Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Есептеу және төлеу тәртібі



жүктеу 16,95 Mb.
бет75/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97

595-бап. Есептеу және төлеу тәртібі


1. Төлем сомасы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен техникалық өлшемдерге, соның ішінде рұқсат құжаттарында көрсетілген берілетін радиоэлектрлі құралдың қуатына байланысты сәйкес, радиобайланыс түріне және радиожиілікті спектрдің пайдаланылу аумағына қарай жылдық төлем мөлшерлемесінің негізінде есептеледі.

2. Салық кезеңінде радиожиілікті спектрді пайдалану кезеңі бір жылдан кемді құраған жағдайда төлем сомасы бір жылға есептелген төлем сомасын он екіге бөліп, бір жылда радиожиілікті спектрді пайдаланудың нақты кезеңінің тиісті айлар санына көбейту арқылы айқындалады.

Бұл ретте радиожиілікті спектрді пайдаланудың нақты кезеңі есепті салық кезеңінде салық кезеңінің басынан бастап (радиожиілікті спектрді пайдалануға құқық рұқсат құжатының негізінде жаңа кезеңі басталған күнде әрекет еткен (туындаған) жағдайда) немесе осындай құқық пайда болған айдың 1 күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (осындай құқық салық кезеңінің аяқталу күнінеболған (әрекет еткен) жағдайда) айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жылдық төлем сомасын көрсете отырып хабарлама жазады және төлем төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.

Радиожиілікті спектрді пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын көрсетілген мерзімнен кейін алған жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші радиожиілікті спектрді пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей төлем сомасын көрсете отырып салық төлеушіге хабарлама жібереді.

4.Егер осы тармақта өзгеше белгіленбеген болса, жылдық төлем сомасы төлем төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке тең ұлесте 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей төленеді.

Радиожиілікті спектрді пайдалануға рұқсат құжатын жоғарыда аталған төлем мерзімдерінің бірінен кейін алған жағдайда бюджетке төлем енгізудің бірінші мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін келесі кезекті төлем мерзімі болып табылады.

Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлем сомасы ағымдағы салық кезеңіндегі алдағы төлем мерзімдеріне тең үлеспен бөлінеді.



  1. Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасының салық төлеушілері ретінде тіркелмегеназаматтығы жоқ шетелдіктер мен бейрезидент заңды тұлғалар радиожиілікті спектрді пайдалануға рұқсат құжатында көрсетілген радиожиілікті спектрді пайдалануға құқық қолданылатын барлық кезеңге, бірақ осындай рұқсат алынған айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмейтін мерзімде кем дегенде 1 ай бұрын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемді төлейді.

596-бап. Салық кезеңі


Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

§ 8. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлем

597-бап. Жалпы ережелер


1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлем (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша - төлем):

1) Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2) ұялы байланысты ұсыну құқығы үшін алынады.

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салық төлеушілердің орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданыс кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:


1) осы Кодекстің __быбының 3-тармағында белгіленген жағдайларда, - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;

2) осы Кодекстің __бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда, - салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей мәліметтерді табыс етеді.

598-бап. Төлемақы төлеушілер


Төлемақы төлеушілер «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға құқық алған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын заңды тұлғалар болып табылады.

599-бап. Салық кезеңі


Төлемақыны төлеудің салық кезеңі болып күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығы табылады.

600-бап. Төлемақы мөлшерлемелері


Төлемақы мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

601-бап. Есептеу және төлеу тәртібі


1. Төлемақы сомасын төлемақының бекітілген мөлшерелемесі және алдыңғы жыл бойынша салық төлеушінің электр байланысы (телекоммуникация) қызметін жүзеге асырудан түскен кірісіне сүйене отырып уәкілетті мемлекеттік органдар есептейді.

2. Егер қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кемді құраса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, бір жылда қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынудың нақты айлар санына көбейту арқылы айқындалады.

Бұл ретте қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынудың нақты кезеңі есепті салық кезеңінде салық кезеңінің басынан бастап (қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға құқық рұқсат құжатының негізінде жаңа кезеңі басталған күнде әрекет еткен (туындаған) жағдайда) немесе осындай құқық пайда болған айдың 1 күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (осындай құқық салық кезеңінің аяқталу күніне болған (әрекет еткен) жағдайда) айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып хабарлама жазады және төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну құқығын куәландыратын рұқсат құжатын көрсетілген мерзімнен кейін алған жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей төлемақы сомасын көрсете отырып салық төлеушіге хабарлама жібереді.

4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбеген болса, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке тең ұлесте 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей төленеді.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға рұқсат құжатын жоғарыда аталған төлемақы мерзімдерінің бірінен кейін алған жағдайда бюджетке төлемақы енгізудің бірінші мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін келесі кезекті төлем мерзімі болып табылады.



Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы салық кезеңіндегі алдағы төлем мерзімдеріне тең үлеспен бөлінеді.



жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау