Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап Есептеу мен төлеу тәртібі



жүктеу 16,95 Mb.
бет67/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97

569-бап Есептеу мен төлеу тәртібі


1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып, төлеушiлер дербес есептейді..

2. Тіреуіш гидротехникалық және су реттеуші қондырғылары бар су объектілерінде су көлігімен тасымалдау көлемі үшін төлемақы сомасы тасымалданған жүктің тоннасы/шақырымына қарай есептеледі.

3. Төлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың 25-інен кешiктiрмей бюджетке төлейді.

4. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.

5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақыны осы Кодекстің 466-бабына белгіленген мерзімде төлеуді жүргізеді.

570-бап. Салық кезеңі


Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

571-бап. Салық есептілігі


1. Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану орны бойынша мемлекеттік кірістер органына төлемақы бойынша декларацияны тапсырады.

2. Декларацияны, осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден басқа, төлемақы төлеушілер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей төлейді.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы бойынша салық есептілігін бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде тапсырады.

4. Декларация мемлекеттік кіірстер органына ұсынылғанға дейін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

§ 4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы

572-бап. Жалпы ережелер

1. . Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндіріс пен тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты мәліметтерді (көлемі, уақытша сақтаудың белгіленген мерзімі, нақты орналастыру кезеңі) табыс етеді.


3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және оның жергілікті атқарушы органдары өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауды тексеруді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында анықталған, қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі туралы мәліметтерді осындай тексерулердің нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шағым жасауды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау мерзімі өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
573-бап. Төлемақы төлеушілер

1. Қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлға өз шешімімен осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясы көлемі бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер заңды тұлға өз шешімімен жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныған жағдайда, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осындай құрылымдық бөлімшенің құрылған жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданатын, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі таратылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша салық төлеушілер төлемақыны төлеушілер болып табылмайды.

574-бап. Салық салу объектісі


Қоршаған ортаға эмиссиялардың мынадай:

1) ластаушы заттар шығарындылары;

2) ластаушы заттар төгінділері;

3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтары;

4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірт түрлеріндегі нақты көлемі, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау