н  Моисеев  «өткен  ғасыр,  ескерту  ғасыры 
болды.  Әлем  революцияның  шегінде  тұр.  Егер  адам  табиғатпен  дұрыс  қатынас  жасаудың 
кілтін  таппаса,  онда  оның  өлгені.  Адамзат  тарихпен  байланысты  үзу  мен  сананы  жоғалту 
арқылы  әлемдегі  нағыз  қауіппен  бетпе-бет  келді»  [1,7].  Қоғам-  саясат-  мәдениет-  адамның 
рухани дүниесі мұның бәрі әрине өте мағызды, бірақ адамдардың тағдыры біздің уақыттағы 
ең негізгі сұрақ болып отыр. Қоғамдағы дағдарыс көбіне білім беру жүйесінен туындап отыр. 
Сол себептен жаңа, сапалы білім беру жүйесін, әрине алдыңғы тәжірибелердің жетістіктерін 
негізге ала отырып құру қажеттілігі туындап отыр.  
Қазіргі  уақытта  білімге  деген  қызығушылықтың  артуы,  қазіргі  замандағы  жаһандық 
мәселелерді  шешу  жолдарымен  байланыстыра  аламыз.  Бұл  көп  факторларға  байланысты. 
Біріншіден  білім  қазіргі  заманнның  іргелі  санаты  болып  табылады.  Екіншіден  білім  беру 
мәдениетке  байланысты  және  мәдениет  саласында  маңызды  қызмет  атқарады,  ол  осы 
қоғамдағы  құндылықтарды  сақтап  қалу  және  қайта  жаңғырту,  қоғамда  білімді  белгілі  бір 
тұлғаны  қалыптастыру  арқылы  оларды  сақтап  қалуға  бағытталған.Жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  мәселесін  қарастырғанда  біз  Б.Г  Ананьеваның  әдіснамалық  ұстанымын 
басшылыққа  алуға  болады,  осыған  сәйкес  «жеке  тұлғаны  дамыту  ауқымы  мен  деңгейінің 
артуы  байқалатын  интеграция  болса,  екінші  жағынан  жеке  тұлғаның  дамуы,  оның  жеке 
қасиеттерінің  артуы  болып  табылады»  [2,3].  Білім  беру  жүйесі  қоғам  мен  мемлекет  үшін 
анықтаушы болып табылады, тіпті білім беру жүйесі қандай болса, қоғам да сондай болмақ. 
Үшіншіден,  білім  беру  әлеуметтің  дамуының  шарасы  ретінде,  қоғамда  рұқсат  етілген 
шекаралардан аспаудың құралы ретінде қарастырамыз. Бұл әлемнің белгілі бір мәдениетіне 
арналған  әмбебап,  аксиологиялық,  мінез-құлықтық  және  т.б  стереотипті  үлгі 
қалыптастырады.  
«Адамзат  өзінің  тарихындағы  шешуші  сәтті  басынан  өткеруде.  Бір  жағынан  ол 
әлемдік және жаһандық мәселелермен кездессе, екінші жағынан оларды шешу үшін қажетті 
зияткерлік,  технологиялық  мүмкіндіктері  бар.  Адамзаттың  өмірін  сақтау  мақсатында 
адамдар өмір салтын өзгертіп, дамудың жаңа түріне көшуі керек [3,99].  
Адамның  іс  әрекетінің  нәтижесінде  пайда  болған  табиғи  ортадағы  өзгерістер, 
қоғамдағы өмірге әр түрлі әсер етуде.  
Адамзат  алдындағы  экологиялық  дағдарыс,  рухани  дағдарыс,  тұлғалық  және 
тәрбиелік дағдарыстың нәтижесінде күшейе түскені бүгінгі күні айқын байқалады. Осы тұста 
Рим  клубының  президенті  және  қалаушысы  Ауреллио  Печчеидің  айтқан  пікірімен  келісуге 
болады:  «...адамзат  эволюциясында  қазіргі  кезде  кездесетін  мәселелерінің  мәні,  адамдар 
қоғамға өздері енгізген жаңалықтарға, өзгерістерге өздерінің мәдениетін бейімдеп үлгермей 
жатыр,  бұл  дағдарыстың  шешімін  сыртқы  ортадан  емес,  ішкі  жан  дүниемізде.  Бұл 
мәселелердің  барлығын  шешу  үшін  біз  ең  алдымен  ішкі  жан  дүниемізді  өзгертуіміз  керек» 
[4,7]. Соңғы уақытта руханилық, құзыреттілік, жауапкершілік, тәрбиелік түсініктерінің мәні 
күрт  төмендеп  кетті.  «...Отан  үшін  кімде-кім  зардап  шексе,  кім  оның  ұлғаюы  жайлы 
армандаса,  кім  оның  дамуы  үшін  көп  үлес  қосса,  ерте  ме  кеш  пе  ,  бірақ  әрдайым  білімге 
мемлекеттің  жаңғыру  факторы  ретінде  назар  аударған  »  деген  үрдіс  міне  әлі  күнге  дейін 
ұстанымға  ие.  Осы  бағытты  ұстанған  ұлы  тұлғалар  мыналар  болатын:  С.Радонежский, 
М.В.Ломоносов, К.Д.Ушинский, Ф.М.Достоевский , Л.Н.Толстой, И.А.Ильин , В.В.Розанов , 
С.М.Булгаков , В.И.Вернадский және т.б.  


172 
  Білім  беру  мәселесі  әлеуметтік  мәдени  және  әлеуметтік  философиялық  контексінде 
біршама кеңірек ауқымда тығыз байланысты. Білім беру маңызды әлеуметтік институт бола 
отырып  ,  оның  қызметі  тек  адамды  нақты  бір  іс-әрекет  түріне  ғана  дайындап  қоймай  , 
тұлғаның  рухани  негізі  ,  құндылықтық  бағдарларының  қалыптасуына  да  септігін  тигізеді. 
Басқаша  түйіндегенде,  білім  беру  ,  бір  жағынан  тұлғаның  әлеуметтену  процесіне  қатысу 
мүмкіндігіне ие болса, екінші жағынан, қоғамның гуманизациялану процесінде қатысады.  
  Тұлғаның  әлеуметтенуі  деп  адамды  барлық  әлеуметтік  -  маңызды  іс-әрекетке  , 
барлық  әлеуметтік  –  ақталған  мінез-құлыққа  және  индивидтер  қарым-қатынасына 
араластыру  деп  түсінеміз.  Яғни,  бұл  процесс  қоғамда  адамды  жан-жақты  араластыру. 
Алайда,  адам  өмірінің  қандай  да  бір  нақты  қоғамға  араласуы  кейде  жағымсыз  әсерлермен 
сипатталалып жатады. Егер қоғам жоғары ізгілік мақсат пен бағдарлардан жоғары және мәңгі 
құндылықтан  айырылса  ,  онда  нәтижесінде  адами  және  физикалық  ауытқыған  тұлға 
қалыптасады.  Өз  кезегінде  ол  зардап  шеккен  қоғамның  қалыптасуына  ықпал  етеді. 
Сондықтан,  «тұлғаның  әлеуметтену  процесінің  жағымды  нәтижесін  алу  үшін  біруақытта 
қоғам  өзінің  ізгілендіру  үдерісі  бойынша  мақсатқа  бағытталған  күшімен  сүйемелдеуі  тиіс» 
[5,57].  
Экологиялық  білім  беру  қажеттілігі  ,  адам  өмір  сүруі  үшін  қолайлы  ортаны 
қамтамасыз етумен байланысты. Қоғамдағы стихиялық даму шараларын тоқтатуға тек білім 
көмектеседі.  Сондықтан  білімді  қоғамның  басым  бөлігі  игеру  қажет,  оған  тек  мектептен 
бастап  жоғарғы  оқу  орындарына  дейін  ,  жалпыға  экологиялық  білім  беру  арқылы  қол 
жеткіземіз.  
Жалпыға  экологиялық  білім  берілмесе,  адамзаттың  аман  қалу  мүмкіндігі  азаяды. 
Экологиялық  білімге  жетелейтін  жаңа  дүниетаным,  біздің  ішкі  жан  дүниеміздің, 
ойлауымыздың өзгеруін талап етеді. 
«Мемлекет  адамның  өмір  сүруі  мен  денсаулығы  үшін  қолайлы  қоршаған  ортаны  қорғауды 
мақсат  етіп  қояды»,-  делінген  экологиялық  кодексте  2006  жылы  қабылданған  экологиялық 
саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі реттеліп, оның жоғары деңгейде шешілуі 
қажеттігі басты назарга алған болатын. Экологиялық білімді тиімді енгізу сабақ барысында 
жүзеге  асырылатындықтан,  әрбір  сабақтың  мазмұнының  ғылыми  негізделген  идеялығына, 
мұғалімнің ізгілендіру бағыты яғни жалпы адамзаттық ізгілікті қасиеттерді экологиялық іс-
әрекетпен сабақтастыра ұйымдастыруына байланысты. Бұл салада экологиялық мәселелерге 
арналған  ғылыми  практикалық  конференциялар,  семинарлар,  симпозиум  материалдарымен 
таныстыру,дебат,  пікірталас,  кездесулер,  үгіт-  насихат  жұмыстарын  жүргізіп  талдау  жасау, 
қоршаған  табиғи  ортаға  деген  және  оның  адам  өмірінде  алатын  маңызды  орны  мен  іс- 
әрекеттеріне  есеп  беру  өте  қажет.  Мұнымен  қатар,  студенттерді  экологиялық  
мәдениеттілікке  бейімді  тәрбиеленуі  дәріс  үстінде  оқытушымен  және  құрбы  - 
құрдастарымен,  жанұяда  болатын  ұдайы  қарым-  қатынас  негізінде  қалыптасады.  Жас 
ерекшеліктеріне  сай  өмірлік  тәжіриебесінің  молаюы  және  жас  кезінен  бастап  бойына 
экологиялық  тазалықтың  қалыптасуы,  оның  рухани  байлығының  мол  болуына  әсер  етеді. 
Экологиялық іс-әрекет арқылы студенттерді мәдениеттілікке, саналылыққа тәрбиелеу - ұзақ 
уақытты керек ететін күрделі процесс болғандықтан, бұл процестің негіздерін баянды етуге 
мектептің,  жанұяның,  қоғамның,  жоғары  оқу  орындарының  бір  жүйеге  келтірілген  оқу- 
тәрбие  жұмыстары  арқылы  ғана  қол  жеткізуге  болады.  Бұл  бағытта  оқытушылардың, 
олардың топ кураторларының және жеке бастарының үлгісі көп роль атқарады. 
В.Г.  Бочарова  мен  Р.В  Овчарованың  жұмысын  талдау  әлеуметтік  педагогтың 
қызметін сонымен қатар экологиялық компонентерді анықтауға мүмкіндік берді. Төмендегі 
таблицада көрсетілген. 
 
  Кесте 1 
Әлеуметтік педагогтың 
функциясы 
Әлеуметтік педагогтың экологиялық іс-әрекетінің ерекшеліктері 
Аналитикалық 
және 
диагностикалық 
әлеуметтік  микро  ортаның  экологиялық  ерекшеліктерін, 
қоршаған  ортаның  адамға  әсер  ету  дәрежесі  мен  бағытын 
шынайы бағалайды, «әлеуметтік-экологиялық диагноз» кояды. 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау