Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi



жүктеу 16,95 Mb.
бет85/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97

622-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi


1. Мемлекеттiк баж:

1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) берілгенге немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;

2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларын бергенi үшiн - жасалған нотариаттық iс-әрекеттi тiркеген кезде;

3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәлiктер бергенi үшiн - оларды берген кезде;

4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;

5) тиiстi құжаттарды бергенге дейiн:

азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;

Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін;

жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;

аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін;

сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;

азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін;

жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша;

зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның патенттер беруге, тауар белгілерін және тауарлар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге, жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тіркеуге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беруге байланысты заңды мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн;

теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін төленеді.

6) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдары және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін – тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенге дейін;



7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн - апостиль қойғанға дейiн төленеді.

3. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жазылады.

4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.

5. Мемлекеттік баж сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде мемлекеттік баждың мұндай қабылданған сомаларын уәкілетті мемлекеттік органдар кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

§ 2. Консулдық алым 

623-бап Жалпы ережелер


Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын төлем.

624-бап. Консулдық алым төлеушiлер


Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент шетелдiк заңды тұлғалар, осы Кодекстің 521-бабында көзделген консулдық iс-әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау