1. Төлемақы сомасын:
төлеуші қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерiн және төлемақыға белгіленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып есептейдi;
салық органдары осы Кодекстің 564-бабының 3 тармағымен бекітілген тәртіпте, нысанда және мерзімде ұсынылған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық органдарымен жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша, олардың мәліметтерінде көрсетілген бекітілген төлемақы мөлшерлемесін және қоршаған ортаға эмиссияның декларацияда көрсетілмеген көлемін негізге ала отырып есептейді.
Салық органдарымен төлемақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында бекітілген негіздер бойынша төленген жағдайда, осы Кодекстің 564-бабының 3 тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық органымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мәліметі негізінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы сомасының төленгендігі туралы хабарлама шығарылады.
2. Электр энергиясын өндіру кезіндегі Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарымен және коммуналдық қызмет көрсету кезіндегі табиғи монополиялар субъектілерімен құралатын эмиссия көлемі үшін төлемақы сомасын төлеу кезінде төлемақы мөлшерлемесіне келесі коэффициенттер қолданылады:
0,3 – осы Кодекстің __ бабының 2 тармағымен бекітілген мөлшерлемелеріне осы Кодекстің __ бабының 8 тармағына сәйкес оларды жергілікті атқарушы органдар асыру есебімен;
0,43 - осы Кодекстің __ бабының 5 тармағымен бекітілген мөлшерлемелеріне осы Кодекстің __ бабының 8 тармағына сәйкес оларды жергілікті атқарушы органдар асыру есебімен;
0,05 - осы Кодекстің __ бабының 6 тармағының 1.3.3 жолымен бекітілген мөлшерлемелеріне осы Кодекстің __ бабының 8 тармағына сәйкес оларды жергілікті атқарушы органдар асыру есебімен.
Жеке тұлғалармен олардың тұрғылықты жері бойынша құралатын қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі үшін коммнулдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондардың төлемақы сомасын есептеу кезінде 6 тармақтың 1.1 жолымен бекітілген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициент қолданылады.
Сонымен қатар, осы тармақпен бекітілген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында бекітілген көрсеткіштер шеңберінде қоршаған ортаға эмиссия көлеміне қолданылады.
3. Жылдық жиынтық көлемі 100 АЕК-ге дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
Рұқсат құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатында көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Ластанудың қозғалмалы көздері бойынша төлем сомасы бюджетке:
мемлекттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – осындай тіркеу жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік органмен айқындалатын қозғалмалы көздерді тіркеу орыны бойынша;
мемлекттік тіркеуге жатпайтын қозғалмалы көздер бойынша – салық төлеушінің орналасқан жері бойынша, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша (егер оған салық міндеттемелерін орындау жүктелсе) енгізіледі.
5. Төлемақы төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi үшiн төлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей енгізедi..
577-бап.Салық кезеңі
Салық кезеңi осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына декларация тапсырады.
Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады.
2. Төлемақы төлеушiлер, осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, декларацияны тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей ұсынады.
3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
4. Рұқсат құжаты осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
§ 5. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы 579-бап. Жалпы ережелер
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Мынадай жағдайларда:
1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, қоныс аударту, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып қойып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.
4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |