«сала экономикасы»


Кәсіпорынның айналым қаражаттары



жүктеу 2,42 Mb.
бет4/17
Дата14.05.2018
өлшемі2,42 Mb.
#13368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2 Кәсіпорынның айналым қаражаттары

Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы

Айналым қаражаттары бір өндірістік циклдегі өндіретін өнімді шығарған кездегі жұмсалатын еңбек заттары мен құралдарының ақшалық түрін көрсетеді. Айналым қаражаттары кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуіне қажет. Олар әртүрлі түрде өндірістік қорлар, ақшалық қорлар және өнімді жеткізушілер мен тұтынушылардың есебіндегі қаржылар және т.б. түрлерде болады. Айналым қаражаттары өндірістік үрдісте ұдайы қозғалыста болады, олар үш негізгі айналым кезеңінен өтеді.

Бірінші кезеңде кәсіпорын ақшалай түрдегі (А) айналым қаражаттарын өнім өндіруге және өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті еңбек заттарын, материалдар, шикізаттар, резервтік бөлшектерді алуға жұмсайды. Былайша айтқанда бүл кезеңде айналым қаражаттары ақшалық түрінен тауарлық түріне өтеді (Т)

А Т


Екінші кезеңде айналым қаражаттары жасалып жатқан жаңа өнім өндірісіне келіп түседі. Өнімді шығаруға қатысып жатқан айналым қаражаттары толығымен өз құнын осы өнім құнына береді

Т П Т’


яғни тағы да тауарлық түрде болады.

Т' А’


Үшінші кезеңде өнім өткізіледі және айналым қаражаттары қайтадан ақшалық түрге енеді.

Өндірістік үрдіске қатысты айналым қаражаттары өнімді шығаруға тікелей қатысатын өндірістік айналым қаражаттары (айналымның бірінші кезеңі) болып және есептік әрекеттерде қолданып жүрген айналыс қорлары (айналымның бірінші және үшінші кезеңі) болып бөлінеді.

Өндірістік айналым қаражаттарына материалдар, отын, резервтік бөлшектер, отын, сонымен қатар құны аз, тез тозатын заттар құрал-саймандар, арнайы киімдер, келешек кезең шығындары-канцелярлық және басқа да қажетті заттар кіреді. Айналым қаражаттарының элементтерінің үлестерін энергетикалық кәсіпорындар бойынша салыстыру 3-кестеде берілді.
3 Кесте - Энергетикалық кәсіпорындардың айналым қаражаттарының элементтерінің үлестерін салыстыру, %


Айналым қаражаттарының атауы

ЖЭС

СЭС

Желілер

Қосымша материалдар

24

31

54

Отын

22

0,3

0,9

Құны аз, тез тозатын заттар

22,6

28

39

Басқа нормаланатын құрал-саймандар

2

1,5

1

Жөндеуге қажетті резервтік бөлшектер

30

39

5,1

Айналыс қорлары дайын өнімге кететін шығындар, есепшоттағы, кассадағы ақша, төленбеген қарыз ақшалар және т.б. жатады. Айналым қаражаттарының құрылымы, мысалы электр желілері кәсіпорыны үшін 4-ші кестеде келтірілді.

Өндірістік үрдісте айналым қаражаттарына қажеттілік өндіріс көлеміне байланысты ұдайы өзгеріп отырады. Айналым қаражаттары көбінесе өз қаржысымен немесе сырттан толықтырылып отырады. Соған байланысты айналым қаражаттары өз қаржысы және қарызға алынған қаржы бөлек жіктеледі.
4 Кесте - Электр энергиясымен жабдықтау кәсіпорының айналым қаражаттарының жіктелуі және құрамы


Айналым қаражаттарының түрлері

Меншікті салмағы %

1 Өндірістік қор, соның ішінде

49,8

- материалдар

32,8

- отын

9,8

- резертік бөлшектер

6,9

2 Құны аз тез тозатын заттар, құрал- саймандар

0,5

3 Аяқталмаған өндіріс

-

4 Келешек шығындар

0,2

Айналым қорларының барлығы

48,4

5 Дайын өнім

-

Нормаланатын айналым қаражаттарының барлығы

48,4

6 Банк шотындағы, кассадағы ақша

4,9

7 Есеп айырысудағы ақша

5,8

8 Дебиторлық берешек

39,7

9 Басқа да қаражат

1,2

Айналыс қоры мен нормаланбайтын айналым қаражаттарының барлығы

51,6

Қосынды

100

Өз қаржысы ол кәсіпорынның оның пайдасы болып табылады. Егер кәсіпорын экономикалық қиындыққа ұшырайтын болса, онда несиелік қаржыға жүгінетін болады.

Қарыздық ақша көзі ретінде пайыздық үлесі бар және бекітілген мерзімге қысқа мерзімдік банк несиелерін алады.

Анықтау әдістеріне байланысты айналым қаражаттары нормаланатын және нормаланбайтын болып жіктеледі. Нормаланатын айналым қаражаттарына өндірістік мақсаттар үшін есептік немесе тәжірибелік жолмен анықтауға болатын қажеттіліктер жатады. Нормаланбайтынына - кәсіпорынға байланысты емес себептермен ұдайы өзгеріп тұратындықтан дәл анықтауға мүмкін болмайтын айналым қорлары жатқызылады.

Энергетикалық кәсіпорындардың жұмысын экономикалық жағынан тұрақты ұйымдастыру үшін олардың айналым қаржыларына қажеттілігін анықтау өте маңызды орын алады. Бұл үрдіс нормалау нәтижесінде, яғни айналым қаржыларына нормативті орнату арқылы жүзеге асады.

Өндіріс сферасында, сондай-ақ айналыс сферасында да пайдаланатын айналым қоларының нормативтері ең төменгі қажетті мөлшерде анықталады. Айналым қаражаттарының шамасы тұрақты болмайды, шамасы кәсіпорынның өнім көлеміне, қамтамасыз ету жағдайына және өнімді өткізуге байланысты болады.


Тауарлы-материалдық құндылықтардың өндірістік резерв ретіндегі айналым қаражаттарының нормативі жалпы түрде барлық элементтер үшін төмендегідей жазуға болады

Нрез = Ртәу . tрез                                        (12)

мұндағы Нрез – өндірістік резерв ретінде айналым қаражаттарының нормативі;

Ртәу – орташа тәуліктік материалдардың, резервтік бөлшектердің, отынның шығындалуы;

tрез – резервтік элементтердің нормасы, күн.


Құны аз және тез тозатын заттар тобы бойынша айналым қаражаттарының нормативі құны аз және тез тозатын құралдар, өндірістік немесе шаруашылық сайман топтары бойынша жеке жеке орнатылады. Жалпы түрде бұл норматив төмендегідей анықталады
Нқаттз = Nқаттз . Ққс . tқаттз                                 (14)
мұндағы Нқаттз – құны аз және тез тозатын заттар тобы бойынша айналым қаражаттарының нормативі;

Nқаттз – құны аз шаруашылық сайманның бекітілген жиынтығы;

Ққс – құрал немесе саймандардың жиынтығының құны;

tқаттз – резерв нормасы, өндірістік құрал немесе сайманның жиынтығының жаңаланып отыру уақытымен анықталады.

«Банк шотындағы және кәсіпорынның кассасындағы ақша», «жеткізуші мен тұтынушылармен есеп айырысу» және «басқа да ақша қаражаттары» топтары сияқты айналым қаражаттарына нормалау жүргізілмейді, оларға қажеттілік көбінесе сыртқы экономикалық факторлар жиі әсер етеді.
Айналым қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін бағалау
Айналым қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі экономикалық көрсеткіштер жүйесімен бағаланады. Оларға бір айналымның ұзақтығы, айналымдылық коэффициенті, айналым қаражаттарының қайтарылымдылық көрсеткіші жатады.

Бір айналым ұзақтығы күнмен анықталады және айналым қаражаттарының бір рет айналып шығу ұзақтығын сипаттайды.


(15)
мұндағы Тайн – бір айналым ұзақтығы;

АҚ – көрсеткішті анықтау кезіндегі айналым қаражаттарының қосындысы;

tжосп – қаралып отырған мезгілдегі күндер саны;

Тк– кәсіпорын табысы.



Айналымдылық коэффициенті анықталған мезгілдегі айналым қаражаттарының айналып өтетін айналым санын анықтайды.
(16)
Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігін жалпылама бағалау үшін «айналым қаражаттарының қайтарылымы» көрсеткіші пайдалынады. Ол есептік мерзімдегі кәсіпорын пайдасын қалдық айналым қорына бөлу арқылы анықталады.

Елдегі кәсіпорындар арасындағы қаржылық есеп айырысудың тұрақсыздығынан кәсіпорынның нақты табысы есептік мөлшерден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда айналым қаражаттарының айналу ұзақтығын ұзартып жібереді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеліп соғады. Өндірістік резервтердің орнын толықтырып отыруға айналым қаражаттары ұдайы жетпейтін болады. Нәтижесінде жөндеу-пайдалану жұмыстарының сапасының нашарлауына, ескі материалдар мен резервтік бөлшектерді пайдалану және оларды өз күшімен қалпына келтіру, энергетикалық жабдықтардың сенімділігі мен жұмыс істеу қауіпсіздігін төмендетуге алып келеді.

Айналым қаражаттарын пайдалануды жақсарту келесі факторларға байланысты болады:


  • кәсіпорындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру деңгейіне;

  • өндірістік резервтерді ұтымды пайдалануға: нормативтен артық резервтерді жоюға, айналым қаражаттарының нормасы мен нормативтерін есептеуді жетілдіруге;

  • өнімді тұтынушылармен есеп айырысу жүйесін реттеуге.


жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау