Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет28/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
§ 2. Салық тіркелімдері
211-бап. Салық тіркелімдері

1. Салық тіркелімі - салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсауы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

Салық тіркелімдері осы Кодекстің 56-бабының 3-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.

Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсатына орай пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салық кезеңдері арасындағы (оның ішінде нәтижелері бірнеше салық кезеңдері ішінде ескерілетін, кейінгі салық кезеңдерінде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін немесе бірқатар жылдарға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін арнаулы нысандар түрінде жасайды. Уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, осы баптың ережелерін ескере отырып, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.

Салық тіркелімдерінде шаруашылық операцияларының көрсетілу дұрыстығын оларға қол қойған тұлғалар қамтамасыз етеді.

2. Салық тіркелімдері:

1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 56-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) дербес жасайтын салық тіркелімдерін;

2) жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган белгілейтін, салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.

3. Салық тіркелімдері мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

1) тіркелімнің атауы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

3) тіркелім жасалған кезең;

4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

4. Уәкілетті орган:

1) салық салудан босатуды, корпоративтік табыс салығы, инвестициялық салық преференциялары бойынша салық салынатын табысты азайтуды қолдану;

2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) баланстық құндарын айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар;

3) туынды қаржы құралдары;

4) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомалары;

5) қаржы лизингіне берілген мүлік жөніндегі;

6) осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу жөніндегі;

7) жазып берiлген және төлеуші алған қосылған құн салығының шот-фактуралары жөніндегі; (2019 жылға дейін)

8) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан, ауыл шаруашылғы кооперативінен және (немесе) заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын және оны өткізуін есепке алу жөніндегі;

9) шығу және келу туризмі бөлігінде - туроператордың көрсетілетін қызметтері;

10) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі;

11) қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауарлар қалдықтары түріндегі айналым;

12) есепке жатқызылған қосылған құн салығының тауарлар қалдықтары бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

5. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган:

1) табыстарды есепке алу;

2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу;

3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарынан жеке табыс салығын салу объектісін, сондай-ақ әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдерді есепке алу бойынша;

4) мыналар:

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;

жер үсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу;

5) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.

6. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін уәкілетті орган:

1) жеке практикамен айналысудан түскен табыстарды;

2) осы Кодекстің 182, 182-1, 182-2, 182-3-баптарында көзделген шығыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімдерінің нысандарын бекітеді.

7. Экспедитор көлік экспедициясы шартының шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар туралы ақпараттарды ашу үшін, сондай-ақ осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнына салық тіркелімдерін жүргізеді, онда мынадай деректер:

1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жұмысты, көрсетілетін қызметті тасымалдаушының және (немесе) ұсынушының жазып берген шот-фактурасының реттік нөмірі мен күні;

2) жұмысты, көрсетілетін қызметті тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) жұмысты, көрсетілетін қызметті тасымалдаушының және (немесе) жеткізуші тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе атауы;

4) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шот-фактурада көрсетілген, салық салынатын (салық салынбайтын) айналымының мөлшеріне қосылатын құны;

5) «ҚҚС-сыз» көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

6) бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуі тиіс.

8. Салық тіркелімдері қағаз жеткізгіштерде жүргізілген жағдайда мұндай салық тіркелімдеріндегі қателерді түзету негізді болуға және енгізілген түзетулердің күні мен негіздемесі көрсетіле отырып, түзету енгізген жауапты адамның қолымен расталуға тиіс.

9. Осы тармақтың екінші бөлігінде, сондай-ақ осы Кодекстің 587-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық тіркелімдері салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.

Салық төлеуші салық мониторингі шеңберінде салық органдарының немесе оның лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін ұсынады.

Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін электрондық нысанда жасаған кезде, салықтық тексеру барысында және салық мониторингі шеңберінде салық органдарының немесе оның лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін электрондық жеткізгіштерде және осындай салық тіркелімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште де табыс етуге міндетті, бұл көшірмелер басшының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салық тіркелімдерін жасау үшін жауапты адамдарының (адамының) қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушіде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталуға тиіс.


211-бап. Қаржы лизингі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру қаржы лизингі болып табылады.

Лизинг нысаналарын қайталама лизингке және сублизингке беру де қаржы лизингі болып табылады.

Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы белгіленсе, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзімді ескере отырып айқындалады.

Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады.

Салық есебіне алу мақсаттары үшін лизинг алушы лизингті сатып алушы ретінде қаралады.

Лизинг шартына сәйкес лизинг нысанасы берілген (алынған) құнын есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, лизинг, жалға беру шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге, жалға беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеуге жататыны ретінде айқындалады. Егер лизинг шартында лизинг нысанасы берілетін (алуға жататын) құны, қосылған құн салығын қоспағанда, бөлек көрсетілмесе, онда аталған құн лизингтің бүкiл мерзiмi iшiнде лизингтік төлемдердiң барлығының төлуге жататын сомасы ретінде айқындалады.

Қаржы лизингінде (лизинг бойынша) берілген (алынған) мүліктің құны лизинг затын беру күнімен айқындалады.

Салықтық есепке алу мақсаттары үшін мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лизингтің шартына сәйкес келмейтін мүліктік жалға алу шарты бойынша беру қосылған құн салығын, тиісінше, көрсетілген қызметтер үшін төлем ретінде қаралатынын қоспағанда, қызметтерді көрсету ретінде қаралады.
212-бап. Салық жеңілдіктерін қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру шарттары

1. Осы Кодекстің 133-бабының 2-тармағын, 251-бабын және 263-бабының 20-тармағын қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру осы бапта көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

2. Егер осы бапта және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:

1) лизинг шартында мүліктің лизинг алушының меншігіне берілуі және (немесе) лизинг алушыға мүлікті тіркелген баға бойынша сатып алу құқығының берілуі белгіленсе;

2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімінің 75 пайызынан асып кетсе;

3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімі үшін лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының 90 пайызынан асып кетсе, қаржы лизингі болып табылады.

Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (лизинг алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады:

бастапқы лизинг шартын бұзу, тоқтату не өзгерту күні мен қайталама лизинг шартын (шарттарын) жасасу күні осы Кодекстің 269-бабында белгіленген бір салық кезеңіне дәл келсе;

лизинг заттарының санына, лизинг төлемдеріне және лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бастапқы лизинг шартында көзделген талаптар қайталама лизинг шартында (шарттарында) сақталса;

қайталама лизингке бастапқы лизинг шарты бойынша олардың жалпы санынан аспайтын мөлшерде лизинг заттары берілсе;

егер бастапқы лизинг шарты бойынша тең үлестермен төлеу әдісі көзделген болса - қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспаса;

лизинг заттары қайталама лизингке кемінде үш жыл мерзімге берілсе.

3. Мыналар қаржы лизингі болып табылмайды:

1) мынадай:

лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылған;

лизинг алушы - жеке тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ-топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ лизинг алушы - жеке тұлға қайтыс болған;

лизинг алушыда өндіріп алуды қолдануға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе табыстың болмауына байланысты лизинг берушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын немесе табысын анықтау жөнінде сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

лизинг алушының мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табысына лизинг берушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

лизинг нысаналары қайталама лизингке берілген жағдайлардан басқа осындай шарттар жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мәмілелер;

2) лизинг шарты қолданылуының бірінші жылында олар бойынша лизингтік төлемдер сомасы (шарт бойынша және (немесе) іс жүзіндегі) лизинг нысанасы құнының 50 пайызынан астамын құрайтын лизингтік мәмілелер;

3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг алушы өзгерген лизингтік мәмілелер;

4) қайта құру арқылы оны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг беруші өзгерген лизингтік мәмілелер;

5) мүлікті қосалқы лизингке беру жөніндегі мәмілелер.
213-бап. Бірлескен қызмет кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызметті жүзеге асырған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы бапта көзделген тәртіппен есепке алынады және салық салынады.

Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік нысанында) негізінде бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асырған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодекстің 80-бабында көзделген тәртіппен есепке алынады және салық салынады.

Осы Кодекстің ерекше бөлігінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге өзге де есепке алу тәртібін көздейтін, шаруа және фермер қожалықтарына қатысты арнайы салық режимдері белгіленуі мүмкін.

2. Бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды есепке алуды, сондай-ақ ол бойынша салықтарды есептеу мен төлеуді:

1) шаруа қожалығының басшысы – шаруа немесе фермер қожалығы нысанында бірлескен жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде

2) бірлескен жеке кәсіпкерлікті уәкілетті тұлға – қалған жағдайларда салықтарды есептеу және төлеу жүзеге асырылады.

3. Бірлескен жеке кәсіпкерлік бойынша салық төлеу бойынша салық міндеттемесін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаның алдындағы шаруа қожалығының салық міндеттемесін қоспағанда, мұндай салық міндеттемесін орындау жөніндегі орындалмаған бөлігіндегі міндеттеме бірлескен дара кәсіпкерліктің барлық мүшелеріне тең үлестермен жүктеледі.

4. Бірлескен жеке кәсіпкерлікте пайдаланылатын ортақ бірлескен меншікке қатысты салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, сондай-ақ ол бойынша салықтарды есептеу мен төлеуді:

1) шаруа қожалығының басшысы – шаруа немесе фермер қожалығы нысанында бірлескен жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде;

2) бірлескен жеке кәсіпкерлікті уәкілетті тұлға – қалған жағдайларда салықтарды есептеу және төлеу жүзеге асырылады.

5. Бірлескен жеке кәсіпкерлік бойынша салық төлеу бойынша салық міндеттемесін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, осы баптың 4-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаның алдындағы шаруа немесе фермер қожалығының салық міндеттемесін қоспағанда, мұндай салық міндеттемесін орындау жөніндегі орындалмаған бөлігіндегі міндеттеме бірлескен дара кәсіпкерліктің барлық мүшелеріне тең үлестермен жүктеледі.


214-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа екі және одан да көп қатысушыларды көздейтін уағдаластық (бұдан әрі - бірлескен қызмет туралы шарт) болған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы бойынша тиісінше ескеріледі және оларға салықтар салынады.

2. Бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, өзінің қатысу үлесіне қатысты салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды есепке алуды дербес жүргізеді.

3. Бірлескен қызмет туралы шартта салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі болмаған жағдайда, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар алғашқы салық есептілігін табыс еткенге дейін осындай тәртіп және бірлескен қызмет нәтижесінде туындайтын салық міндеттемесі көрсетілетін, бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатын әзірлеп, бекітеді.

4. Бірлескен қызмет туралы шартта бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осындай қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі анықталуы мүмкін.

5. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды салық мақсатына орай осы уәкілетті өкілдің өзге қызметі бойынша активтерден, міндеттемелерден, табыстар мен шығыстардан бөлек есепке алады.

6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет туралы шартта көзделген тәртіппен әрбір салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

Егер бірлескен қызмет туралы шарт талаптарында және (немесе) бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) мұндай қатысушылардың уәкілетті өкілі көрсетілген бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қатысу үлестеріне барабар жүзеге асырады.

Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу нәтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оларға бірлескен қызмет туралы шартқа барлық қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі болған кезде ол қол қоюға, сондай-ақ мөрлермен бекітілуге (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда олар болған кезде) тиіс. Активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу нәтижелері туралы құжатты бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы құжаттық салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органдарына табыс етеді.

Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілінде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олардың негізінде активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу жүзеге асырылған барлық құжаттардың көшірмелері болуға тиіс.


215-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың бірлескен қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері

1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.

2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.

Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттігі осы Кодекстің 17 немесе 17-1-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 34-2-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.
6-БӨЛІМ. РЕЗИДЕНТТЕР МЕН БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРДІҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
26-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
216-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарына салық салудың негізгі принциптері

1. Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.

2. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық төлейді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетiн табыстардан да салық төлейді.

3. Резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді сондай-ақ осындай міндеттемелер туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді төлейді.
217-бап. Резиденттер

1. Мыналар:

Қазақстан Республикасында тұрақты болатын;

Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.

3. Бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;

2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;

3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:

1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген адамдар, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;

2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;

3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;

4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер;

5) оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқу, оның ішінде тағылымдамадан, практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өтудің кезеңі ішінде жүрген;

6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың кезеңі ішінде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемдерге қарамастан, резидент жеке тұлғалар деп танылады.

5. Осы Кодекстің мақсатында:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған;

тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

Нақты органның (директорлар кеңесінің немесе сол сияқты органның) негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау