Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-ТАРАУ. САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ



жүктеу 16,95 Mb.
бет19/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97

14-ТАРАУ. САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ


 

121-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары



1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, жоғары тұрған салық органының хабарламаға берілген шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

       Салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің ___ (308-1) бабы


3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда, жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады.

2. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану басталғанға дейiн тәуекел дәрежесі орташа және жоғары салық төлеушiге осы баптың
4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.

Салық төлеушіге қатысты салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану салық төлеушіде салық берешегі түзілген күні немесе салық төлеушінің тәуекел дәрежесі төмен санаттан тәуекел дәрежесі орташа немесе жоғары санатқа өту күні салық төлеуші жатқызылған тәуекел дәрежесіне байланысты осы тарауда көзделген мерзімде жүзеге асырылады. (редакция 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

       1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

       2) дебиторлар шоттарынан;

       3) билік етуі шектелген мүлікті өткізу есебінен;

       4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.

      4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

      Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады.

Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы салық төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

5. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары:

       1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

       2) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

       3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күші жойылуға жатады.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредит берушілер талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесінің сомасы бойынша және (немесе) сот бекіткен, төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге енгізілмеген салық төлеушінің салық міндеттемесінің сомасы бойынша салық органы осы тараудың ережелеріне сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

6. Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрмайды.

7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.



122-бап. Бюджетке берешекті банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу


1. Салық органы:

тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші – бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейiн;

тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел дәрежесі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші – бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейiн салық берешегiнің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады. (редакция 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.

       2. Банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған салық төлеушінің банк шоттарынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу осындай банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

       3. Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық берешегінің сомасы туралы деректер негізінде жасайды.

     4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің бір банк шотынан инкассалық өкімді орындаған кезде салық төлеушінің аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына шығарылған инкассалық өкімдер, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған болса, салық органына орындаусыз қайтарылады.

    5. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің бірнеше банк шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен инкассалық өкімді толық орындаған кезде салық төлеушінің сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған, аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына инкассалық өкімдер орындаусыз қайтарылады.

       6. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша шығарылады және салық төлеушінің салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетуді қамтиды.

       Салық органы инкассалық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассалық өкім электрондық нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.

       7. Салық төлеушiнiң ұлттық валютамен жүргiзiлетiн банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндіріп алу шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары ұлттық валютада шығарған инкассалық өкiмдер негiзiнде жүргізіледі.

    8. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотындағы бар сомалар шегінде орындайды.



       9. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салық берешегiн өтеу есебіне клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.

       10. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.

11. Салық органы салық берешегі өтелгеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей инкассалық өкімді кері қайтарып алады.

Салық органы инкассалық өкімді кері қайтарып алуды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассалық өкімді кері қайтарып алу электрондық нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.



жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау