17-ТАРАУ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
136-бап. Жалпы ережелер
1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.
2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.
3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:
1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту;
3) тәуекел дәрежесі төмен деп белгіленген салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылауды азайту.
4. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігінің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті адамдардан алынған мәліметтерді,
сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды жүзеге асырады.
Салық органдары осындай талдау нәтижелерінің негізінде:
салық төлеушілерді тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санатқа жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлуді;
осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдануды жүзеге асырады.
5. Тәуекелдерді басқару жүйесі осы Кодексте көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
137-бап. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі
1. Мынадай өлшемшарттарды:
салық жүктемесін;
бір жұмыскердің орташа айлық жалақысын;
салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар мен кірістер сомасын;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған адамдармен, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған адамдармен өзара есеп айырысулары бар салық төлеушілермен жасалған мәмілелерді;
салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсетуді;
бұрын табыс етілген салық есептілігіне көп рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды;
осы Кодексте белгіленген, арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін көрсеткіштердің бірнеше рет шекті мәнге жақындауын;
тәуекел дәрежесін төмендетуі мүмкін өлшемшартты;
уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін өлшемшарттарды;
қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатындағы өлшемшартты қоспағанда, тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары құпия ақпарат болып табылады.
2. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Осы баптың 2-тармағын қоспағанда, құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді және оның ішінде мынадай ақпаратты:
1) тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді;
2) санаттарға бөлу нәтижелері туралы салық төлеушілерге ақпарат беру тәртібін және мерзімдерін;
3) ол бойынша салық төлеуші тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттар туралы салық төлеушіге ақпарат беру тәртібін және мерзімдерін;
4) салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі туралы ақпартты өзектілендірудің кезеңділігін қамтиды.
18-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
§ 1. Салықтық тексерулер жүргізу бойынша жалпы ережелер
138-бап. Салықтық тексеру ұғымы
1. Салықтық тексеру – қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық міндеттемесінің орындалуын қоспағанда (қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындылары үшін төлемақы бойынша салық міндеттемесінен басқа), салық органы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру.
2. Салықтық тексерулерді салық органдары ғана жүзеге асырады.
139-бап. Салықтық тексерулерге қатысушылар
1. Мыналар:
1) ұйғарымда көрсетiлген салық органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық органдары салықтық тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар;
2) салықтық тексерулер бойынша мынадай тексерілетін адамдар:
осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 13) – 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - ұйғарымда көрсетiлген аумақ учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;
салықтық тексерулердің басқа нысандары кезiнде – ұйғарымда көрсетiлген салық төлеушi (салық агенті) салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.
2. Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін салық органы осындай арнайы білімге және дағдыларға ие маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге тартуға құқылы.
Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық органының лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, оның ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.
3. Салықтық тексеру тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттарға, ақпаратқа ие адамдарға, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкіліне де қатысты жүзеге асырылады.
4. Салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушіні (салық агентін) іріктеу мақсатында салық органдары тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға құқылы.
140-бап. Салықтық тексерулер нысандары
1. Салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық тексеру жүргізу салық төлеушінің қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.
3. Салық органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудің жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiне салықтық тексерулерді жүзеге асыруға құқылы.
4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу әрекеті (әрекеттері) бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органдары аталған мәселелер бойынша тақырыптық салықтық тексерулерді:
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық төлеушіге жіберілгенге дейін;
осы Кодекстің 116-бабының 5-тармағында белгіленген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау бойынша мерзім өткенге дейін жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Салықтық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 47-бабында айқындалған тәртіппен есептелетін мерзімнен аспауға тиіс.
Бұл ретте салық төлеушілерге кешенді немесе тақырыптық тексерулер жүргізу шеңберінде қарсы тексеру тағайындалған кезде тексерілетін кезеңге сәйкес келетін кезең үшін қарсы тексеру жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Тексерілетін кезеңді айқындау кезінде салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлері бойынша кешенді тексеру, тақырыптық тексеру тағайындалған жағдайда, салықтар бойынша аудитте қамтылған салық кезеңі қосылмайды.
Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) - 23) тармақшаларында, 146-бабының 3-тармағының 2) - 13) тармақшаларында көрсетілген салықтық тексерулерге, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге, жер қойнауын пайдаланушыларға, акцизделетін өнімнің жекелеген түрлерінің, биоотынның өндірісі және айналымы бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды. 2020 жылдан бастап.
141-бап. Кешенді тексеру
1. Кешенді тексеру – салықтар, бюджетке төленетiн төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша салық міндеттемесінің орындалу мәселелері бойынша салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру.
2. Кешенді салықтық тексеруге тақырыптық салықтық тексерулер, оның ішінде:
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;
халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы;
трансферттiк баға белгiлеу;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;
орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
3. Салық төлеуші (құрылымдық бөлімше) таратылған (қызметін тоқтатқан) кезде салықтық тексерулер кешенді салықтық тексеру (бұдан әрі – тарату салықтық тексеруі) нысанында ғана жүргізіледі.
Салық төлеушінің осындай тексеру жүргізуге салықтық өтініш беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен шығарылған кезде кешенді тексеру жүргізілмейді.
142-бап. Тақырыптық тексеру
1. Тақырыптық тексеру - мынадай:
1) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетiн төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;
3) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған
шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау;
4) салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;
5) халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы;
6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау;
7) бейрезидент бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың қолданылуына байланысты шартты банк салымынан қайтаруға ұсынған табыс салығын растау;
8) бейрезиденттiң табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерінің қолданылуына байланысты шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтінішінде мәлімделген;
9) осы Кодекстiң 116-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң орындамауы;
10) осы Кодекстiң 94-бабында көзделген талаптардың орындалуы;
11) салық төлеушiнiң тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға берілген шағымында жазылған;
12) салық органдарында тiркеу есебiне қою;
13) бақылау-касса машиналарының болуы;
Осы тармақшада көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексеру ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режимде жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасына қатысты жүргізілмейді;
14) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
15) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында жылжыту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкету кезінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауларының, санының (көлемінің) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
16) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкету кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
17) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;
18) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiнің сақталуы;
19) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарының сақталуы;
20) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмнің орындалуы;
21) шот-фактураларды электрондық нысанда жазу тәртібінің сақталуы;
22) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты төмендетілген кедендік баж мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар қалдықтарының болуын растау;
23) ірі салық төлеушілер мониторингі шеңберінде уәжделген шешімнің орындалмау мәселелерi бойынша салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты салық органы жүргiзетiн тексеру.
2. Тақырыптық тексеру мынадай:
1) әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы;
2) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;
3) трансферттiк баға белгiлеу;
4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша да жүргізілуі мүмкін.
3. Тақырыптық тексеру бір мезгілде осы баптың 1 және
2-тармақшаларында көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық салықтық тексеру салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің барлық түрлері бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздей алмайды.
4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша осындай бiрлестiктердiң өкiлдерi осы баптың 1-тармағының 13) – 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде қатысуға тартылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.
5. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрғылықты жері бойынша салық органының шешімі негізінде және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салумен байланысты объектінің тұрғылықты жері бойынша осы баптың 1-тармағының 13) – 23) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық салықтық тексерулердi жүргізу жүзеге асырылады.
143-бап. Қарсы тексеру
1. Қарсы тексеру - салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын адамдарды салық органының тексеруі, салық органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, туындайтын мәселелер бойынша операциялар фактісін және мазмұнын растау мақсатында оған қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізеді.
2. Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.
3. Қарсы тексеру деп:
тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрау салуы бойынша;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі жөнінде және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқ екенін растамайтын түсіндірме ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) жасалатын операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады.
144-бап. Хронометраждық зерттеп тексеру
1. Хронометраждық зерттеп тексеру - салық органы салық төлеушінің зерттеп тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.
2. Хронометраждық зерттеп тексеруді жүргізу туралы шешімді салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шығарады.
145-бап. Салықтық тексерулердің түрлері
1. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ішінара салықтық тексерулер;
2) жоспардан тыс салықтық тексерулер.
2. Ішінара – салық органдары салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындайтын салықтық тексерулер;
3. Жоспардан тыс - осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген, оның iшiнде:
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң салықтық өтiнiшi бойынша (шағымы бойынша), оның ішінде:
резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;
дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;
қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылуына байланысты;
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты;
2) осы Кодекстің ___ (273-1) бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің өтініші бойынша жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген өтініштер:
өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар пайдалануға қабылдап алынған;
жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негiздер бойынша;
осы Кодекстiң 116-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушi орындамаған жағдайда;
жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт мерзiмiнiң өтуiне байланысты;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша, оның ішінде:
салық төлеуші салық органының талабы бойынша дебиторлар тiзiмiн белгіленген мерзiмде табыс етпеген не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді табыс еткен жағдайда;
дебитор салық органының талабы бойынша салық төлеушімен өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн белгіленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда;
қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiлген талаптары бойынша;
бейрезиденттiң табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерiнің қолданылуына байланысты, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайта қарау туралы өтінішіне байланысты шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтiнiшi бойынша;
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша;
сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;
уәкілетті органның шешімі негізінде;
осы Кодекстің 143-бабының 5-тармағында, 145-бабының
2-тармағында және осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларда салық органы шешімінің негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жоспардан тыс салықтық тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер:
қарсы тексерулерді;
мынадай:
салық төлеушінің (салық агентінің) өз өтініші бойынша;
қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап бойынша;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.
5. Салық төлеуші сотқа тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда, бұрын тексерілген кезеңдегі шағым берілген мәселе бойынша жоспардан тыс кешенді және (немесе) тақырыптық тексерулер сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.
6. Салық төлеуші деңгейлес мониторингте тұрған салық кезеңі үшін мыналарды:
қарсы тексерулерді;
мынадай:
салық төлеушінің (салық агентінің) өз өтініші бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;
салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізілмейді.
7. Қосымша ұйғарым ресімдеу және осы Кодекстің 42-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі аяқталғанға дейін тексерілетін кезеңдегі салықтық тексеруді аяқтау арқылы тексерілетін кезең өзгертілген жағдайда, салық органы алдыңғы салықтық тексеруді тағайындауға себеп болған негіздер бойынша тексерілетін кезең өзгертілгенге дейін бұрын ұйғарымда көрсетілген тексерілмеген салық кезеңіне салықтық тексеру тағайындауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |