564-бап. Салық есептілігі
1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер:
1) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;
2) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша – жер қойнауын пайдаланушыға қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.
3. Есепті салық кезеңiнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-cынан кешiктiрмей табыс етедi.
4. Есепті салық кезеңiнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде шарт қолданысының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, ағымдағы төлемдер сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.
§ 3. Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы 565-бап. Жалпы ережелер 1. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырылатын арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады. 2. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.
3. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңiрлiк органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнаулы су пайдалануға берілген рұқсаттары, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдалану рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер, су заңнамасын сақтау бойынша тексеру нәтижелері, су заңнамасын сақтау бойынша тексеру нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-інен кешiктiрмей табыс етеді.
566-бап. Төлемақы төлеушілер
Мынадай:
1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;
4) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін тоқтатуы мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныған жағдайда, мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
567-бап. Салық салу объектілері 1. Салық салу объектiлері: 1) мыналар: бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін; ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған су шығындарын; су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн; су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi; 2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi; 3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi болып табылады;
2. Төлемақы:
1) кеме тiркемесiнсiз сүректі ағызуға, рекреацияға;
2) жер қазатын техниканы қолдануға;
3) батпақты құрғатуға пайдаланылған су көлемі үшін алынбайды.
568-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.
2. Су алудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осындай асып кеткен бөлiгінде осы баптың 1-тармағында көзделген бес есе ұлғайтылған төлемақы мөлшерлемелер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |