Декларациялауға ұсынылған құжаттардың
толықтығына тексеру жүргізуге арналған
№ _______ шарт
Астана қ. «__»___________201__ жыл
«Қазақстан теміржол көлігінде сертификаттау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ҚазТКСО» ЖШС), аккредиттеу жүйесінде ______ № ______тіркеліп, бұдан әрі Орындаушы деп аталып, __________ негізінде әрекет ететін , __________ бірінші тараптан, және
Өтінім беруші-ұйымның атауы, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталып, __________негізінде әрекет ететін __________ тұлғасында екінші тараптан, бірлесе тараптар деп аталып, ал жеке-жеке тарап деп аталып, төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі - шартты) жасасты.
I. Шарттың мәні
1. Орындаушы келесі қызметтерді көрсетуге міндеттеме алады:
I кезең: (конструкторлық және технологиялық құжаттаманың шартты атауы және атауы) бойынша (өнім өндірушінің атауы) шығарған өнімнің атауы және шартты атауы (бұдан әрі - өнімді) __________ сәйкестікке декларациялау схемасы бойынша, __________ талаптарының сәйкестігіне декларациялау үшін Тапсырыс беруші ұсынған құжаттардың толықтығына, сондай-ақ сәйкестік туралы декларацияны толтыру дұрыстығына тексеру жүргізуге.
II кезең: Сәйкестік сертификаттарын және Орындаушыға келіп түскен (конструкторлық және технологиялық құжаттаманың шартты атауы және атауы) бойынша шығарылатын (өнімнің атауы) сәйкестік туралы декларацияларының тіркелген декларацияларын Бірыңғай тізілімде тіркеуді жүзеге асыру, Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмеуі болмаған жағдайда.
II. Тараптардың құқықтары және міндеттері
2. Тапсырыс беруші:
кез-келген уақытта бір жақты тәртіпте Шартты бұзуға, бұл туралы бұзу күніне дейін Орындаушыны 20 (жиырма) күнтізбелік күн бұрын жазбаша ескертуге құқығы бар;
3. Тапсырыс беруші міндетті:
3.1. Орындаушыға қажетті нормативтік құжаттарды және өнімді сәйкестендіру мен оның белгіленген талаптарға сәйкестігін (тауар жолдама құжаттары, өнімдердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері, сапа менеджменті жүйесінің сертификаты, өнімнің қауіпсіздігі туралы қадағалаушы ұйымдардың қорытындысы және басқалары) бағалауға мүмкіндік беретін өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да құжаттарды ұсынуға;
3.2. Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген қағидаларды, сертификаттау бағдарламасының ережелерін сақтауға;
4. Орындаушы құқылы:
4.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартты бұзуға;
4.2. шарт бұзылған жағдайда Тапсырыс берушінің төлеген сомасынан көрсетілген нақты қызметтердің сомасын ұстап қалуға.
5. Орындаушы міндетті:
5.1. декларациялауға ұсынылған құжаттардың толықтығын қарастыру нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге тиісті қорытындының түпнұсқасын беру;
5.2. декларациялау үшін құжаттардың кешені келіп түскен сәттен бастап __ (__) жұмыс күні ішінде белгіленген тәртіпте тиісті қорытындыны дайындау;
6. Тараптар шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа құқықтарды пайдаланып, басқа жауапкершіліктерге ие.
III. Қызмет құны және есептесу тәртібі
7. Шарт бойынша қызмет құны 317 400 (үш жүз он жеті мың төрт жүз) теңгені құрайды, соның ішінде ҚҚС 12% - 34 007 (Отыз төрт мың жеті) теңге.
Қызметтердің жеке кезеңдерінің құны Жұмыс жоспарымен (шарттың қосымшасы) айқындалады.
8. Шарт бойынша қызмет құнын төлеуді Тапсырыс беруші шарттың 7-тарауында көрсетілген құнды 100 (жүз) процент көлемінде шарттың Х тарауында көрсетілген Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын аудару арқылы алдын-ала төлеумен жүргізеді. Тапсырыс берушінің қызмет төлемі бойынша міндеттемелерінің орындалуы Орындаушының есеп шотына тиісті ақша қаражатының толық көлемде түсу фактімен танылады.
9. Шарт бойынша қызмет көрсетілгеннен кейін, сондай-ақ шарт бойынша төлем сомасын алғанда Орындаушы қызмет көрсеткен күннен бастап немесе төлем сомасын алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей тиісті шот-фактура ұсынады.
IV. Қызмет көрсету және қызметтерді тапсыру-қабылдау тәртібі
10. Сәйкестік туралы декларация тіркеуге келіп түскен күннен бастап 4 «төрт) жұмыс күні ішінде Орындаушы тексеру жүргізеді:
Тапсырыс берушінің сәйкестік туралы декларацияны дұрыс және толық толтыруы;
Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін көзделген барлық қажетті құжаттардың болуы;
Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына өнімнің белгілі бір түрінің сәйкестігін белгілейтін Кеден одағыны техникалық регламент нормаларының болуы сәйкестік туралы декларацияны қабылдаумен расталуы мүмкін;
сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған Тапсырыс берушінің белгілі өнім түрлері үшін өтінім берушілер шеңберін бекітетін Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі.
11. Тапсырыс берушінің ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша Орындаушы сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Берілген сәйкестік сертификаттарын және тіркелген сәйкестік сертификаттарын бірыңғай тізілімінде сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді жүзеге асырады, не болмаса Тапсырыс берушіні оны тіркеуден (бас тарту негіздемелерін көрсете отырып) бас тарту туралы хабарлайды.
12. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуде Орындаушының бас тартуына негіздеме болып табылатындар:
Орындаушының аккредиттеу саласы сәйкестік туралы декларацияда көрсетілген өнімге қолданылмайды;
Тапсырыс берушінің сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін көзделген құжаттардың толық көлемде ұсынбауы;
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсанда №293 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенті және оларды ресімдеу қағидаларының талаптарына сәйкестік туралы біртұтас декларация нысанында көзделген сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу жөніндегі талаптарды Тапсырыс берушінің сақтамауы;
белгілі бір өнім түрінің Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкестігі сәйкестік туралы декларацияны қабылдау түрінде расталуын белгілейтін Кеден одағының техникалық регламентінің нормаларының болмауы;
сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған Тапсырыс берушінің сәйкестікті декларациялау кезінде өтінім берушілердің шеңберін белгілейтін Кеден одағының техникалық регламентінің ережелеріне сәйкессіздігі.
13. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тартқан жағдайда Орындаушы:
Жұмыс жоспарының І кезеңінде көзделген қызметтерді тапсыру-қабылдау актін ресімдеп, Тапсырыс берушінің атына жібереді;
Жұмыс жоспарының ІІ кезеңінде көзделген қызметтердің құнын шарттың Х тарауында көрсетілген Тапсырыс берушінің есеп шотына қайтару Жұмыс жоспарының І кезеңінде көзделген қызметтерді тапсыру-қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
Жұмыс жоспарының І кезеңі бойынша қызметтерді тапсыру-қабылдау актісіне Тапсырыс беруші алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қоюы тиіс. Егер Жұмыс жоспарының І кезеңі бойынша қызметтерді тапсыру-қабылдау акті аталған мерзім ішінде Тапсырыс беруші қол қоймаған болса немесе Тапсырыс беруші актіге қол қоюдан бас тартудың дәлелді себептерін ұсынбаса, Орындаушы қол қойған біржақты акті Жұмыс жоспарының І кезеңі бойынша Орындаушының тиісті қызмет көрсетуін растау деп саналады.
14. Шарт бойынша қызмет көрсетілгеннен кейін Орындаушы Тапсырыс берушіге шарт бойынша қызметтерді тапсыру-қабылдау актісін ұсынады, оған Тапсырыс беруші алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қоюы тиіс. Егер шарт бойынша қызметтерді тапсыру-қабылдау актісіне аталған мерзім ішінде Тапсырыс беруші қол қоймаған болса немесе Тапсырыс беруші актіге қол қоюдан бас тартудың дәлелді себептерін ұсынбаса, Орындаушы қол қойған біржақты акті шарт бойынша қызметтерді Орындаушының тиісті түрде көрсетуін растау деп танылады.
V. Шарттың қолданыс мерзімі, өзгерту және бұзу негіздемесі
15. Шарт оған тараптар қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
16. Тараптар қол қойған шарт бойынша қызметтерді тапсыру-қабылдау акті (немесе Жұмыс жоспарының І кезеңі бойынша қызметтерді тапсыру-қабылдау акті) шарттың қолданыс мерзімінің аяқталуының негіздемесі болып табылады.
17. Шартты өзгерту және бұзу тараптардың жазбаша келісімі негізінде ғана мүмкін.
VI. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
Тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер оларды орындау немесе тиісті түрде орындау еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан мүмкін болмаса, яғни шартты жасасқаннан кейін туындаған берілген жағдайлардың салдарынан еңсерілмейтін болса немесе төтенше жағдайлардың салдарынан туындаған болса.
Аталған жағдайлардың туындауы Тапсырыс беруші үшін аталған еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуына дейін көрсетілген қызметтердің төлемін төлеуден бас тарту үшін негіздеме болып табылмайды.
Еңсерілмейтін күш жағдайлары кезінде және тараптардың міндеттемелерінен, жауапкершіліктерінен босататын басқа жағдайлардың кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады, шарт міндеттемелерін орындамағаны үшін салынатын айыптарқолданылмайды, шартміндеттемелерін орындау мерзімі туындаған еңсерілмейтін күш жағдайына жәнен олның салдарын жою үшін саналы мерзімге қарай аралыққа ұзартылады.
Егер еңсерілмейтін жағдайларының әсері күнтізбелік алпыс күннен артық болса, тараптар өзара есеп айырысу арқылы шартты бұза алады.
Еңсерілмейтін күш жағдайына сілтеме жасаушы тараптар тиісті ресми ақпарат жарияланған сәттен бастап он күндік мерзім ішінде куәландырушы құжатты ұсына отырып басқа тарапты бұл туралы хабардар етеді.
VII. Құпиялылық
23. Тараптар шартты орындау барысында анық болған құпия ақпаратты жария етпеуге міндеттеледі.
24. Тараптар құпия ақпарат деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия режимі енгізілген мәліметтердің иелеріне қатысты мәліметтерді таниды.
VIII. Тараптардың жауапкершіліктері және дауларды шешу
25. Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты.
26. Шартты орындау процесінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
27. Дауларды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілен тәртіпте Астана қаласының сотында қаралады.
IX. Басқа шарттар
28. Орналасқан жерлері, почталық мекенжайлары, телефон, факс номерлері, банк және басқа деректемелерінің өзгеруі туралы тараптар бір-бірін өзгертулер туындаған сәттен бастап бес күндік мерзім ішінде хабардар етуге міндетті.
29. Шарт әрбір тарап үшін бір данадан, бірдей заңды күші бар екі данада құрылған.
30. Шартта көзделмеген тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
31. Шарттың қосымшалары, өзгертулері мен толықтырулары оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қосымша:
Жұмыс жоспары
X. Тараптардың мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
ОРЫНДАУШЫ:
«ҚазТКСО» ЖШС
Заңды мекенжайы: __________
Почталық мекенжайы: __________
БСН __________
ЖСК __________
Банктің атауы __________
БСК __________
e-mail: __________
тел./факс __________
_________________________
(лауазымы)
_______________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
Тапсырыс берушінің атауы
Заңды мекенжайы: __________
Почталық мекенжайы: __________
БСН __________
ЖСК __________
Банктің атауы __________
БСК __________
e-mail: __________
тел./факс __________
_________________________
(лауазымы)
_______________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
Декларация жүргізуге арналған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізуге арналған
«__»__________201__ж.
№ _______ шарттың
қосымшасы
Жұмыс жоспары
Кезеңнің №
|
Қызмет атауы
|
Қызмет құны, соның ішінде ҚҚС 12% (теңге)
|
1
|
Тапсырыс беруші сәйкестік декларациясын жүргізу үшін ұсынған құжаттарды және мәліметтерді тексеру
|
295 182,00
|
2
|
Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді жүзеге асыру және сәйкестік белгісін қолдануға рұқсатнама ресімдеу
|
22 218,00
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
317 400,00
|
ОРЫНДАУШЫ:
«ҚазТКСО» ЖШС
_______________________
(лауазымы)
___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
|
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
Тапсырыс берушінің атауы
_________________________
(лауазымы)
___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
Достарыңызбен бөлісу: |