Солтүстік Қазақстан облыстық «Видергебурт» неміс мәдени орталығы



жүктеу 13,61 Mb.
Дата10.11.2018
өлшемі13,61 Mb.
#18959

Солтүстік Қазақстан облыстық «Видергебурт» неміс мәдени орталығы
Тарихи анықтамасы. 20 жылдан астам Петропавл қаласында 1990 жылдың 22 желтоқсанында құрылған Солтүстік Қазақстан облыстық «Видергебурт» неміс мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы жұмыс істейді. «Видергебурт» неміс қоғамдық ұйымының алғашқы төрағасы Мерк Александр Андреевич болып сайланды. 19.04.1991 жылы атақты және беделді адам Социалистік еңбек ері Диркс Мартын Мартынович сайланды. 01.08.1992 ж. қоғам төрағасының лауазымына Шутяева Эрна Генриховна сайланады.Ол қоғамға 1996 ж. желтоқсан айына дейін Германияға тұрақты түрде қоныс аударғанға дейін басшылық етті. Э.Г.Шутяева болған кезде қоғам ұйымдастырушылық және кадрлары жағынан беки түсті. Қоғам Германияға тұрақты түрде көшетіндерге және қонаққа шақырылғандарға консультативтік көмек көрсете бастады. 06.12.1996 ж. «Видергебурт» неміс мамандығы тарихшы, тамаша ұйымдастырушы, қоғамның аса белсенді мүшесі Шлотгауэр Виктор Иванович басқарды. В.И. Шлотгауэр болған кезде Германия үкіметінің қаржыландыруымен алғаш рет тілдік курстар өткізіле бастады. Облыс тұрғындары тегін үйренуге мүмкіндік алды. 01.05.1998 ж. қоғам төрағасы болған Гартман Виктор Давыдович. 01.08.2008 ж. бастап қоғамға Ковзель Эльвира Рудольфовна жетекшілік етеді.

Мақсаты – неміс ұлтының адамдарын біріктіру, неміс халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін жаңғырту.

Қызметінің негізгі бағыттары:

- ана тілін үйрену;

- балаларын неміс салты бойынша тәрбиелеу;

- неміс этникалық тобының мәдениетін, әдет-ғұрпын қолдау;

- неміс тілі мен мәдениетін өзге ұлттар арасында насихаттау және танымал ету.

Ресурстық базасы:

Этномәдени бірлестік жанында неміс тілін үйрену курстары жұмыс істейді. Бұл жобаны Техникалық ынтымақтастық жасау жөніндегі герман қоғамы мен «Возрождение» Қазақстан неміс қоғамдық бірлестіктерінің ассоциациясы бірлесіп іске асырады.

2007 ж. қараша айынан бастап балаларға арналған бағдар беретін үйірме неміс тілін тақырыптық үлгіде оқып – білудің тағы бір бағыты дамытыла бастады.

Қоғамдық бірлестік жанында Кездесулер орталығы жұмыс істейді, онда неміс халқының дәстүрлі билерін, неміс халқының әндерін орындайды және де неміс ұлттық тағамдарын әзірлеуді үйренеді.

Мәдени орталық жанында үлкен көркемөнерпаз шығармашылық ұжымы жұмыс істейді: онда хор ұжымы, жастар вокалдық тобы, жастардың хореографиялық топтары, мектеп жасына дейінгі балалардың вокал тобы, балалар хоры бар. 2004 жылы Советское, Летовочное, Чкалово селоларында және Тайынша қаласында Кездесу Орталығының филиалдары ашылды.

Түйінді жобалар:

Этникалық немістердің негізгі күнтізбелік мерекелері дәстүрлі түрде аталып өтеді: «Астық күні», «Қасиетті Николаус күні», «Рождество», «Қасиетті үш король күні», «Пасха», «Аналар күні», «Троица». Жыл сайын облыс аудандарының ауылдық көркемөнерпаз ұжымдарын тартып неміс мәдени фестивалі өткізіледі.

Соңғы жылдары әлеуметтік бағыттағы маңызды бағдарламаның бірі неміс этностарын қолдау бойынша көп жұмыс атқарылды. Әлеуметтік жобалардың негізгі мақсатты тобы еңбек армиялары, қарт адамдар, көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар мен тұрмыс деңгейі төмен отбасылар болып табылады. Мәдени орталық әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша мемлекеттік құрылымдармен белсене жұмыс істейді. Қазақстанның неміс қоғамдық бірлестігі ассоциациясының мемлекеттік құрылымдармен бірлескен жұмысының айқын мысалы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірге жасалған жобасы болып табылады. 2007 жылы «Видергебурт» облыстық қоғамы бірлескен жоба өткізіп, оны бір тараптан Германия Үкіметі және Қазақстан Үкіметі қаржыландырған болатын. Бұл жоба әзірленіп республикамызда бірінші рет жүзеге асырады. Осы жобаның орындалу нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысынан 141 отбасы азық-түлік пакеті түрінде көмек алды.

1997 жылдан бастап «Қазақстандағы неміс қоғамдық бірлестіктерінің «Возрождение» ассоциациясы әлеуметтік құрылымы негізінде Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың Еуропалық моделін пайдалану туралы» жобасы аясында «Winter Hilfe-Зимняя помощь» жобасы өткізіледі. 2013 жылы ол табысты өтіп, оның нәтижесінде 645 отбасы азық-түлік жинағы алынды.

Қоғамның жұмысында неміс этностары мен олардың отбасыларын әлеуметтік, медициналық және дәрі-дәрмектік қолдауға баса назар аударылады. Бұл Германия Үкіметінің тарапынан материалдық және қаржылық қолдау алу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл көмекті жыл сайын мыңға жуық адам алады. Бұл көп жоспарлы көмек: қаржылық, азық-түлік пакеттері мен сәлемдемелер түрінде, стоматологиялық көмек, тіс протезі, есту протезі, дәрі-дәрмек, медициналық құралдар, заттар, медициналық күтім түрінде болып келеді.

Байланыс жасау:

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 27.



Телефоны: 50-12-36.

жүктеу 13,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау