634-бап. Кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру мерзімі
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүліктер туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша:
1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
2) электрондық түрде ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.
2. Жеке практикамен айналысатын дара кәсіпкерлер кірістер мен мүліктер туралы декларацияны осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде орналасқан жері бойынша тапсырады.
635-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісі осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кіріс сомасы ретінде айқындалады.
Егер жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасының мәні теріс болса, онда жеке табыс салығын есептеу мақсатында жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасы нөлге тең деп танылады.
2. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен:
жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірісін қоспағанда, осы Кодекстің 177-бабында көзделген, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер
плюс
жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі,
плюс
дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі,
плюс
осы Кодекстің 172 және 173-баптарда көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің салық агенті есептеген сомасы,
минус
осы Кодекстің 156-бабында көзделген кірісті түзету,
минус
осы Кодекстің 156-2-бабының 1-тармағында көрасетілген салықтық шегерімдер сияқты айқындалады.
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес көрсетілген арнаулы салық режимдер шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын жүргізеді.
636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығын есептеу
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығын есептеуді жеке тұлға өз бетінше кірістер мен мүліктер туралы декларацияда жүргізеді.
2. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығының сомасын есептеу осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану арқылы есептеледі.
3. Бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомасы мынадай:
осы баптың 2-тармағында көзделен тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы,
минус
осы Кодекстің 172 және 173-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы,
минус
осы Кодекстің 636-бабына сәйкес есепке жазу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы;
осы Кодекстің 637-бабына сәйкес есепке жазу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы тәртібімен айқындалады.
637-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетел салығының (бұдан әрі осы баптың мақсатында – шетелдік табыс салығы) резидент – жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан сомасы Қазақстан Республикасында осы Кодекстің 302-бабында белгіленген тәртіппен, жеке табыс салығы мөлшерлемесі шегіндегі жеке табыс салығын төлеу есебіне осындай салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылуға жатады.
Мынадай формула:
Се = О х Ү х См/100%, мұнда
Се – есепке жатқызуға жататын шетелдік табыс салығының сомасы;
О – осы Кодекстің 335-3-бабына сәйкес резидент жеке тұлғаның кірісіне қамтылған, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасының оң шамасы;
Ү – осы Кодекстің 296-бабына сәйкес айқындалатын резиденттің бақыланатын шетелдік компаниядағы тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу коэффициенті;
См – осы Кодекстің 293-бабына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.
Осы тармақтың ережелері шетелдік табыс салығы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан мыналар:
бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания;
резидент бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленетін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекеттерде жиырма пайыздан аз құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда қолданылады.
Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасына шетелдік табыс салығы екі және одан көп мемлекетте салынса, онда есепке жатқызуға сол шет мемлекеттерде тиімді мөлшерлеме төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемесінен барынша көп құрайтын шетелдік табыс салығы қабылданады. Осы абзацтың ережелері:
1) бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иелену және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы екі және одан көп мемлекетте төленген кезде; немесе
2) бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей иелену және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.
Резидент бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама иеленген жағдайда осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының сомасы бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама иелену бойынша бөлек есептеледі. Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама иелену бойынша бөлек есептелген осындай шетелдік табыс салығының сомасы жатады.
Осы тармақты қолдану үшін резидент жеке тұлғада осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болуға тиіс.
638-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу
Келесі тәртіптердің бірінде жеке табыс салығының мөлшері азаяды:
Дивидент түріндегі табыстан Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен шегерілген корпоративтік табыс салығының сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 335-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есептік немесе келесі салық кезеңінде салық салуға жататын (салық салынған) бақыланатын шетелдік компанияның қаржы кірісіне қосылған, Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен шегерілетін бақыланатын шетелдік компанияның табысынан немесе салық салынатын табысынан Қазақстан Республикасының салық кезеңінде төлем көзінен шегерілген корпоративтік табыс салығы;
Келесі тәртіпте анықталатын шама:
Нв = Д х (Ск – Сн)/100%, мұнда:
Нв – осы тармаққа сәйкес шегерілуге жататын салық;
Д – дивидент түріндегі табысты қоспағанда Қазақстан Республикасының көзінен бақыланатын шетелдік компания алатын табыс немесе салық салынатын табыс;
Ск – кемінде 10 пайызды құрайтын мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасындағы көзден бақыланытн шетелдік компанияның табысынан немесе салық салынатын табысынан Қазақстан Республикасында шегерілген корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);
Сн – осы Кодекстің 630-1-бабының 2 тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатқызу немесе тиісті ол бойынша шетелдік табыс салығы есептелген Қазақстан Республикасындағы көздерден табысты немесе салық салынатын табысты қосатын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық кірісінен шетел мемлекетінде төленген, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас шетелдік табыс салығының немесе басқа да шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемесі).
Осы баптың 1 тармағының 1) немесе 2) тармақшасының ережелері резидентте келесі құжаттардың көшірмелері болған жағдайда қолданылады:
Қазақстан Республикасында алынған бақыланатын шетелдік компанияның табысынан немесе салық салынатын табыс көзінен резидентпен Қазақстан Республикасының бюджетіне корпоративтік табыс салығын аударуды немесе шегеруді растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасындағы табысын немесе салық салынатын табысын бақыланатын шетелдік компанияның қаржы кірісін Қазақстан Республикасындағы тиісті салық салынуға (салық салынған) жататындығын растайтын шетел тілінде (қазақ немесе орыс тіліне міндетті аудармасымен құралған ішкі құжат (құжаттар).
639-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету
Жеке табыс салығы бойынша асып кету деп осы Кодекстің 172 және 173-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 187-8-бабында көзделген тәртіппен күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірісінен есептелген жеке табыс салығы арасындағы оң айырма танылады.
640-бап. Кіріс және мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші кіріс және мүлік туралы декларацияны ұсыну үшін оны ұсыну тәсілдеріне байланысты осы Кодекстің 187-6-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мынадай тәртіппен:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, – орналасқан жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – орналасқан (болу) жері бойынша жүзеге асырады.
641-бап. Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбек иммигрантының кірісі
1. Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
2. Табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 157-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстар сомасы ретінде айқындалады.
Салық кезеңі ішінде бюджетке Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.
По окончании отчетного налогового периода трудовыми иммигрантами, являющимися домашними работниками-резидентами Республики Казахстан, производится исчисление суммы индивидуального подоходного налога путем применения ставки, установленной пунктом 1 статьи 157 настоящего Кодекса, к облагаемой сумме дохода.
642-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация және оны табыс ету мерзімі
1. Тұрғылықты (болған) жері бойынша табыстарды алған, Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда есептік салық кезеңінен кейін келетін жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етеді.
2. осы Кодекстің 187-11-бабында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.
19-БӨЛІМ. БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ
643-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары
1. Табыстардың мынадай түрлері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтер көрсетуді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.
Осы бөлімнің мақсатында:
сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі қаржылық қызметтерді көрсету деп танылады.
4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.
Осы тармақшаның ережелері: кіріске қатысты қолданылмайды.
осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызмет көрсетуден;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметінен түсетін кірістерге қатысты қолданылмайды;
5) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның мына
аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап үш жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттандырмаған;
осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап үш жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген адам тараған кезде тарату салық есептілігін табыс еткен күні бейрезидент қанағаттандырмаған : шарттардың бірін орындаған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері.
Авансты (алдын ала) төлемді төлеген тұлғаны тарату кезінде осы Кодекске сәйкес салықтық тарату тексеруін өткізу немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды беру көзделген жағдайда осындай міндеттеменің мөлшері:
салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төлеуге жатқан және аралық тарату балансын бекіту күні осы баланста көрсетілуге жататын (көрсетілген) міндеттемелер сомасы (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда),
минус
аралық тарату балансын бекіту күнінен бастап, салықтық тарату тексеруі немесе камералдық бақылау аяқталған күнге дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын міндеттемелер сомасы ретінде айқындалады.
Салықтық тарату тексеруінің нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасы негізінде айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексерудің актісінде көрсетіледі.
Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасы негізінде айқындайды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетіледі;
6) мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
егер бейрезидент заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
7) талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.
Бұл ретте мұндай табыстың мөлшері бейрезиденттің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
8) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе заңды тұлға бейрезиденттен борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.
Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
9) бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) түріндегі кіріс және санкциялардың басқа да түрлері;
10) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан алынатын дивидендтер түріндегі табыстар;
11) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі табыстар;
12) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;
13) роялти түріндегі табыстар;
14) қаржы лизингінен басқа Қазақстан Республикасында орналасқан немесе орналасатын мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін табыстар;
15) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;
16) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;
17) халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар.
Әртүрлі мемлекеттерде орналасқан, біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны кез келген тасымалдаулар осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар болып танылады.
Осы бөлімнің мақсатында мыналар:
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;
пайдалы қазбаларды құбыржолдармен тасымалдау халықаралық тасымалдар болып танылмайды;
18) теңіз тасымалы шартында (келісімшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операцияларында кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі табыс;
19) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;
20) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек келісімшарты (шарт, келісім) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;
21) бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты бойынша табыстары;
22) өздеріне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелері алатын өзге де төлемдер;
23) жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезиденттің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;
24) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табысы.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:
бейрезидент жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;
бейрезидент жеке тұлға өткізген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
бейрезидент жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
25) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі табысы.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:
бейрезидент жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;
бейрезидент жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
бейрезидент жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
26) резидент жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
27) қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино артистерінің, радио, теледидар қызметкерінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де бейрезидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен табысы;
28) ұтыс түріндегі табыс;
29) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден табыстар;
30) бейрезидент жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табысы.
Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады.
Өтеусіз орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, өтеусіз алынған мүліктің құны мүлікті беру күнгі мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
Өтеусіз алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүліктің құнын бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, берілген немесе мұраға енгізілген күніне мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен:
мұндай мүлік алынған күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген құн негізінде;
көрсетілген бағалы қағазды мұраға алған (енгізілген) күні қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың бағамдалуы құнының негізінде белгіленеді.
Өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүліктің құнын осы тармақшада белгіленген тәртіппен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, құн мүлікті бағалау туралы есептің негізінде айқындалады;
31) туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;
32) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқаруға мүлікті резидентке беруден алынған табыс;
33) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
34) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметінен пайда болған басқа да табыстар.
Бұл ретте осы тармақтың 1) – 18), 20), 24) - 33) тармақшаларының ережелері:
резиденттің;
егер төлемдер осындай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің;
егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 219(191)-бабының 6(4)-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, бейрезиденттің филиалының, өкілдігінің;
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген мүлікті, акцияларды (қатысу үлесін) сатып алатын бейрезиденттің табыстарды есептеуі, табыстарды төлеген және (немесе) табыстарды төлеу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызуы шартымен қолданылады.
Осы тармақтың 19), 21)-23) тармақшаларының ережелері:
резиденттің;
егер төлемдер осындай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің;
егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 219(191)-бабының 6(4)-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, бейрезиденттің филиалының, өкілдігінің;
жұмыс беруші болып табылатын бейрезиденттің;
осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген мүлікті, акцияларды (қатысу үлесін) сатып алатын бейрезиденттің табыстарды есептеуі, табыстарды төлеген және (немесе) табыстарды төлеу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызуы шартымен қолданылады.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
2) өздеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге органның) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты, сондай-ақ отырғызу талоны немесе тасымалдаушы берген жол жүру фактісін растайтын өзге де құжаты болған кезде электрондық билет), электрондық жол жүру билеті негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарларда болған мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған шығыстар;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табысы болып табылмайды. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуге тиіс.
3) бейрезидент заңды тұлғаның:
осы Кодекстің ???-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстің ???-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларындаайқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің ???-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістері;
4) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің ???-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірістері
5) заңды тұлға бейрезиденттің жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүлік құны, сондай-ақ шығарған акцияларын орналастырудан бейрезидент заңды тұлға алған мүліктің құны бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісі болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |