Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет82/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   156

165 
Key words: ecology, ecological education, nature, natural history, national pedagogics, kazakh phi-
losophy, seasons of the year, country, nurture. 
  
 «Атом ғасыры» деп аталып, үлкен тарихи оқиғалар мен сілкіністерді бастан өткізген ХХ 
ғасыр  адамзаттың  қол  жеткізген  ұлы  жетістіктерімен  қатар  зор  қасіреттерді  ала  келгені 
тарихтан  белгілі.  Өндіріс  орындары  санының  артуы,  жер  асты  пайдалы  қазбаларының 
толассыз  өндірілуі,  ғарышты  игеру,  энергетикалық  қажеттіліктерді  қамтамасыз  ету 
мәселелері,  әскери  техниканың,  қару  жарақтардың  сыналуы  Жер-Ананың  азып-тозуына 
әкелді.  Осыған  орай  бүгінгі  таңда  дүние  жүзінде  экологиялық  мәселерді  шешу  қажеттілігі 
туралы мәселе алдыңғы орынға шығып отыр.  
  Қазақстанда  экологиялық  апат  аймақтарының  болуы  жастар  арасындағы  экологиялық 
тәрбиенің  көкейкестілігін  алдыңғы  орынға  қойып  отыр,  себебі  дана  халқымыз  кіндік  қаны 
тамған туған жерін қастерлеп, жазық даласы мен тау-тасына үлкен сүйіспеншілікпен қарап, 
суының  лайлануына,  орманының  оталуына  жол  бермеген.  Оған  халық  педагогикасының 
құралы болып табылатын ауыз әдебиетінің небір тамаша үлгілері мысал бола алады. Халық 
педагогикасының  тамаша  ескерткіштері:  халық  ертегілері,  батырлар  жыры  мен  эпостар, 
мақал-мәтелдер жас ұрпақты табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, оның сырын түсіне білуге 
тәрбиелейтіндігін  байқаймыз.  «Халық  педагогикасы  –  бұл  жиналған  және  эмпирикалық 
білімнің  практикасымен  тексерілген,  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін  мағлұматтар,  іскерлік  пен 
дағдылар жиынтығы, халықтың әлеуметтік және тарихи тәжірибесінің жемісі. Өйткені халық 
жастарды  оқытады,  оларды  мамандық  алуға,  зергерлікке,  ұлттық  спорт  ойындарына 
үйретеді» [1,14].  
  Олай  болса,  қазақтың  ұлттық  педагогикалық  бай  материалдары  жаңа  ғасырдағы 
инновациялық  Қазақстан  мектебінде  ұлттық  мәдениетті  сақтаудың  және  оны  дамытудың 
басты  факторы  болып  табылмақ.  Білім  мен  тәрбие  мазмұнын  жаңа  өркениеттік  бағдар 
тұрғысынан  жетілдіруде  халқымыздың  педагогикалық  және  ұлттық  мәдениеттік  мол 
мұрасын жалпы білім беретін мектептерде пайдалана білу – заман талабы.  
  Экологиялық  білім  мен  тәрбиенің  тамыры  отбасында  нәр  алып,  дамитыны  анық. 
Табиғатты тану процесі бала құрсақта жатқан кезде-ақ басталып, ана мен оның құрсағында 
жатқан  нәрестені  ренжітуге  тыйым  салынған.  Өмірде  көргені  мен  көңіліне  түйгені  көп 
ардақты аналар аяғы ауыр келіндеріне: «Биік тауға қара, көңілің өседі, көңілің өссе, дүниеге 
келер  нәрестең  де  кеңпейілді  болады»,  «Жайқалған  жасыл  желекке,  жайнаған  гүлге  қара, 
сәбиіңнің  жүзі  жарқын,  әрі  шырайлы  болады»,  «Бұлақ  көзін  ашып  жүр,  балаң  қайырымды 
болады», - деп, өсиет-өнегесін айтып отырған [2,5]. Ұрпақ өмірге келгеннен кейін де тәрбие 
жарасымды  жалғасын  тауып,  дами  түскен.  Олай  болса,  адамға  қорек  беретін  –  табиғат, 
адамның  тұрмысын,  кәсібін,  жан  сипаттарын  анықтайтын  -  табиғаттың  шарттары.  Халық 
педагогикасынан  орын  алған  табиғат  арқылы  тәрбиелеу  қазіргі  педагогика  теориясы 
принциптерімен ұштасып жатыр. 
 Әр  халықтың  мінезі,  қылығы,  салты,  пейілі,  талабы,  жігері,  өз  маңайындағы  табиғат 
әсерінен  пайда  болады.  Табиғаттың  тылсым  тынысын  тыңдап,  үнін  естіп,  құпия  сырларын 
ұғынуға  талпынған  кез-келген  халық  одан  үлкен  тағылым  алып,  тәжірибе  жинағаны  анық. 
Сол  жинақтаған  тәжірибесі  негізінде  тіршілік  жайлы,  болмыс  туралы  дүниетанымы, 
табиғаттың  тепе-теңдік  заңы  туралы  тұжырымы  қалыптасқан.  Халықтың  табиғатқа  етене 
жақын  болуына  тарихи  қалыптасқан  өмір  салтының  әсері  зор.  Әрбір  халықтың  табиғатқа 
өзіндік сүйіспеншілігі бар. Мысалы, қазақтар – жазық та жазиралы даласын, грузиндер – биік 
те  асқақ  тауларын,  ненецтер  –  шексіз-шетсіз  тундрасын  сүйеді.  Олардың  бойындағы 
адамгершілік  асыл  қасиеттер  кіндік  қаны  тамған,  өркен  жайып  өскен  туған  жерінің 
табиғатымен тамырласып, тағдырласып жататыны анық. Кез-келген халық балаларға табиғат 
туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп, оны ретті жерінде жүзеге асырып отырған. Бар өмір 
тіршілігі табиғатқа тәуелді болып, оның аясында төл баласы болып өскен аға ұрпақтың туған 
жерге,  оның  табиғатына  деген  қарым-қатынасы  халық  педагогикасында  жан-жақты  көрініс 
тапқан.  Көпшілік  жұрт,  жалпы  қауым  өзін  қоршаған  ортаны,  табиғат  пен  қоғамдағы 
өзгерістерді,  жеке  адамның  басындағы  құбылыстарды  түсінуге,  басқаларға  түсіндіруге 
әрекет жасап, өз танымын кеңейтіп отырған. Халық туған табиғаттың әсемдігін көріп, сезіне 


166 
білу балалардың өмір тәжірибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады, туған 
жерге деген ыстық шексіз сүйіспеншілігін күшейтеді деп есептеген.  
 Қазақ  халқының  көшпелі  өмірінде  табиғат  құбылыстарын  танудың  маңызы  зор  болды. 
Қазақ  көптеген  басқа  халықтар  сияқты  табиғатты  өзгертуге  немесе  оған  үстемдік  етуге 
тырыспаған.  Керісінше,  табиғатқа  бейімделіп,  онымен  гармониялық  қатынас  орнатуды 
мақсат  тұтып,  табиғатқа  жақын  өмір  сүрген.  Қазақ  философиясында  табиғат 
жандандырылған,  оған  тіл  біткен:  күн  жарқырайды,  жұлдыздар  жымияды,  т.б.  Жыл 
мезгілдерін  сипаттауда  «көктем  туды»,  «жаз  басталды»  «күз  түсті»,  «қыс  келді»,  «көктем 
келді»  деп  сөйлеуі  де  –  қазақтың  табиғат  құбылыстарын  жіті  зерттеп,  түсінуі  нәтижесінде 
туған  пәлсапалық  тұжымдамасы.  Сондықтан  қазақтың  көзқарасында  ең  сұлу  көрініс  – 
табиғат көрінісі. Мысалы, қазақтар сұлу жандарды гүлге балайды, қыстың кең тынысын, ақ 
қарын  абзал  адамға,  ерке  балаларға  ұқсатады.  Табиғаттың  әсемдігі  адам  жанын  тазалыққа, 
сұлулыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Қазақ тіліндегі жер жаннаты, тал шыбықтай, таң сәрі, 
телегей  теңіз,  аспанмен  тілдескен  сияқты  тіркестер  –  осының  айғағы.  Халық  эпостары  мен 
ертегілеріндегі  ержүрек  жігіттердің  қыран  құсқа,  сұлу  қыздардың  аққуға,  жезтаңдай 
әншілердің бұлбұлға теңелуі де табиғаттың қыр-сырын жете түсінуінің жемісі.  
  Халқымыздың  табиғатқа  деген  ыстық  ықыласы  мен  жүрекжарды  тілегі  ұлы  дала 
ғұламаларының  шығармашылығымен  тығыз  байланысты.  Мысалы,  Х  ғасырда  өмір  сүрген 
Асан  Қайғы  Сәбитұлының  желмаяға  мініп,  Жерұйықты  іздеуі,  туған  жерінің  табиғатына 
деген  сүйіспеншілігі  күні  бүгінге  дейін  өз  мәнін  жойған  жоқ.  Ал  күллі  түркі  әлемінің 
данышпаны  Қорқыт  ата  мұрасындағы  «Асқар  тауларың  құламасын,  саялы  ағаштарың 
сынбасын, қанаттарың қырқылмасын» деген жолдар кейінгі ұрпақты табиғатты аялай білуге 
шақырған аталы сөз екені анық [3, 7]. Ұлы Абайдың Төртінші қарасөзінде айтылған: «...әуелі 
құдайға  сыйынып,  екінші  өз  қайратыңа  сүйеніп,  еңбегіңді  сау,  еңбек  қылсаң,  қара  жер  де 
береді, құр тастамайды» деген даналық тұжырымының да бүгінгі таңда маңызы зор [4, 17]. 
 Жоғарыдағы  мысалдардан  халық  ұғымында  «табиғат»  деген  сөздің  «туған  жер»  деген 
тіркеспен мағыналас, мазмұндас екенін көреміз. Қазақ танымында «туған жер» «ата қоныс», 
«атамекен»,  «кіндік  қаны  тамған  жер»  сияқты  тіркестердің  де  орны  ерекше.  Атасының  оң-
солын танып келе жатқан немересіне алдымен туған жерімен, құтты қонысымен таныстыруы 
–  осының  айғағы.  Жылдың  әр  мезгілінде  ауылдың  қайда,  қалай  көшетінін,  суды  қайдан 
ішетінін,  жер-су  аттарын  баланың  санасына  сіңіре  білген.  Қазақ  халқы  аңыз-әңгімелерінде, 
өлең-жырларында да өзінің атамекенін, ата қонысын ерекше суреттейді. Сол сияқты «Туған 
жерге туың тік», «Туған жердің түйе аунайтын топырағы да киелі, туған жердің түйе жейтін 
жантағы  да  киелі»,  «Күте  білсе  –  жер  жомарт»,  «Жері  байдың  –  елі  бай»  сияқты  мақал-
мәтелдер  де  бұл  ойымызды  дәлелдей  түседі  [5,38].  Қазіргі  ұлан-байтақ  жерімізді  ата-
бабамыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат қылып тастап кетуінің 
өзі  –  сол  табиғатқа  деген  құрметтен  туған.  Табиғат,  туған  жер,  Отан  деген  сөздерге  «Ана» 
деген  киелі  ұғымның  қосылып  айтылуында  да  зор  мән  бар,  себебі  бұл  сөз  адамды  дүниеге 
әкелуші, оған өмір сыйлаушы, мейірім шапағатын арнаушы ардақты «Ана» дегенді нақтылай 
түседі.  Оны  қазақтың  біртуар  ақыны  Жұбан  Молдағалиевтың  төмендегі  өлең  жолдарынан 
көруге болады: 
Туған жерді Анам демей не дейін, 
Туған жерді панам демей не дейін. 
Туған жермен асқақ менің ән-жырым, 
Туған жермен асқақ менің мерейім! [6, 56]. 
 Табиғатты  қорғап,  аялаған  жағдайда  ғана  оның  берері  мол  екенін  жақсы  түсінген 
халқымыз оған қатысты тыйым сөздерді де тәрбие құралы ретінде шебер қолданған. Қазіргі 
уақытта күнделікті өмірде «Суға түкірме»,  «Суды ластама», «Бұлақты былғама», «Су ішкен 
құдығыңа  түкірме»  сияқты  тыйым  сөздер  тіршілік  көзі  болып  табылатын  сумен  тығыз 
байланысты.  Сол  сияқты  «Көкті  жұлма»,  «Көкті  таптама»,  «Орманды  отама»,  «Жалғыз 
ағашты кеспе», «Бауға балта шаппа» сияқты тыйым сөздер мен «Бір тал кессең, он тал ек», 
«Шөпті жұлма, көктей соласың»,  «Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ» сияқты мақал-
мәтелдер  кейінгі  ұрпаққа  табиғат  байлығына,  оның  ішінде  өсімдіктер  әлеміне  ерекше  мән 
беріп,  оны күтіп-баптау  қажеттілігін  міндеттеп тұр.  «Аққуды  атпа»,  «Құсқа тас  лақтырма», 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау