Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет60/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97

549-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер


1. Алымдар – мемлекеттік кіріс органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:

1) тіркеу іс-әрекеттерін;

2) рұқсат беру құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша іс-әрекеттерді жасаған кезде алынатын бір реттік міндетті төлемдер.

2. Осы тараудың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдардың мына әрекеттерді жасауы: іс-әрекеттері деп түсініледі.

1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

2) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу;

3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу;

4) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды;

5) көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

7) авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркеу;

8) теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды мемлекеттік тіркеу (есепке қою);

9) шағын қаржы ұйымдарын есептік тіркеу іс-әрекеттері деп түсініледі.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар мынадай:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға арналған лицензиялар;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын рет теу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттарының, банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін келісімдердің;

3) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарына жол жүру үшін (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарына жол жүру үшін алым) берілетін: халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;

Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу), халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті;

ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүруі;

4) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган телевизиялық және радио тарату ұйымдарының (радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты (сондай-ақ олардың телнұсқалары) өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;

5) авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;

6) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға және (немесе) оны ұзартуға рұқсаттар үшін рұқсат құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру кезінде алымдар алынады.

4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ алудың толықтығы, есептелген (есепке жазылған) алымдардың бюджетке уақтылы төленуіне, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдларына берілетін мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

5. Осы Кодекстің 583-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша (беруді толық автоматтандырғанға дейін) мемлекеттік кірістер органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ұсынады.

550-бап. Алымдарды төлеушілер


1.Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырылған кезде алымдар алу көзделген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» заңнамаларымен айқындалған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз, шетелдік жұмыс күшін тартушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге және (немесе) оны ұзартуға алымды төлеушілер болып табылмайды.


551-бап. Алымдарды есептеу және төлеу тәртібі

1. Алымдар сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті органға тиісті құжаттар табыс етілгенге дейін немесе рұқсат беру құжаттары алынғанға дейін алымдарды төлеушілердің орналасқан жері бойынша төленеді.

2. Тиісті рұқсат беру құжаттарын ресімдеместен, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралдарының жол берілген өлшемшарттарын бұза отырып автокөлік құралының жол жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы бюджетке осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құрылының жол жүргені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару арқылы жүргізіледі не осы Кодекстің бабының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген рұқсат беру құжаттарын берген кезде алымды бақылау-өткізу пунктерінде не уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде уәкілетті мемлекеттік органның арнайы жабдықталған өзге де орындарында қолма-қол ақшаны енгізу арқылы төлеген жағдайда жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құрылының жол жүргені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомасын көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға күн сайын кейіннен бюджетке есептеу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған келесі операциялық күннен кешіктірмей тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күнделікті түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен төмен соманы құрайтын болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құрылының жол жүргені үшін алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкісінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес сәйкестендіру нөмірі қойылады.



4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге және (немесе) оны ұзартуға алым облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан олардың халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалған тәртіпте Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсатты беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдау туралы хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау