Регламенті Жалпы ережелер «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу»



жүктеу 163,54 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі163,54 Kb.
#232
түріРегламент

Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 24 сәуірдегі

№ 136/4 қаулысымен

бекітілді



«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің   1-қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі үй жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимылдар тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме:

1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша өтiнiш;


      2) баланың тууы туралы куәлiгiнiң немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерiнiң анықтамалары);

4) мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);


      5) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

6) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

7) зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн – зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесi;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiктiң көшiрмесi болып табылады.

Құжаттардың көшiрмелерi түпнұсқаларымен қоса ұсынылады, салыстырып тексерiлгеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.


2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон бередi - 30 (отыз) минуттан аспайды.

Көрсетiлетiн қызметтi берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 11 (он бір) жұмыс күні ішінде.

Көрсетiлетiн қызметтi берушінің басшысы құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 ( бір) жұмыс күні ішінде.

Көрсетiлетiн қызметтi берушінің бас маманы құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға өзі келгенде береді немесе көрсетілетін қызмет алушының өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жібереді - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

3. Рәсімнің нәтижесі құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

2. Рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) және 3-қосымшада (блок-сызба) көрсетілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1-қосымша



Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

және байланыс деректері


Р/с



Арнайы комиссияның жұмыс

органының атауы

Байланыс деректері

1

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Кривенко көшесі, 25-үй

телефон: 8(7182) 323332

opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz



2

«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы

Ленин көшесі, 36 б-үй,

телефон: 8(71877)70455

zan_ekibastuz@mail.ru



3

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,

Советов көшесі, 10-үй

телефон: 8(71837)50105

zanak@yandex.ru



4

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы

Абай көшесі, 118-үй

телефон: 8(71841)21173

aktogai_sozprog@mail.ru



5

«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы

Сәтбаев көшесі, 56-үй

телефон: 8(71840)91481

pavlzan@yandex.ru



6

«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы

Квитков көшесі, 7-үй

телефон: 8(71831)22146

gelez_oszn@mail.ru



7

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы

Бөгембай көшесі, 97-үй

телефон: 8(71832)21474

irtyshk@yandex.ru



8

«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы

Елгин көшесі, 139-үй

телефон: 8(71833)21371

kachirrouz@mail.ru



9

«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы

Мир көшесі, 7-үй

телефон: 8(71839)21399

AKKU@yandex.ru



10

«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Май ауданы

Уәлиханов көшесі, 34-үй

телефон: 8(71838)91434

center5556@rambler.ru



11

«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы

Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй

телефон: 8(7182)533133

defence6@mail.ru

defence6@rambler.ru


12

«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы

10 лет Независимости көшесі, 27-үй

телефон: 8(71834)91400

zanusp@mail.ru



13

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы

1 Май көшесі, 18-үй

телефон: 8 (71836)21354

sherb_zanet@mail.ru


«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер 

көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне



2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


Негізгі рәсімнің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының,

ағынының) №

1

2

3

4

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Ұсынылған құжаттарды қабылдау және тексеру. Кіріс құжаттар журналында тіркеу, құжаттарды қарау


Құжаттарды қарау

Қол қойылған құжат-тарды беруді жүзеге асыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Үзбелі талон беру

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе мемле-кеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға немесе мемле-кеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды ресімдеу туралы хабар-ламаны немесе мемле-кеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

5

Орындау мерзімдері

30 минуттан аспайды

11 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне



3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттауды көрсететін блок-сызба










жүктеу 163,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау