№___дана
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны
әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны және оны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны және оны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі отырысында Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша берген тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді шешу үшін кіші топ құру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы «__» ________ №___ өкіміне
қосымша
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны
әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісім бойынша), жетекші
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша), жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы (келісім бойынша), хатшы
Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросының басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Департамент директоры
___________________
Достарыңызбен бөлісу: |