Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет81/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   156

163 
Биологияны  оқыту  әдістемесінде  көп  түрлі  формалар  калыптасқан:  сабақтар  және  онымен 
байланысты  міндетті  түрдегі  танымжорықтар,  үй  жұмыстары,  сабақтан  тыс  жұмыстар  және 
міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік). Осылардың барлығы 
бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, 
оқытудың негізгі формасы – сабақ.  
Ізденіс әдісі. Бұл проблемалық оқытудың ең шыңына жеткен әдісі деп айтуға болады. Себебі, 
бұл  әдісті  қолдана  отырып,  оқушы  жаңа  білім  және  игеру  әдістерін  өз  бетінше  мұғалімнің 
көмегінсіз орындауы тиіс. Әрине, бұл әдіс көбінесе, жоғары сынып оқушыларына тапсырылады, 
себебі олардың теориялық білім базасы бар және дүниеге деген көзқарастарының да қалыптасқан 
уақыты. 
Көбінесе  қорытынды  сабақты  жүргізгенде  тәжірибелік  әдісті  қолдануға  болады.  Басқа 
әдістер  сияқты  проблемалық  жағдайды,  мәселені  оқытушы  қояды,  ал  оқушылар  проблеманы  өз 
бетімен  шешуге тырысады.  Әрине, қойылған  проблемалық мәселе  жайлы материалдар  оқушыға 
таныс,  сол  жайында  оқытылған  жағдайлар  бойынша  шәкірттердің  білімі  болуы  керек.  Зерттеу 
әдісін  қолданғанда  мұғалім  оқушыларға  тәжірибелік  сипаттағы  тапсырмалар,  тәжірибе  жүргізу, 
қосымша  ақпарат,  фактілерді  жинап  оларды  өз  бетімен  талдау  және  қорытындылау,  өз  ойын 
дәлелдеуге керекті материалдарды жинап береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ 
бұдан  мұғалімнің  басшылығы  керек  емес  деген  сөз  тумайды.  Оқушылардың  сабақта  алған 
теориялық  білімдерін,  біліктілік  пен  дағдыларын  тереңдету  және  жетілдіре  түсу  мақсатында 
олардың  практикалық  жұмыстарының  маңызы  ерекше.  Оқытудың  негізгі  дәстүрлі  әдістерімен 
қатар  мұғалім  оқушылармен  бірігіп  сабақта,  оқу-тәжірибе  участігінде  оқу  приборлары  және 
техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.    
 
 
 
 
   
 
 
Зертханалық  жұмыстар  топ  түрде  немесе  оқушының  жеке-дара 
орындауы  арқылы  жүреді.  Топ  түрінде  жүргізгенде  сыныптағы  оқушылардың  бәрі  бірыңғай 
тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі 
болады да, кейін ол жинақталады. Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-
тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, 
қорыту кезеңі болып бөлінеді. Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады 
және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу 
тәртібімен  таныстырады.  Өткізу  барысында  мұғалім  әр  оқушының  қойған  тәжірибесін  мұқият 
бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.  
 
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған 
жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме 
өткізіледі,  үшіншіден,  зертханалық  жұмыстардың  нақтылы  қорытындыларын  мұғалімнің  өзі 
жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды. 
 
 
 
Оқушылардың  биологияға  деген  қызығушылығын  дамыту  үшін  зертханалық  сабақтардың 
маңызы  орасан  зор.  Зертханалық  сабақ  кезінде  оқушылар  бұрын  сабақта  алған  білімдерін 
практикада  өз  бетімен  жұмыс  жасау  кезінде  ұштастырып,  білім  деңгейін  кеңейте  алады. 
Сондықтан  шағын  жинақты  мектептерде  биология  пәнінен  өткізілетін  зертханалық  сабақтар  өз 
мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет 
деп ойлаймыз.   
 
 
 
 
 
Зертханалық  сабақтар  –  оқушылардың  оқу  іс-әрекетінің  бір  түрі,  мақсаты  мен  міндеті 
ұқсас.  Зертханалық  жұмыстар  оқу  бағдарламасына  енгізіліп,  курс  бөлімін  немесе  тақырыпты 
оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған 
жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.  
Оқушылар  талапқа  сай  бағдарламада  көрсетілген  әр  түрлі  зертханалық  жұмыстарды 
орындап,  осы  шарттарды  қанағаттандырғанда  ғана  олардың  тұрақты  білім  мен  білік  дағдылары 
тәрбиеленеді және оны орындау қарқыны өседі.  
Зертханалық сабақтардағы әдістердің түрлері: 
-  білімді  берудің  негізгі  көзі  –  көрсету.  Оқытушының  зат  пен  құбылысты 
демонстрациялап көрсетуіне болады; 
- екінші орында – бағыттап түсіндіру;  
- білімнің негізгі көзі – байқауда.  


164 
Бұл  жерде  оқушының  әрекеті  демонстрациялайтын  нысанды  не  үрдісті  көріп 
қабылдауға  бағыттайды.  Оқушы  өзінің  жауабында  нені  байқағанын  айтады.  Кейде  өсімдік 
пен жануарларды демонстрациялап, кесте арқылы әңгімелеп айтады. 
Қазіргі  оқыту  процесінде  модульді  оқыту  технологиясы  кеңінен  қолдануда  және  өз 
тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері: 
- құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлеу, қорытынды); 
- өзін – өзі бағалау; 
- топтық жұмыстағы белсенділік; 
- көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі; 
- еркін тәрбиеге баулу. 
 Педагогикалық  практиканың  мақсаты:  орта  мектептегі  педагогикалық  процестерді 
ұйымдастыруда қазіргі технологияны игере алатын және білім беру саласында инновациялық 
қызметке дайындығы бар,  гуманитарлық мәдениеттің  жоғары  деңгейіндегі  педагог  тұлғаны 
қалыптастыру.  
  Келешек  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беруде,  көздеген  мақсаттарына 
жететін сонымен қатар тұлға болып қалыптасатын болашақтың бүгінгі күннен де жарқын және 
нұрлы  болуына  әсер  ететін  адамзат  өмірінің  алға  жетелейтін  бір  бөлшегі  ол  әрине.  Білім 
болашақтың  кілтін  саналы  да  сапалы  білім  алған  танымдылығы  жоғары  құзіретті,  бәсекеге 
төтеп беретін жастар ғана аша алады. Бүгінгі оқушы ертеңгі дамыған тұлға. Сондықтан білімді 
ұрпақ  тәрбиелеуде  мұғалімдердің  сіңірген  еңбегі  ұшан  теңіз.  Әлем  елдерінің  оның  ішінде 
Қазақстан  мұғалімдерінің  ең  басты  проблемалары  нәтижеге  бағытталған  оқушыларды  қалай 
және  нені  оқыту  керек  деген  басты  мәселе  болып  тұр.  Сол  үшін  білім  беруді  дамытуда 
өркендеген  мемлекеттердің  тәжірибелерін  алып  сол  мемлекеттердің  қатарына  ену  басты 
мақсатымыз болып тұр. Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары 
құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана жол аша алады.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1. 
Әлиева Б. Оқыту стратегиялары. // Биология және салауаттық негізі 2006 №3 (21), - 39-42б. 
2. 
Мырзабаев  А.Б.  Биологияны  оқыту  әдістемесі:  Оқу  құралы.  -  Қарағанды,  ЖШС  «САНАТ-
Полиграфия» баспасы, 2006. -344б 
 
3. 
Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии. –М.: «Просвещение», 
1987.- 85б 
4. 
Байбородова Л.В., Лаптева Т.В. Методика обучения биологии. –М.: «ВЛАДОС», 2003.- 58-62б 
 
 
 
ӘӨЖ 24 – 673.5. 37 – 014.   
 
ЖАСТАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚ  
ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ РОЛІ 
 
2-курс студенті Турганбаева Ботагоз Муратбаевна 
 
Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Жазықова Мақпал Қожағалиқызы 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, bota020598@mail.ru 
 
Аннотация:  В  статье рассматривается значение  казахской  народной  педагогики  в  экологи-
ческом воспитании молодежи, анализируются теоретические основы экологического воспи-
тания в контексте народной педагогики. 
Ключевые  слова:  экология,  экологическое  воспитание,  природа,  природоведение,  народная 
педагогика, казахская философия, времена года, родина, воспитание. 
Abstract:  The  article  deals  with  the  role  of  nature  as  a  factor  of  national  pedagogics  in  the 
upbringing of youth spiritual and moral values. 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау