«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 140,21 Kb.
Дата10.02.2018
өлшемі140,21 Kb.
#9257



ЖОБА

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2016 жылғы «___» қаңтардағы

№ бұйрығына

2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы «14» сәуірдегі

№ 341 бұйрығымен бекітілген



«Жүргізуші куәліктерін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:



  1. ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);

  2. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация) ‒ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) ТЕБ-те:

құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат;

қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

бір қызмет алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат;

электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минут;

3) порталға жүгінген кезде:

құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

Теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі автоматты түрде практикалық емтихан тапсыру басталғанға дейін тоқтатыла тұрады.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жүргізуші куәлігін (бұдан әрі – ЖК), уақытша ЖК беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде.

Портал арқылы жүгінген кезде қызмет көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды расталған сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне беріледі.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес ЖК беру үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды.

Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.

Мемлекеттік корпорацияда және порталда мемлекеттік бажды төлеу «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, сейсенбіден бастап сенбіге дейін (сейсенбі – жұма сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін);

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сейсенбіден бастап жұмаға дейін 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, ал сенбі сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08-00-ден бастап сағат 15-00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін есептемегенде дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз;

Құжаттарды қабылдау түскі үзіліссіз сағат сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі.

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1) ТЕБ-ке:



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 қаңтарда № 10056 болып тіркелген) (бұдан әрі ‒ № 862 бұйрық) бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 083/е нысаны бойынша анықтама (бұдан әрі – 083/е нысаны бойынша медициналық анықтама) және оның көшірмесі;

курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);

мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;

«С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);

Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін).

ЖК (оны ауыстырған кезде);

уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);

тегі, аты, әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат;

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғылықты орны, қызмет алушының ЖК бар болуы және ЖК айырылғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық құжаттар нысаында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

2) Мемлекеттік корпорацияға:

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

083/е нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі;

курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);

мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);

«С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);

Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);

ЖК (оны ауыстырған кезде);

уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);

тегі, аты, әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат;

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы, баждар мен алымдардың төленгені (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері электрондық құжаттар нысаында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге жағдайлар көзделмесе, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қыметті алушыдан жазбаша келісім алады.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне онда көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оны бір ай сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

3) порталға:

Жарамдылық мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

көрсетілетін қызметті алушының цифрлық фотосуреті;

көрсетілетін қызметті алушы қолының электрондық бейнесі;

мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) беріледі.

Портал арқылы ЖК ауыстыруға өтінім бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы оның жеке басын сәйкестендіру және жүргізуші куәлігін алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

ЖК алу үшін:



  1. басып шығарылған хабарламаны;

  2. бұрын берілген жүргізуші куәлігін;

  3. жеке басты куәландыратын құжатты;

  4. 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманы және оның көшірмесі ұсыну керек.

Жоғалған жүргізуші куәліктерін беруді, ауыстыруды және қалпына келтіруді жүргізер алдында жүгінген адамды іздестіруде болуы мәніне ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеріс нәтижесі жүргізуші куәлігін алу бланкісіне қосылады.

10. Көрсетілетін қызметті беруші жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту туралы уақтылы орындалмаған қаулылар бар болған кезде және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өтпеген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, ТЕБ қызметкері және/немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік корпорация жұмыскері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.



Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почта мекенжайы;

2) заңды тұлғаның - оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) интернет-ресурс: www.mvd.kz;



2) интернет-ресурс: www.con.gov.kz. орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының қолдану мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71 58 68 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
жүктеу 140,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау