Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу



жүктеу 16,95 Mb.
бет20/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97

123-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу


1. Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеушiде банк шоттары болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің ___ бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алынғаннан кейін салық берешегін өтемеген кезде салық органы жиналып қалған бюджетке берешек шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады. (редакция 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі).

  2. Салық төлеушi салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн табыс етуге мiндеттi.



Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етілмеген жағдайда, салық органы салық төлеушінің дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға, сондай-ақ салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге тексеру жүргiзуге құқылы. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.

Салық төлеушi салық берешегiн өтеген жағдайда, дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсi ұсынылмайды.

  3. Салық төлеушi ұсынған дебиторлар тiзiмiнiң және (немесе) салық органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған дебиторлар туралы мәліметтердің және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын салық төлеушіні тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебіне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi.

Дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберген салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн қағаз немесе электрондық жеткізгіште табыс етуге мiндеттi.

  Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер:

       1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi;

       2) дебитордың салық төлеушi (салық агенті) алдындағы берешек сомасы;

       3) салық төлеушi мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары не салық төлеушi мен оның дебиторының электрондық цифрлық қолтаңбалары;

       4) бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бұрын болмауға тиіс салыстырып тексеру актiсiнiң жасалған күнi болуға тиiс.

4. Дебиторлар өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiн осы баптың 3-тармағында көзделген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы көрсетілген дебиторларға салықтық тексеру жүргiзеді. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.

5. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды тексеру актісінің негізінде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.

      Дебитор мен салық төлеушi арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.

       6. Салық төлеушi дебитордың банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң ____ (615) бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.

Бұл ретте дебитордың бірнеше банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан банк шоттарынан ақшаны инкассалық өкiмде көрсетілген сомадан артық мөлшерде есептен шығарған жағдайда, артық есептен шығарылған соманы салық органы дебиторға оның өтініші негізінде қайтарады.

7. Салық төлеушінің салық берешегін осы бапта белгіленген тәртіппен оның дебиторларының шотынан өндіріп алу тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес дебитор жатқызылған тәуекел дәрежесіне қарамастан жүзеге асырылады.

124-бап. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен бюджетке берешек есебіне өндіріп алу


      1. Осы Кодекстің ____ (614) бабының 1-тармағында көрсетілген, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеушінің банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банк шоттары болмаған жағдайларда, салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады. (редакция 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

       Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса бере отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.

2. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырады.

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.



3. Уәкілетті заңды тұлға билік етуі шектелген, сот орындаушысы тыйым салған мүлікті өткізген жағдайда, осындай мүлікті сатудан түскен ақша сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген борышкер мүлкінің есебінен талаптарды қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес бөлінеді.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау