Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату



жүктеу 16,95 Mb.
бет83/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97

615-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату


Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:

1) жеке тұлғалар - өздерiнің мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;

2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;

3) жеке тұлғалар - оларға:

Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;

егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйiне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайына;

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетiн ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомаларына;

ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;

6) "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;

8) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

9) он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

617-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден босату


Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің, мүгедек баланың ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;

2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілері жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;

3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;

4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

618-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды рәсімдеу кезінде мемлекеттiк баж төлеуден босату


1. Мемлекеттік баж төлеуден:

1) жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершілікке жат өзге де саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары – Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды рәсімдеу үшін;

2) оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды рәсімдеу үшін босатылады.

2. Аталған мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.

619-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату


Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде:

1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

2) толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;

3) оралмандар;

4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің, мүгедек балалардың ата-аналарының бірі, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
620-бап. Қазақстан Республикасының визасын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыртуларын келісу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визасын беру, қалпына келтіру және ұзарту кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

Мемлекеттік баж төлеуден босатылады:

1) Қазақстан Республикасының визасын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыртуларын келісу кезінде:

консулдық алым алудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімі бар елдердің жеке және заңды тұлғалары;

Қазақстан Республикасының визасын алу бойынша шақыртуларды келісу туралы ізденушілерді қабылдаушы тұлғалар;

Қазақстан Республикасына бет алған шетелдік ресми делегацияның мүшелеріне және оларды алып жүрушілерге;

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Конситиуциялық Кеңесінің, Қазақстан Республиксаның Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комитетінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесінің, мемлекеттік органдарының, облыс әкімдіктерінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шақыртуы бойынша;

жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау