АННОТАЦИЯ
Нұрашева Бибігүл Шәкірбайқызының диссертациялық тақырыбына:
«Қазақстан Республикасындағы жұмыскерлердің еңбек құқығын
қорғау: кәсіби одақтардың басымдық рөлі мен заңдық мәні»
Философиялық доктор (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін
6D030100 мамандығы бойынша – Құқықтану
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әр түрлі қыр
жағынан жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау әрдайым ең күрделі және
соңына дейін шешілмеген мәселелердің бірі болып қалады.Зерттеу
тақырыбының өзектілігі болып, жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау
мәселелері әсіресе нарықтық қатынас жағдайындағы әлеуметтік мәні бар,
яғни жалдамалы жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғауәділ және тиімді
жүйесін құру қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 және 76 баптарына
сәйкес, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тану,
сақтау мемлекеттің міндеті болып табылады. Атап айтқанда, мемлекет адам
мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
ұсыныстары мен ойларын «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында
баяндады, сонымен қатар 2012 ж. 14 желтоқсандағы Қазақстан халқы
Жолдауында «Қазақстан – 2050» стратегиясы – мемлекеттің құрылған жаңа
саяси
бағыты,
елдің
әлеуметтік-экономикалық
жаңғыртылуын
қамсыздандыруға бағытталуы, қоғамның әлеуметтік өзгеріс басымдылық
шеңберінде, мемлекеттің ең негізгі саясат бағыты ретінде әлеуметтік еңбек
қатынас тиімді үлгісін құру болып табылады. Сонымен Мемлекет басшысы
2013 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Бас Кеңес
Федерациясы кәсіподақтарының Мәжілісінде сөз сөйлеп, қазақстан
кәсіподақтары – бұл әлеуметтік еңбек қатынастағы тұрақтылық тірегі, негізгі
элементі, - деп тұжырымдады.
Әр түрлі құқық саласында кездейсоқтық емес, тең қалыпта еңбек
құқығында да субъектілердің құқықтары, бостандықтары және заңды
мүдделерін қорғау маңызды орын алады. Оның мағынасын асыра бағалау
күрделі. Құқық нормасын шығара отырып, мемлекет қабылданған құқықтық
шарамен қорғалатын құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді
қорғаудың қажетті кепілдіктерін, құрылымын және тәсілдерін қарастыруға
міндетті. Субъективті құқық, көрсетілген тұлғаға, бірақ бұзылған қажетті
қорғау құралдарымен қамсыздандырылмаған, «ресми құқық» болып қана
есептеледі.
Мемлекеттік қорғау құралдарымен қамтамасыз етілмеген, заң
құқығында жарияланған жеткілікті шара ретінде шартты және дәл
орындалуына мүмкіндік туғызбайтын, құқықтық нормасында орналасады.
Құқық қорғау шараларымен қамтамасыздандырылмаған субъективтік
құқықтарды жүзеге асыру «арнайы өкілеттік берілмеген қоғам мүшелері
тарапынан ерікті түрдегі сыйласуға сенім арту және осының салдарынан
беделді мемлекеттік билік пен қоғам мүшелері санасында орын алған мораль
тұрғысынан қамтамасыз етілген құқық сипатына ие болады».
Қорғалу объектісіне (құқығы, бостандығы және заңды мүдделері) тән
ерекшеліктері оның жүзеге асырылу тәсілдері мен сипатына әсер етпей
қоймайтындығында күмән жоқ. Сол себепті жұмыскерлердің еңбек
құқықтарын қорғау мәселесін құқық нормасын жүзеге асыру, сондай-ақ
жалдамалы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін арнайы
құрылған кәсіби одақтар тұрғысынан зерттеу мақсатқа сай және объективті
деп танылады. Осыған байланысты еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің
әрекеттеріне императивті әсер етудің төмендеуі мен келісімщарт қарым-
қатынасының кеңеюі шарты сақталғанда еңбек заңнамасы нормаларымен
көрсетілген қорғау құралдарының жағдайы қызығушылық тудырады.Ол үшін
еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жүзеге асырылуы мен субъективті
құқық бұзылған жағдайда оны қорғау арасындағы өзара байланысты анықтау
қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев аудандарда кәсіби
одақтардың белсенді жұмыс атқару қажеттілігіне және олардың әлеуметтік
серіктестік шегінде мүдделі тарапмен қарым-қатынас жасау маңыздылығына
ерекше назар аударған. Кәсіби одақтардың негізгі міндеті болып жұмыс
беруші мен жұмыскердің арасында туындаған мәселені уақытылы шешу, ал
оны жүзеге асыру үшін кәсіби одақтар ұйымы, мекемелері барлық
тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуы қажет. Осы ретте,Президент
жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік
сұхбаттың жаңа нысаның жетілдіру маңызын ерекше атап өтті.
Кәсіби одақтардың белсенділік деңгейінің жеткіліксіздігін және
олардың бүгінгі күні жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы рөлін
куәландырады, сондай-ақ, осы мәселені заманға сай және түбегейлі шешу
қажеттілігін ерекше атап өтеді. Ең бастысы – кәсіби одақтар қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары саласындағы ұлттық және
халықаралық нормалардың бұзылуы нәтижесі болып табылатын әлеуметтік
шиеленіске қарсы тұрулары қажет.Осы ретте, оларәлеуметтік дамудағы
халықаралық тәжірибеде жалғыз құрал ретінде қолданылатын, әлеуметтік
әділдікті жан-жақты қамтамасыз ету арқылы қазіргі заман талаптарына сай
кәсіби одақтардың белсенді қызмет атқару жолын әлеуметтік шиеленіс
деңгейін түсіру тәсілін пайдалана алады.
Осыған орай, мемлекеттің маңызды міндеті болып Қазақстан
Респубилкасындағы әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын реттейтін құқық
стандарттарын еңбек заңнамасының бұзылуы сирек кездесетін өзге алдыңғы
қатардағы Европа елдерінің деңгейіне дейін жеткізу және енгізу. Қазақстан
Республикасындағы қоғамдық институттар арасында кәсіби одақтар ерекше
орын алуы қажеттілігіне байланысты 2014 жылдың 27 маусымында «Кәсіби
одақтар туралы» ҚР Заңы қабылданды. Аталған жаңа заң әлі де болса толық
жетілмеген, еңбек-ғалымдары тарапынан және тәжірибедегі заңгерлер
тарапынан сынға ұшырады.
Бұл заңшығарушы биліктің өкілдері, ғылыми интеллигенция және
құқықтанушылар алдында жалдамалы жұмыскелердің еңбек құқықтарын
әсерлі қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кәсіби одақ туралы заңды
модернизациялаудағы концепцуалдық қатынасты қайта қараудың объективті
қажеттілігін туындатады.
Кәсіби одақ өзінің мүшелеріне қолдау көрсетуде күш жұмылдырушы,
ерікті қозғалыс бола тұра, ұзақ уақытқа арналған болашақ талаптарын
жаңартушы, үнемі даму бағытын ұстанатын ұйым болуы қажет.
Жұмыскерлер өкілдерімен әлеуметтік және экономикалық мәселелерді
ортаға салу, әлеуметтік-еңбек қатынастарынан туындайтын мәселелерді
реттеу жұмыс берушілер үшін кәсіпорынды қалыпты басқару процесінің бір
бөлігі болуы керек.
Жұмыс берушілер және жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы
әлеуметтік сұхбат қоғамдық механизмнің өмірлік маңызды бөлігі ретінде
қарастырылуы қажет, онсыз қоғам тура және кемшіліксіз қызмет ете
алмайды. Кәсіби одақ қызметінің маңызы, біріншіден, ол табиғатынан
толықтай демократиялық болуы тиіс. Кәсіби одақ, жұмыскерлердің ерікті
түрде құрған ұйымы болып табылады және жұмыскерлер үшін құрылады, тек
олар ғана кәсіби одақтың мақсатын, нысанын және қызметін анықтай алады.
Аталған жұмыста толықтай сипатталған Германия, Жапония, Швеция,
Швейцария елдеріндегі кәсіби одақтың көпжылдық тәжірибесінің үлгісі
қазақстандық кәсіби одақтарға жұмыскерлердің заңды мүдделерін дұрыс әрі
әсерлі өкілдік ету және қорғау, сонымен қатар кәсіби одақ мүшелерінің
алдында ғана емес, сондай-ақ қоғам алдында өзінің беделін сақтауға
көмектеседі.
Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ осы тақырып бойынша кешенді
ғылыми зерттеулердің жоқтығын негізге ала отырып, қазіргі заман
деңгейіндегі
әлеуметтік-еңбек
қарым-қатынастарында
жалдамалы
жұмыскерлердің еңбек құқықтарының кәсіби одақпен қорғалу процесіне
объективті теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізудің қажеттілігі
бар деп санаймыз. Диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауға
қазақстандық қоғамдағы кәсіби одақтардың қазіргі құқықтық мәртебесі, осы
саладағы көптеген теориялық мәселелердің шешілмеуімен қатар, сондай-ақ,
жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың осы тәсілін жетілдірудегі
тәжірибелік қажеттілігі негіз болды.
Проблеманың өңделу деңгейі. Жұмыскерлердің еңбек жалпы
құқықтарын қорғау, жекелей алғанда, кәсіби одақтардың жұмыскерлердің
еңбек құқықтарын қорғауы мәселесіне қазақстандық және ресейлік еңбекші-
ғалымдардың ғылыми жұмыстары арналған.
Кеңес уақыты кезінде жұмыскердің еңбек құқықтарын қорғау
тақырыбына келесідей құқықтанушы-ғалымдардың еңбектері арналған, олар:
В.М.Догадов, М.Е.Мариенко, И.О.Снигирева, В.И. Смолярчук, Л.А.
Николаева, В.А.Чибисов, Б.Ю. Тихонова, Г.А.Игдыров және т.б. Кеңес құқық
мектебі өкілдерінің фундаменталды зерттеулері барлық еңбек құқығы негізін
қалады және субъективтік құқық қорғау мәселесі өркениет шегінде
зерттелгеніне қарамастан оны маңызды байытты. Кеңес құқықтанушы-
ғалымдарының кәсіби одақтық қорғауды дамытуға қосқан үлестері осы
қоғамдық ұйымды қазіргі деңгейде зерттеуге негіз болып отыр.
Қазіргі деңгейде ғалымдар жұмыскерлердің еңбек құқықтарын
қорғаудың теориялық және практикалық мәселелерінің жекелеген
аспектілерін зерттеген, соның ішінде бірқатар еңбектер кәсіби одақтық
қорғауға арналған. Осы тақырыпқа еңбек жазған ғалымдар мыналар:
Т.Ю.Барышникова, В.А.Васиьев, Р.С.Габдуллин, И.А.Костян, А.М.Куренной,
М.В.Лушникова, Л.М.Маирова, Т.А.Нестерова, Е.А.Федорова, А.В.Яковлева
және т.б.
Жұмыскердің еңбек құқықтарын қорғаудың жекелеген теориялық және
практикалық мәселелеріне өз еңбектерін арнаған отандас ғалымдардың
арасында мыналарды атап өтуге болады: Н.А.Абузярованы, Д.Ажинуринаны,
Ж.Б.Ермагамбетованы,
С.Б.Идрисованы,
А.М.Нурмагамбетовты,
Е.Н.
Нургалиеваны, О.Т.Сериковты және т.б.
Жұмыскердің еңбек құқықтарын қорғаудағы әртүрлі аспектілері,
сонымен қатар кәсіби одақтық қорғаудың ғылыми тұрғыда өңделгеніне
қарамастан, қазақстандық заң ғылымында нарықтық жағдайдағы қазіргі
әлеуметтік-еңбек қатынастарының объективті талаптарына жауап беретін
ғылыми жұмыстар жоқ.
Аталған жұмыс Қазақстан Республикасындағы жұмыскерлердің еңбек
құқықтарын кәсіби одақтармен қорғаудың қазіргі мәселелеріне арналған
кешенді ғылыми зерттеулерді құрайды. Диссертациялық жұмыста маңызды
мәселелерді шешуге қазіргі көзқарасты қалыптастыруға, ҚР ұлттық еңбек
құқығындағы кәсіби одақтық қорғауды жетілдіруге бағытталған ғылыми
қорытындылар мен ұсыныстарды негіздеуге, сонымен бірге зерттеліп
отырған салада ғылыми білімді жүйелеуге және кеңейтуге шаралар
қолданылған.
Диссертациялық зерттеудің пәні мен объектісі. Диссертациялық
зерттеудің объектісі болып кәсіби одақтың жұмыскердің еңбек құқықтарын
қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қарым-қатынастар табылады.
Зерттеу пәні болып жұмыскердің еңбек құқықтарын қорғауды
реттейтін еңбек және кәсіби одақ туралы заңнамалардың нормалары, сондай-
ақ кәсіби одақтардың жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауда осы
нормаларды жүзеге асыруынан туындайтын теориялық және практикалық
мәселелері табылады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Аталған жұмыстың мақсаты
жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі тәсілі ретіндегі кәсіби
одақтардың жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауының әсерін ұлғайтуға
үлес қосатын теориялық және практикалық мәселелерді анықтау және шешу,
сондай-ақ, Қазақстан Республикасында кәсіби одақтардың жұмыскерлер
еңбек құқықтарын қорғауында нәтижелілікті ұлғайту және дамыту үшін
шетел тәжірибесін қолдану мүмкіндігін анықтау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін алға келесідей міндеттер қойылды:
1) Ғалымдар еңбектеріне талдау негізінде кәсіби одақ қызметі нақты
түсінігін анықтау;
2) Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау тәсілдері жүйесінде кәсіби
одақтық қорғаудың орнын анықтау;
3) Нарықтық жағдайдағы кәсіби одақтық қорғаудың ерекшеліктерін
зерттеу және осы қорғау тәсілінің шешілмеген мәселелерін анықтау;
4) Шетелдік тәжірибедегі кәсіби одақтардың жұмыскерлер еңбек
құқықтарын қорғауының дамуы мен қолданылуына шолу және
салыстырмалы талдау жүргізу;
5) Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы кәсіби одақтар
қызметінің даму жағдайын анықтау және оның Қазақстан
Республикасында даму болашағын бағалау;
6) Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын кәсіби одақтық қорғау туралы
заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдеу.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Диссертант жүргізген ғылыми зерттеу
жалпы ғылыми әдістер (талдау, синтез, дедукция, индукция, жалпылау,
аналогия, жалпыдан нақтыға көшу), теориялық талдау әдістері (жүйелік
тәсілдеме, тарихи және логикалық үйлестіру), эмпирикалық зерттеу
әдістеріне (салыстыру, топтау, статикалық талдау) және т.б. негізделген.
Сондай-ақ, тарихи-құқықтық, формалды-заңдық, салыстырмалы-
құқықтық сияқты жеке ғылыми әдістер де қолданылды.
Жүйелік
тәсілдеме
зерттеу
пәні
туралы
жалпы
түсінікті
қалыптастыруға, оның бөліктері арасындағы байланыстың көптігін
анықтауға және оларды бір теориялық жүйеге келтіруге мүмкіндік берді.
Тарихи-құқықтық талдауды қолдану Қазақстан Республикасында және
шетел мемлекеттерінде кәсіби одақтың жұмыскерлер еңбек құқықтарын
қорғау тарихының басталуы және дамуын зерттеу қажеттілігінен туындады.
Формалды-заңдық әдісті қолданукәсіби одақтың жұмыскерлер еңбек
құқықтарын қорғауды реттейтін құқық нормаларына талдау жасауда
маңызды болды.
Салыстырмалы-құқықтық әдісі кәсіби одақтың жұмыскерлер еңбек
құқытарын қорғаудағы шетелдік тәжірибені талдауға және оны Қазақстан
Ресбпуликасы тәжірбесінде қолданумен салыстыруға мүмкіндік берді.
Зерттеудің
нормативтік
негізін
Қазақстан
Республикасы
Конституциясы, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі, Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс
жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық
туралы кодексі қалады. Кәсіби одақтардың жұмыскерлер еңбек құқықтарын
қорғауы саласындағы проблемалық аспектісінде 2014 жылғы 27 маусымдағы
«Кәсіби одақтар туралы» ҚР Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты
жұмыспен қамту туралы», 2014 жылғы 7 наурыздағы «Оңалту және
банкроттық туралы», 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер
туралы» және т.б. қолданыстағы заңнамалары зерттелді. Сондай-ақ,
диссертацияның негізі болып халықаралық-құқықтық құжаттар, соның
ішінде Халықаралық еңбек ұйымының келесі Конвенциялары: 1947 жылғы
19 маусымдағы №81 «Өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы
конвенцияны бекіту туралы», 1948 жылғы 10 шілдедегі №87 «Ассоциация
бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы», 1949 жылғы 8
шілдедегі №98 «Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу құқығы
принциптерін қолдану туралы» табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы отандық еңбек құқығы ғылымында
кәсіби одақтардың жұмыскерлер еңбек құқықтарын қорғауы бойынша
кешенді талдау жүргізуге арналған арнайы зерттеулердің болмауымен
анықталады. Автор осы саладағы отандық құқықтық қайта құрылуды
жүргізуде ғана емес, сондай-ақ кәсіби одақтардың тәжірибелік
жұмыстарында ұтымды тәжірибені қолдануды анықтау мақсатында
жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы негізгі тәсіл ретінде кәсіби
одақтың жұмыскерлер еңбек құқықтарын қорғауын біртұтас қарастыруға
талпыныс жасады. Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы автордың
қорғауға ұсынған ережелерімен де анықталады.
Диссертацияның қорғауға ұсынылған негізгі ережелері:
1. Автор жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау түсінігіне жеке
анықтама берген. «Жұмыскердің еңбек құқықатарын қорғау –құқықты жүзеге
асыру кезінде орын алған кедергілерді жою, құқықбұзушылықтың жолын
кесу, бұзылған құқықты қалпына келтіру, келтірілген залалдың орнын
толтыру және кінәлі тұлғаларды материалдық-құқықтық, ұйымдық және
процессуалдық тәсілдердің жиынтығын қолдана отырып жауаптылыққа тарту
бойынша құқық субъектілерінің қызметі». Аталған анықтаманы ҚР ЕК-нің 1-
бабына бекіту орынды деп санаймыз.
2. Еңбек құқығының бұзылуына әкеп соққан себептердің жолын кесу
шаралары ретінде, сондай-ақ, еңбек заңнамасы нормаларына сай келмейтін
кеңестер беруден сақтану үшін кәсіби одақ мүшелеріне еңбек құқығы
мәселесі бойынша кеңес беретін кәсіби одақ ұйымы Төрағаларын, олардың
орынбасарларын, олардың кәсіби біліктілігін әрбір үш жыл сайын
растайтындай міндетті сертификатциялау жүйесін енгізу ұсынылады.
3. Кәсіби одақ ұйымдарының мәртебесін көтеру мақсатында ұсынамыз:
1)
Кәсіби одақ өкілдерінің құқықтық мәртебесін анықтау.
Бірқатар елдерде ол «кәсіби одақтың сенімді өкілі» деп аталады. Аталған
тұлғалар осы ұйымдағы негізгі жұмыстарын кәсіби одақ органындағы
жұмыспен қатар істейді немесе жұмыс берушімен жұмысқа қабылданған
және ақы алатын кәсіби одақ қызметкері ретінде ерікті жұмыс атқарады.
2)
ҚР Еңбек кодексінде жұмыс берушінің кәсіби одақ өкілін кәсіби
одақ жұмысын атқару үшін аптасына бірнеше сағатқа кәсіби одақтағы
жұмысынан жалақысын сақтай отырып босату тәртібін қарастыру;
4. Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын кәсіби одақтардың қорғауы
саласындағы Еңбек заңнамасын ары қарай жетілдіру мақсатында «Кәсіби
одақтар туралы» ҚР Заңына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу
ұсынылады:
1)
Заңның 1-бабын «кәсіби одақтардың қорғау фунциясы»
түсінігімен толықтыру. «Кәсіби одақтардың қорғау функциясы-
жұмыскердердіңеңбек құқықтарын қорғау саласындағы конституциялық
құқытарын жүзеге асыруда, осы құқықтарын және мүдделерін қорғауда,
еңбек құқықтарын бұзушылықтың жолын кесуде, сондай-ақ, бұзылған
құқықтық қалпына келтіру, келтірілген залалдың орнын толтыруда және
кінәлі
тұлғаларды
жауаптылыққа
тартуда
кәсіби
одақтардың
жұмыскерлерге қолдау көрсету».
2)
Заңның 8-бабы 2-бөлігін – «Кәсіби одақты құру» нормасын
келесідей толықтыру:
Кәсіби одақ органының Төрағасы (басшысы) жұмыскерлердің
жалпы жиналысында жұмыскерлердің басым көпшілігі дауысымен үш
жылға сайланады.
Төраға кәсіби одақ органы жарғысында бекітілген міндеттерін
орындамаған не тиісті орындамаған жағдайда, жұмыскерлердің жалпы
жиналысында дауыс берушілердің көпшілігінің дауысымен қызметінен
босатылады.
Кәсіби одақ қызметін демократиялау мақсатында республикалық
кәсіби одақ органы Төрағасы лауазымы сайланбалы болуы қажет. Осыған
орай, ұсынамыз:
1)
Заңның 11-бабына келесідей толықтырулар енгізуді: «кәсіби
одақтың респуликалық бірлестігі Төрағасы (басшысы) кәсіби одақ
органының жалпы жиналысында салалық кәсіби одақ төрағаларымен
(басшыларымен) үш жылға сайланады»; Заңның 13-бабы: «салалық кәсіби
одақтың Төрағасы (басшысы) бір сала қызметіндегі және сонымен
байланысты саладағы жұмыскерлердің жалпы жинасында үш жылға
сайланады».
Кәсіби одақтардың өкілеттіктерін кеңейту және мәртебесін көтеру
мақсатында, Заңның 16-бабын келесідей толықтыруды ұсынамыз:
1) кәсіби одақтар құқылы:
- еңбек заңнамасының сақталуын, коллективті шарттар мен
келісімдердің орындалуын тексеру үшін кәсіби одақтың мүшесі қызмет
ететін жұмыс берушіге (жеке тұлға не заңды тұлға) кез келген уақытта
кедергісіз жолыға алады;
- өндірісте орын алған оқыс жағдайды тексеруге қатыса алады;
2) Заңның 18-бабын толықтыру «кәсіби одақ мүшелерінің еңбек,
әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау»:
- жұмыс берушіге кәсіби одақпен анықталған еңбек құқығы
нормалары, коллективті шарттар, келісімдер нормалары көзделген еңбек
заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын
жою туралы талап қоюғажәне осы талаптың қаралғаны және қолданылған
шаралар туралы кәсіби одақ органына он күндік мерзім ішінде міндетті
хабарлау;
- жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін
жұмыстарды тоқтату туралы жұмыс берушілерге талап қоюға;
-жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен жағдайын анықтау үшін
тәуелсіз сараптама жүргізуге;
Жұмыс берушілерден (жеке тұлға, заңды тұлға) еңбек қауіпсіздігі мен
шарты жағдайы, өндірісте болған оқыс жағдайлар және кәсіби ауруға
шалдыққандар саны туралы мәліметтер алуға;
- еңбек құқығы нормалары көзделген еңбек заңнамасының және өзге де
нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін тиісті тұлғаларды
жауаптылыққа тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарды хабардар
ету;
3) Заңның 18-бабы, 1-бөлігі, 1.1- тармағын келесідей толықтыру –
кәсіби одақ мүшесінің жұмыс беруші және оның өкілімен еңбек
келісімшартын жасау барысында құқықтық және кеңестік көмек көрсету.
4) Заңның 26-бабын толықтыру – «кәсіби одақ органдарына сайланған
және негізгі жұмысынан босатылмаған тұлғаларға кепілдіктер».
Жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттілігі
туындаған кезде, сондай-ақ мүшелердің мүддесінде қоғамдық міндеттерді
атқару үшін кәсіби одақ органының Төрағасы (басшысы) негізгі
жұмысындағы жалақасы сақтала отырып негізгі жұмысынан бостылады.
5.
ЕАЭС-қа қатысушы мемлекеттер арасында кәсіби одақты
үйлестіруүшін халықаралық кәсіби одақ ұйымын құруды ұсынамыз.
ЕАЭС қатысушы мемлекекеттердің заңнамалық базасы бүгінгі күні
кедергісіз
және
бюрократиялық
тосқауылсызаталған
мемлекеттер
азаматтарына еңбек қызметін кез келген Қоғамдастыққа қатысушы
мемлекетте
жүзеге
асыруға
мүмкіндік
береді,
алайда
осындай
жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы және жүзеге асуы
кепілдіктері қарастырылмаған. Осындай жағдайда еңбек көші-қонының
ұлғаюына байланысты республикалық (немесе Ресей Федерациясында
федерациялық) деңгейден жоғары тұратын және жұмыскерлердің еңбек
құқықтарын кәсіби одақтың қорғауы саласында актілерді бірегейлендіру,
республикалық (федералдық) кәсіби одақтар комитетінің шешімдерін қайта
қарау және Қоғамдастық қатысушы мемлекеттерде кәсіби одақ
ұйымдарының ең жоғарғы шыңы болатын «халықаралық» кәсіби одақ
мәртебесін құқықтық регламенттеу мүмкіндігін қарастыру жөн болар еді.
Аталған қадам тек жұмысшы-мигранттардың ғана емес, сондай-ақ басқа да
жұмыскерлердің құқықтарын қорғау негізі болып, бірыңғай еңбек
қауымдастығын құра тұра, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы
кәсіби одақ ұйымының рөлін арттырған болар еді.
Зерттеудің
теориялық
және
практикалық
маңыздылығы.
Диссертациядағы ұсыныстар жұмыскерлердің еңбек құқықтарын кәсіби
одақтардың қорғауы саласында ұлттық еңбек заңнамасын өңдеу және
жетілдіруге қолданыла алады. Құқыққолдану қызметінде зерттеу нәтижесі
жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғады жүзеге асыратын ұйымдардың
(кәсіби одақтар, мемлекеттік еңбек испекциясы және т.б.) қызметінде
қолданылуы мүмкін. Зерттеудің нәтижесі осы тақырыпқа қызығушылық
білдірген барлық тұлғаларға бағалы мәліметтер бола алады.
Теориялық қорытындылар мен практикалық ұсыныстар еңбек құқығы
бойынша дайындалатын оқу әдістемелік құралдары мен оқулықтарда,
аталған тақырыпқа дәріс оқуда, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек
құқықтарын кәсіби одақ арқылы қорғау мәселелерін ары қарай зерттеуге
және Қазақстан Республикасы ұлттық еңбек құқығы институтын құруда
пайдаланыла алады. Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын кәсіби одақ арқылы
қорғаумен байланысты құқыққолдану тәжірибесінде және құқықтық реттеуді
жетілдіруде пайлаланылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижесін апробациялау. Диссертация Қазақ гуманитарлық
заң университетінің азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы
кафедрасында талқыланып орындалды.
Ғылыми
зерттеу
жүргізу
нәтижесіндегі
негізгі
теориялық
қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстар 2010-2015 жылдары аралығында
автормен ғылыми мақала ретінде келесідей журналдарда жарияланды:
Диссертациядағы
көптеген
ұсыныстар,
қорытындылар
және
нұсқамалар, мақала ретінде келесі журналдарда жарияланды: «Құқық және
мемлекет», «Фемида», «Әділ сот», сондай-ақ SciVerseScoups базасына
кіретін «ActualproblemofEconomics» және «WorldAppliedScinces».
Зерттеу кезінде жасалған қорытындылар, автормен халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды: «Қазіргі заманғы
ғылымның әсерлі құралдары -2013» (Чехия, Прага қаласы); «Еуропаның
ғылыми кеңістігі-2013» (Польша, Прземисл қаласы), «Seattle-2013
InternationalAcademicResearchConferenceonBusiness,Education,NaturendTehnol
ogy» (Seattle, USA), «1
st
ManagementandEngineering Congress» (Singapore),
«ModernChallengesandDecisionsofGlobalization»
(New
York,
USA);
«ModernScience
ProblemandPerspectives»
(LasVegas,
USA);
«Қазіргі
ғылымның дамуы» (Болгария, София қаласы); «ұлттық құқық және
халықаралық құқықтың өзара әрекет етуінің маңызды мәселелері» (Астана
қаласы, 2013 жылы 26 ақпан), «Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінде
халықаралық құқықты қолданудың теориялық және практикалық мәселелері»
(Астана қаласы, 2013 жылы 7 желтоқсан); «Қазақстан Республикасының жеке
меншік құқығы саласында заңнамасын жетілдіру» (Астана қаласы, 2015
жылы 30 қаңтар).
Достарыңызбен бөлісу: |