Атырау облысының 2017-2021 жылдарға
арналған әлеуметтік-экономикалық
даму болжамы туралы
I. Экономика дамуының ішкі және сыртқы жағдайлары
1. 2015 – 2016 жылдардағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері
Өңірдің макроэкономикалық ахуалы 2015 жылы негiзгi көрсеткiштер серпінінің тұрақтылығымен сипатталды.
2015 жылы жалпы өңірлік өнім 4 216,8 млрд.теңгені құрап,
2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі – 102,8%. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 7 171,2 мың теңгеге жетті.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 442,9 млрд. теңгені, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 101%-ды құрады.
Тау-кен өнеркәсiбiнде 3 052,5 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді. Нақты көлем индексi 100,9%-ды құрады.
32,4 млн. тонна мұнай және 15,2 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 101,3% және 102,7%.
«Теңiзшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 27,2 млн. тонна мұнай өңделді немесе өткен жылға 101,8%, ілеспе мұнай газы 15 млрд. текше метр (105,7%).
«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында – 2 823,1 мың тонна мұнай (100,0%), 191 млн. текше метр ілеспе мұнай газы (101,5%) өңделді.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 335,7 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 98,3%-ды құрады.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2015 жылы 4 867,7 мың тонна мұнай өңделді немесе 2014 жылға 98,9%.
Пеш отын майы – 163,3 мың тонна (99,9%), автобензин – 605,1 мың тонна (98,8%), ТС-1 отыны – 21,1 мың тонна (95,9%), дизель отыны – 1 210,8 мың тонна (90,3%), отындық мазут – 1 632,9 мың тонна (107,4%).
Индустрияландыру картасы шеңберінде облыс бойынша құны
24,3 млрд. теңгені құрайтын жаңа 9 инвестициялық жоба енгізіліп, 655 жұмыс орны ашылды:
1) «Атырау Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасын кеңейту жобасы;
2) «Алмалы Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының құрылысы жобасы;
3) «СП Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт өңдеу және қышқыл-сүт өнімдерінің өндірісі кешенінің қуатын кеңейту жобасы;
4) «ПКФ Континент Ко ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оптикалық кабель шығаратын зауыт құрылысы жобасы;
5) «Полимер Продакшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің полимерлік өнімдердің өндірісі жобасы;
6) «Атырау Бөдене» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөдене жұмыртқасын және етін шығаратын бөдене фермасы жобасы;
7) «Атырау Агро Феликс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көкөністерді өңдеу және консервілеу өндірісі жобасы;
8) «Caspiy Lana Atyrau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүн өнімдерінің өндірісі жобасы;
9) «Асыл Агро» шаруа қожалығының ет өңдеу және ет өнімдерінің өндірісі жобасы.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 58,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 104,2%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 470,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 126,7%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 386 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың деңгейіне 153,9%.
550 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе
2014 жылмен салыстырғанда 105,3%.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 176,7 млрд.теңгені құрап,
2014 жыл деңгейіне 88,4%.
Көлік инфрақұрылымында көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 144,3 млн. тоннаны құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 95,4%.
Көліктің барлық түрлерімен жүк айналымы 57 158,6 млн.тонна/шақырымды, жолаушы айналымы – 1 227,9 млн. жолаушы/шақырымды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 46 688 бірлікті құрады және 2014 жылмен салыстырғанда - 93,6%, бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 116,2 мың адам.
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі
869,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылмен салыстырғанда 130,5%.
Сыртқы сауда айналымының көлемі 17,1 млрд. АҚШ долларын құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 55,6%, соның ішінде: экспорт – 14,7 млрд. АҚШ долл. (51,4%), импорт – 2,4 млрд. АҚШ долл. (110,3%).
Мемлекеттік бюджетке 591,2 млрд. теңге сомасында салықтар мен міндетті төлемдер түсті, болжамға 106%, соның ішінде республикалық бюджетке – 431,1 млрд.теңге (106,4%), жергілікті бюджетке – 160,1 млрд.теңге (105%). Ұлттық қорға 763,4 млрд.теңге аударылды.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады.
Жұмыс істеп тұрған өндірістердің кеңеюі және жаңа өндірістердің ашылуы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы есебінен 17,1 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9,7 мың орын тұрақты.
2016 жыл басында халық саны 594,6 мың адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 312,2 мың адам, экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамтылған халық саны – 296,5 мың адам.
2015 жылы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 225 121 теңгені құрады немесе 100,6 пайыз.
2016 жылы да экономика салалары дамуының тұрақты динамикасы сақталуда.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 2016 жылы 4 549,8 млрд. теңге көлемінде болжануда және 2015 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі - 100,7%.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 362 млрд. теңгені құрайды, нақты көлем индексі – 101,2%.
Тау-кен өнеркәсiбiнде 2 932,7 млрд. теңге сомасында өнім өндiрiлетін болады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi 101,0% күтілуде.
32,8 млн. тонна мұнай өндірілетін болады немесе 2015 жылдың деңгейіне 101,2%, 15,6 млрд. текше метр ілеспе мұнай газын (103,3%) өндіру күтілуде.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 369,3 млрд. теңгені құрайды, нақты көлем индексі – 100,8%.
2016 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде жалпы құны
962,3 млн. теңгеге 145 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба жүзеге асырылуда:
1) Құс фабрикасының қуаттылығын кеңейту - «Алмалы Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (457,3 млн. теңге, 37 жұмыс орны);
2) Тығыздағыш төсемдер өндірісі - «Казахстан Интегрейтед Сервисез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (145 млн. теңге, 15 жұмыс орны);
3) Оптикалық кабель шығаратын зауыттың қуаттылығын кеңейту - «ПКФ Континент Ко ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (122 млн. теңге,
3 жұмыс орны);
4) Электртехникалық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру - «KAZELEKTRYM (КАЗЭЛЕКТРУМ) Өндірістік кешен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (119 млн. теңге, 70 жұмыс орны);
5) Кабельдік науа және электр қалқан шығаратын зауыт - «Centech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (119 млн. теңге, 20 жұмыс орны).
Ауыл шаруашылығында 53,4 млрд. теңге сомасында өнім өндіру жоспарлануда немесе 2015 жылдың деңгейіне 102%.
2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда ет өндірісі көлемін 52 мың тоннаға тірілей салмақта (105,4%), сүт өндірісін 61 мың тоннаға (107,2%) және жұмыртқа көлемін 65 млн. данаға (118,4%) дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы қуаты жылына 7,2 мың тонна ет цехы іске қосылды. Өнімділігі жылына 30 млн. дана жұмыртқа, жыл аяғына дейін 60 млн. дана жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы іске қосылды.
Картоп өндірісінің көлемі 24,5 мың тоннаны немесе 2015 жылға 113%, көкөніс 67 мың тонна немесе 104,7%, бақша дақылдары 25 мың тонна немесе 108% құрайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 2015 жылмен салыстырғанда: картоп 1 977,6 гектарға немесе 128,4%, көкөніс дақылдары 2 513,4 гектарға немесе 102,3%, бақша дақылдары 1 024,3 гектарға немесе 111,8%-ға дейін ұлғайды.
Тамшылатып суару технологиясы бойынша өңделген ауылшаруашылық дақылдарының алқабы 2015 жылмен салыстырғанда 2,0 мың гектарға немесе 133,3% жетті.
Жылына 25 мың дана консервіленген өнім және 530 тонна көкөніс салаттарын өндіретін кешен іске қосылды.
Сыртқы сауда айналымы 18 млрд. АҚШ доллары көлемінде болжанады және 2015 жылмен салыстырғанда 85,0% құрайды деп күтіледі, соның ішінде экспорт – 82,1%, импорт – 103,2%.
Негізгі капиталға инвестиция көлемінің нақты көлем индексі – 112%.
Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік сала, сумен қамту жүйесі, электрмен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысын салу және жөндеу, автокөлік жолдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жоспарлануда.
Облыс бюджеті 2016 жылы 236 млрд. теңгені құрайды (жеке табыстар – 78,2%, республикалық бюджеттен трансферттер – 21,8%). Соның ішінде білім беруге – 49,1 млрд. теңге (20,8%), денсаулық сақтауға – 21,3 млрд. теңге (9,0%) бөлінді. Тұтастай алғанда, әлеуметтік қажеттілікке – 87,8 млрд. теңге бағытталды, бұл облыс бюджеті көлемінің 37,2%-ын құрайды.
Исатай ауданының Жанбай ауылында жанұялық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, Құрманғазы ауданының РТС мөлтек ауданында фельдшерлік-акушерлік пункттің және Атырау қаласының Геолог ауылында 100 келушіге арналған емхананың құрылыстары аяқталды.
Демеушілер көмегі есебінен Индер ауданы Көктоғай ауылында жанұялық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды.
Сондай – ақ демеушілер көмегі есебінен Атырау қаласында 180 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жалғасуда.
Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында 160 орындық балабақша пайдалануға берілді.
Атырау қаласының Бірлік ауылында 280 орындық балабақша құрылысы аяқталуда.
ҚР Ұлттық қор есебінен Мақат ауданының Доссор кентінде 300 орындық мектеп құрылысы аяқталуда.
Инвесторлар қаражаты есебінен Махамбет ауданының Махамбет ауылында және Атырау қаласының Вокзал маңы ықшам ауданында әрқайсысы 280 орындық балабақша құрылыстары аяқталды.
Инвесторлар есебінен Атырау қаласында 320 орындық ұлттық гимназияның құрылысы аяқталды. Мақат ауданы Доссор кентіндегі
100 орындық шипажайлық балабақшаның және 624 орындық техникалық гимназияның құрылыстары, Индер ауданы Құрылыс ауылында 100 орындық мектептің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, Жылыой ауданының Ақкиізтоғай, Қосшағыл, Тұрғызба ауылдарында және Исатай ауданының Аққыстау ауылында әрқайсысы 160 орындық балабақшалардың, Жылыой ауданының Жаңа Қаратон кентінде 280 орындық және Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданында 320 орындық, Исатай ауданының Х. Ерғалиев ауылында
100 орындық балабақша құрылыстары жүргізілуде, Индер ауданының Аққала ауылында және Атырау қаласының Ақжайық ауылында әрқайсысы
120 орындық мектеп құрылыстары, Махамбет ауданының Береке ауылында
250 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
Атырау қаласы Еркінқала ауылында және Индер ауданының Шығыс ықшам ауданында әрқайсысы 290 орындық балабақшаның, Кұлсары қаласында әрқайсысы 290 орындық 2 балабақшаның, Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылында 100 орындық балабақшаның құрылыстары және Исатай ауданының Қызылүй ауылында 80 орындық орта мектептің құрылысы басталды.
Құрманғазы ауданының Приморье ауылында 300 орындық орта мектептің құрылысы бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде және Жалғызапан ауылында 80 орындық орта мектептің құрылысы бойынша мердігер анықталды.
Демеушілер көмегі есебінен Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылында
200 орындық балабақшаның құрылысы басталды.
Республикалық бюджет есебінен Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында 624 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
Атырау қаласының Д. Нұрпейісова атындағы музыкалық колледждің
100 орындық жатақханасының құрылысы басталды.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы 17 нысанның құрылысы іске асырылуда. Жыл соңына дейін 11 нысанды аяқтау және ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 77,4%-ға жеткізу жоспарлануда.
Бүгінгі күні облыс елді мекендерінің табиғи газбен қамту көрсеткіші
79,5 % құрады.
Жұмыс істеп тұрған өндірістердің кеңеюі және жаңа өндірістердің ашылуы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы есебінен 2020 жылға жұмыссыздық - 4,8% деңгейінде болжамдалып отыр.
Жұмыссыздарды, оның ішінде жұмыстан босатылған қызметкерлерді, мүгедектерді және аз қамтылғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары жасақталып, іске асырылатын болады.
2016 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды.
Батыс өңірлерінің (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау) әлеуметтік-экономикалық дамуы. Мұнайлы Батыс өңірі республиканың жалпы ішкі өнімінің көлеміне үлес қосу бойынша көшбасшы болып табылады.
Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы дамыған. Осы екі өңір макроөңір үшін ішінара азық-түлік базасы болып табылады. Ал Маңғыстау мен Атырау облысының экономикасын мұнай және газ өндіру секторы құрайды.
Орта мерзімдік перспективада Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік әлеуетін ескере отырып, Атырау мен Маңғыстау облыстарының импорттық өнімге тәуелділігін азайту мақсатында олардың төлем қабілетті тұтынушылық базасымен сапалы көліктік қатынасы қамтамасыз етіледі.
Атырау мен Маңғыстау облыстарында экономиканың шикізаттық емес секторларын – Атырауда мұнай-химияны, Маңғыстау облысында туризмді, мұнай-сервистік секторды және азот тыңайтқыштарын өндіруді, құрылыс материалдарын өндіруді, балық шаруашылығын, түйе шаруашылығын және басқаларды дамытуға қолдау көрсетіледі.
Облыс экономикасы дамуының басты басымдықтары тау-кен және өңдеу өнеркәсібі болып табылады. Экономика өсіміне үлес қосатын басты жобалар мыналар:
Мұнай және газ өңдейтін «Қашаған» жобасы, ағымдағы жылдың
1-ші қыркүйегі жағдайына аталған жобада 2 349 адам жұмыспен қамтылған. Жобаның іске қосылуы қуаты тәулігіне 450 мың баррель мұнай (жылына
22,5 млн. тонна) және қуаты жылына 6,2 млрд. текше метр болатын ілеспе мұнай газын өндіру және өңдеуге мүмкіндік береді.
Жобаның іске қосылуы ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.
«Теңізшевройл» компаниясының III деңгейдегі Зауыты жобасы. Келешек кеңею жобасы – бұл теңіз кен орнында Теңізшевройлдың өндірістік қуатын барынша кеңейтетін қадамның бірі. Жобаның іске қосылуы жылына
36 млн. тоннаға дейін мұнай өндіруге, тұрақты жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді.
Жобаның іске қосылуы 2021 жылға жоспарланған.
II. 2017-2021 жылдарға арналған экономикалық саясаттың мақсаты мен міндеті
Атырау облысының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Даму болжамы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.
Даму болжамы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын, қарқындарын, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын,
2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамын қамтиды.
Орта мерзімді перспективада экономикалық саясаттың негізгі мақсаты макроэкономикалық тұрақтылықты және жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады.
Тұтыну нарығындағы бағаның өзгеруіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар қадағаланатын болады.
Болжамдалып отырған кезеңде тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды өнеркәсіптің қайта өңдеу және өңдеу салаларына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның құрылыстарына тарту жұмыстары жалғасады.
III. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары және шаралары
1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
1.1. Ақша-несиелік саясат
Ақша-несиелік саясат 2017 жылы инфляцияның 6-8% мақсатты дәлізінен 2021 жылы 3,0-4,0% деңгейіне дейін төмендету және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Атырау облысы бойынша филиалы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, валютаны реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру, қаржы нарығы және қаржы мекемелеріне бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Инфляция деңгейін ұстап қалу. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 6-8% аралығында жоспарлануда.
Азық-түлік нарығын реттеу және алыпсатарлық пен бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ мерзімдік ауытқуларды қалыпқа келтіру үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Отандық нарықты азық-түлік тауарларымен толықтыру үшін отандық өндірушілерді қолдау қамтамасыз етіледі.
Бюджет және салықтық саясат
Әлемдік экономиканың баяулауы және шикізат құнының төмендеуі жағдайында бюджеттік саясат мемлекеттік қаржының тұрақтылығын сақтауға, бюджет қаражатын үнемдеуге және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыру мақсатында жаңа бюджеттік саясат Концепциясында анықталған міндеттердің шешімін табу жұмыстары жалғасады.
Бюджеттік бағдарламаларға толықтай тексеріс және тиімді емес шығыстарды оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі, соның ішінде өңірлік және индустриялық даму бағдарламаларының шығыстарына.
Бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары
Бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.
Әлеуметтік саланы жаңғырту
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының сапалы қызмет көрсетуінде тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту, жұмыссыздықты қысқарту мен жұмыспен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға ықпал етуді көздейтін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы тұрақты және табысты жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсімін төмендету және болдырмау жалғасатын болады.
3. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамту
Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту шаралары жүзеге асырылатын болады, қолжетімді баспанамен қамту тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй қорын, тұрғын үй құрылысын жақсарту, халықты сапалы ауызсумен және табиғи газбен қамту, сумен қамту және су тарту жүйесін дамыту арқылы іске асырылатын болады.
Бұл шаралар «Ақ бұлақ» және «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары арқылы жүзеге асатын болады.
4. Адам капиталының сапалы өсімі
Денсаулық сақтау саласында басымдықтың бірі медициналық қызмет сапасының артуына, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға, төсек орын қорының және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін әрі қарай енгізу болып табылады.
Білім сапасын әрі қарай жетілдіру мақсатында мемлекеттік және жеке балабақшалар, мектепке дейінгі ұйымдардың (шағын орталықтар, мектеп-балабақшалар және т.б.) түрлі үлгілері дамитын болады, балабақшалар ғимараттарын қалпына келтіру, қызмет етуші балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылады.
5. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін толық көлемде орындау
Жергілікті бюджет қаражаттарын жұмсаудың басымдық бағыттарына білім, денсаулық сақтау, сумен қамту, табиғатты қорғау шаралары, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру нысандары, мәдениет және спорт салаларындағы жобалар жатқызылады.
6. Өңірлік даму
Өңірлерді дамыту бойынша бюджеттік саясаттың маңызды бағыты елді мекендерде әлеуметтік нысандардың құрылысын салу болып табылады, бұл оптимистік демографиялық болжамы және даму перспективасы, осы елді мекендерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға ресурстардың шоғырлануымен бірге бір мезгілде тиімсіз шығындарды қысқарту.
2. Әртараптандыру негізінде экономиканы жаңғырту
Өңірдегі өнеркәсіп 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарымен дамуда. Басты мақсаты - өнеркәсіпті әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновацияның дамуына, табыстың өсуіне және жұмыспен қамту үшін қолайлы жағдай жасау.
Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы әрі қарай жаңғырту мен әртараптандырудың маңызды құралы болып қалады.
Бағдарлама шеңберінде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға, экономиканың шикізаттық емес секторында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» іс-шаралары басымды қаржыландырылатын болады.
Аграрлық секторды әртараптандыру үшін фермерлерді қаржыландыруға, етті мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаларды іске асыруға қолжетімдігін арттыру, сонымен қатар мал азығын өндіруді дамыту бойынша шаралар алынатын болады.
2.1. Экономика салаларының дамуы
Өңірдің химия өнеркәсібі саясаты қосымша құны жоғары өнімдер өндірісіне бағытталатын болады.
Алға қойылған мақсаттың іске асырылуы үшін озық технологиялар негізінде химиялық кластерлер және жаңа бәсекеге қабілетті химиялық өндірістер құрылатын болады.
Тиімділігі жоғары технологияларды жасақтау және енгізу, өнімнің сыртқы нарыққа жылжытылуына ықпал ету және саладағы кәсіпорындардың қоршаған ортаға кері әсерін төмендету жолымен химия өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін дамыту қамтамасыз етілетін болады.
2016 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту және жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.
Өңірдің машина жасауды дамыту саясаты ішкі нарықтың сұранысын барынша қанағаттандыруға және жоғары қосымша құнды түпкілікті өнім өндірісін арттыру есебінен экспортты кеңейтуге бағытталатын болады.
Фармацевтика саласындағы саясат жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен жаңа өндірістердің құрылысы және жобаларды біріге іске асыру үшін инвестициялар тартуға бағытталатын болады.
2017 жылы «LUMPAN CASPIAN PHARMACEUTICALS LLP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фармацевтикалық препараттар шығару зауытын іске қосу жоспарлануда.
Құрылыс индустриясында саланың индустриялық-инновациялық дамуы, өңірде құрылыс материалдарын тұрақты және теңгерімді өндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту саясаты Қазақстан Республикасының
2015-2019 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамытудың Кешенді жоспары аясында әлеуметтік тиімділігін күшейту арқылы орта мерзімді кезеңде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады.
2015 жылы «Caspiy Lana Atyrau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүнді қайта өңдеу есебінен жүн өнімдерінің өндірісі, «Атырау Агро Феликс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көкөністерді өңдеу және консервілеу өндірісі жобалары іске қосылды.
Мұнайгаз секторын дамыту ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен газға сұранысын қамтамасыз етуге, мұнай мен газдың экспортын ұлғайтуға бағытталатын болады.
Ауыл шаруашылығы саясаты Агробизнес 2020 бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарылату, азық-түлік тауарларының түрлерін көбейту, халықаралық сапа стандарттарына көшу орта мерзімді перспективада негізгі міндеттер болып есептеледі.
Көлік қызметі. Облыс аумағынан Ресей мен Қазақстанның оңтүстік өңірлерін байланыстыратын маңызды автомагистраль өтеді.
Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 051,6 шақырым, соның ішінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 990 шақырым, облыстық және аудандық маңызы бар
2 061,6 шақырым.
2016 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген қаражатқа көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жобалар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
2020 жылға дейін облыстық және аудандық жолдардың жағдайын жақсы деңгейге жеткізу үшін ірі жобаларды республикалық бюджет есебінен қаржыландыруы қажет облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының ұзындығы 123 шақырым «Қарабау-Миялы» және ұзындығы 80 шақырым «Индер-Қарабау» учаскелерін, ұзындығы 29 шақырым Құрманғазы ауданындағы «Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяевка» автомобиль жолын қайта жаңарту.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань РФ» автомобиль жолын қайта жаңарту жоспарланған.
«Мақат-Сағыз» аралығының 138 шақырымына (468-330 шақырым аралығы) және «Атырау-Астрахань РФ» аралығының 277 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Соның ішінде
10 шақырымына (468-458 шақырым аралығы) жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Аталған аралыққа биыл қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарлануда.
«Қазақстан Республикасы көлік инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыстың аудан және ауыл орталықтарынан 38 такси тұрағын салу жоспарлануда. Бүгінгі күні елді-мекендерде 15 такси тұрағы салынды.
Көліктік – логистикалық орталықтарды дамытуға бағытталған өңірдің көлік жүйесі инфрақұрылымын жақсарту мақсатында, Атырау облысы Мақат ауданында көліктік – логистикалық орталығын құру жоспарлануда.
Азаматтық авиация саласы бойынша Атырау халықаралық әуежайында жүк және жолаушылар терминалын салуға техникалық-экономикалық негіздеме жасақталуда.
Инфокоммуникациялық инфрақұрылымда «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылатын болады. Сонымен қатар, «Электрондық үкімет» порталын дамыту, соның ішінде «Мобильдік үкімет» қызмет көрсету және қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
2.3. Бизнес-климатты жақсарту
«Бизнестің Жол Картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау кешенді шараларын алу жұмыстары жалғасады.
2016 жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 2 565,6 млн. теңге қаражат қаралды, соның ішінде:
Жобалар бойынша несиені кепілдендіруге, гранттар беруге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда кәсіпкерлерді несиелендіруге.
3. Әлеуметтік сала және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту
Экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет әлеуметтік жаңғыртумен қатар шешіледі.
Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын жақсарту, жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.
Тұрақты және табысты жұмыспен қамтуды, жұмыссыздық деңгейін төмендету және оның өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру арқылы жалғасатын болады.
Білім беру саласындағы жұмыс білім алу сапасын жақсарту және қол жетімділігін қамтамасыз етумен айқындалады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесінде 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиемен және оқытумен толық қамту бойынша жұмыстар жалғасын табады.
«Мектепке жол» акциясы аясында күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сондай ақ төмен отбасынан шыққан балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың басты мақсаты – азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және тұрақты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.
2017-2021 жылдары облыстың денсаулық сақтау саласының негізгі міндеттері:
- санитариялық әл-ауқатты, қауіп факторларының алдын алуды қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды насихаттау мен саламатты өмір салтын ынталандыру негізінде халықтың денсаулығын нығайту;
- халықты сапалы, қолжетімді медициналық көмекпен, оның ішінде диагностика, емдеу және оңалтудың жоғары технологиялы түрлерімен қамтамасыз ету;
- халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
- денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершіліктерінің механизмдерін енгізуге негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу.
Халықтың нысаналы топтарына скринингтік бағдарлама жалғасады.
Көрсетілген бағыттарды дамыту 2021 жылдың аяғына дейін:
- халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайтуға;
- ана өлім-жітімін 2009 жылғы деңгейден 3 есеге төмендетуге;
- нәресте шетінеуін 2009 жылғы деңгейден 2 есеге төмендетуге;
- халықтың жалпы өлім-жітімін 2010 жылғы деңгейден 30%-ға төмендетуге;
- туберкулезден болатын өлім-жітімді, 100 мың тұрғынға шаққанда, 3,8-ге дейін төмендетуге;
- 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ жұқпасының таралуын
0,2-0,6% шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Мәдениет саласын дамыту мақсатында облыстың өнер ұжымдары концерттік бағдарламалармен шет елдерге гастрольдерде болады.
Көне заманнан бүгінге дейінгі 700-ден астам ақынның өлеңдері жинақталған он томдық «Жыр маржаны» қазақ поэзиясының антологиясы жарық көрді.
Облыстың шығармашылық ұжымдары еліміздің өзге облыстарымен мәдениет күндерімен алмасуы жалғасады.
Еңбек нарығын болжамдау тиімділігін арттыру үшін еңбек ресурстарының теңгерімі (сұраныс пен ұсыныс) қалыптастырылатын Атырау облысының 2016-2018 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы іске асырылуда.
Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру келісімшарты негізінде табысы аз отбасыларға шартты ақшалай көмек көрсету жөніндегі «Өрлеу» жобасы бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1 қосымшада көрсетілген.
Атырау облысының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде тұрғындар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылады:
несие алу;
қоғамдық жұмыстарға бағыттау;
әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру;
жастар практикасынан өту;
үкіметтік және мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмысқа орналастыру.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғын үй құрылысы, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту, сумен қамту және су айдау жүйесін дамыту арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамту.
Бұл бағыт бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламалары арқылы іске асырылатын болады.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде келесі негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады:
Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы іске асырылатын жергілікті атқарушы органдармен тұрғын үй құрылысын салу;
Кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу;
Жас отбасылар үшін іске асырылатын жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу;
Инженерлік жүйелер құрылысын салу;
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы және кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысы іске асырылуда. Облыс бюджеті есебінен «Жас Отау» бағдарламасы жасақталып, жүзеге асырылуда.
4. Өңірлік даму
Атырау облысының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға, Атырау облысының
2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталатын болады.
Орта мерзімдік кезеңде өңірлік саясат «Өңірлерді дамытудың 2020» бағдарламасымен белгіленген басымдықтардың негізінде қалыптастырылатын болады.
Сондай-ақ, даму әлеуеттері орташа және жоғары өңірлердің экономикалық дамуына көмектесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық округтерді жайластыру мәселелерін шешуге қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Бұл орайда экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы мен қайта жаңарту арқылы жүзеге асырылады.
IV. 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы
Экономикалық өсімнің нысаналы параметрлеріне қол жеткізу экономиканың мемлекеттiк және жеке секторларының инвестициялық белсенділігімен және тұтынуды ынталандыру есебінен қамтамасыз етіледi.
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін
«100 Нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы, облыс бойынша «2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы» және «2016-2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету» іс-шара жоспарлары жүзеге асырылуда.
Жалпы өңірлік өнім индексінің болжамы 2017 жылы – 102,5%,
2018 жылы – 105,0%, 2019 жылы – 106,9%, 2020 жылы – 104,2%, 2021 жылы – 103,1%-ды құрайды.
2017-2021 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орта есеппен жылына 6,2%-ды құрайды.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі болжам бойынша 2016 жылы – 1 553,4 млрд. теңге, 2021 жылы – 1 943,5 млрд. теңгені құрайды.
2017 – 2021 жылдары өнеркәсіп өнімі көлемінің орташа жылдық қарқыны 2,7% деңгейінде болжамдалады.
Тау-кен өнеркәсібінде өндірілген өнiм көлемінің өсуі жылына 2,3% шамасында жоспарланған.
Экономикалық белсенді халық саны 2016 жылы 318,0 мың адамнан
2021 жылы 351,3 мың адамға дейін өсуі күтілуде. Болжам бойынша жұмыспен қамтылғандар 2016 жылы 302,4 мың адамнан 2021 жылы 334,4 мың адамға дейін, оның ішінде сәйкесінше жалдамалы жұмысшылар 269,9 мың адамнан 303,2 мың адамға дейін артуы күтіледі.
Сауда көлемінің жылдық орташа мөлшердегi өсу қарқыны 2017-2021 жылдары 100,6% деңгейінде болжамдалуда.
Сыртқы сауда айналымы 2017-2021 жылдары жылына орташа 104,6% құрайды, соның ішінде экспорт – 105,5%, импорт – 91,2%.
2017 – 2021 жылдары құрылыс жұмыстарының орташа жылдық көлемі 113% деңгейінде болжамдалады.
2017 – 2021 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы ауданы 2 481 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, соның ішінде: 2017 жылы – 493 мың шаршы метр, 2018 жылы – 494 мың шаршы метр,
2019 жылы – 496 мың шаршы метр, 2020 жылы – 498 мың шаршы метр,
2021 жылы – 500 мың шаршы метр.
Мұнай өндіру көлемінің артуы 2017 жылы 36,3 млн.тоннадан
2021 жылы 44 млн. тоннаға дейін жоспарлануда.
Ілеспе мұнай газын өндіру 2017 жылы 20,3 млрд.текше метрден (130,1%) 2021 жылы 28 млрд.текше метрге дейін (119,1%) өседі деп болжануда.
Өңдеу өнеркәсiбiндегі нақты көлем индексі 2017-2021 жылдары орташа есеппен 102,7%-ды құрайды.
2017-2021 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жылдық орташа өсiмі 102,9%-ды құрайды. Жылына мал шаруашылығы өнімінің өсімі 2,3% шамасында, егін шаруашылығы – 2,9%.
Облыстың 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы негізгі көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада келтірілген.
Экономика салаларының динамикасы
НКИ, алдыңғы жылға қарағанда %-бен
Достарыңызбен бөлісу: |