614-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн – 0,1 АЕК;
2) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – 2 АЕК;
3) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн – 2 АЕК;
4) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенi үшiн – 8 АЕК;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергенi үшiн – 0,2 АЕК;
5) мыналарға:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК;
азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 2 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн – 1 АЕК;
азаматтық, қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін – 3 АЕК;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін – 3 АЕК;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 0,1 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 мм дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн – 0,1 АЕК;
7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн – 0,1 АЕК;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар ға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшiн – 0,5 АЕК;
9) мыналарды:
жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 1,25 АЕК;
көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн – 1,25 АЕК;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 2,8 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ны құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 137 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ны құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 228 АЕК;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 1,4 АЕК;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 0,35 АЕК;
10) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, оларға тiркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн бергенi үшiн – 1 АЕК;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, оларға тiркемелердi (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
11) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – 0,25 АЕК;
12) мыналарды:
теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін – 5 АЕК;
Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін – 3,5 АЕК;
кәсіби дипломды бергені үшін – 2 АЕК мемлекеттік баж алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |