2010 жыл ішіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған міндеттер
2011 жылғы 1 қаңтарға өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 212,4 млн. теңгені құраса, өткен жылдың осы кезеңінде 206,9 млн.теңге немесе 102,7 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы
Жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі оперативтік мәліметтер бойынша 5739,6 млн. теңгені немесе 95,7 пайызды құрады.
2011 жылғы 1 қаңтарға ет өнімдері – 7,2 тоннаны құрады, 2009 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда –4,8 пайызға, сүт –3,4 пайызға, жұмыртқа – 3,0 пайызға өсті.
2011 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал – 32,1 мың басты құрап, өсімі – 1,0 пайызды, шошқа – 2,4 мың бас немесе 28,9 пайызды, жылқы – 7,4 мың бас немесе 2,8 пайызды, құс – 31,1 мың бас немесе 3,4 пайызды, қой мен ешкі –өткен жылдың деңгейінде және 43,8 мың басты құрады.
«Башкуль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлығы 34500 гектар жер телімі бөлінді, оның ішінде: 5000 гектар егістік, 29500 гектар жайылым 8640 ірі қара мал басын бордақылайтын кешенін құру үшін, жобаның жалпы құны 3,2 млрд. теңге.
«Лана», «Мукинов» шаруашылықтары ет бағытындағы асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырларын өсіріп, шаруашылық статусын алды. «Мукинов» шаруа қожалығы «Жабе» тұқымды жылқы өсірумен айналысып, асыл тұқымды шаруашылық статусын алды.
Семей қаласы аумағының сүт белдеуіне кіру барысында Глуховка ауылдық округінде сүт өндіретін «Балке», «Саят» және «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы Семей қаласында орналасқан сауда орындарына және сүт қабылдайтын мекемелерге әр литрін келісілген бағамен күнделікті 600-800 литр сүт тапсырады. «Қалиқанұлы» шаруа қожалығында ірімшік, айран, пакеттегі сүт өндіру бойынша цех жұмыс істеуде.
Ауданда 13 мал сою алаңдары салынып жұмыс істеуде және мал сою алаңдары жоқ ауылдарда 10 мал сою алаңдары салынуда.
Ауданымызда 7 қолдан ұрықтандыру пункттері бар. Ауданның 7 шаруа қожалықтарында, асыл тұқымды мал өсіріп тарату ісімен шұғылданатын, ірі көлемді селекция бағдарламасы қабылданып, оны жүргізу үшін «Мал шаруашылығы мен ветеринария ғылыми-инновациялық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «Айжана», «Балке», «Лана», «Мукинов», «Саят», «Ганибет» және «Камиболла» шаруа қожалықтары енді.
2010 жылы ауданда «Бурак -2010» Бесқарағай ауылдық округінде, «Башкөл» Н-Николаевка ауылдық округінде екі кооператив ашылды.
2010 жылы «Косяков» шаруа қожалығының 1 мың тонналық көкөніс қоймасының, «Мороз», «Балке» шаруа қожалықтарының 600 тонналық қоймалары пайдалануға берілді.
2010 жылы ет және сүт өндірісінің сапасын көтеру үшін мал бордақылау алаңдары бар 7 шаруа қожалықтарына субсидия 21,1 млн. теңге сомада бөлінді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және аналық бастардың арттыруын 2010-2011 жылдары мемлекеттік шаруа қожалықтарына субсидия 47,2 млн. теңге сомада бөлінді.
Бір жылдың ішінде шаруа қожалықтарына 69 мың гектар жер берілді, бұл мал шаруашылығын дамытуға арналған өте қолайлы жағдай.
Ауданды инновациялық дамыту үшін 2010 жылы 2,7 млн. теңге сомада субсидия бөлінді.
2011 жылға арналған міндеттер.
2011 жылы іске асырылатын жобалар:
1. Бесқарағай ауылында «Қасқыр» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен тәулігіне 30 ірі қара және 50 ұсақ малдар мал соятын құны 78,0 млн. теңгені құрайтын қасапхананы құру;
2. Башкөл ауылында «Башкөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 8,5 мың басқа арналған 3,5 млрд. теңге сомасына мал бордақылау алаңдарының құрылысы;
3. «Арбиев» шаруа қожалығында 500 басқа арналған 100 млн. теңге сомаға мал бордақылау алаңының және малды сойып тоңазыту цехының құрылысы;
4. Бесқарағай ауылдық округінде 5,0 млн. теңге сомаға мал сою алаңдарының құрылысы;
5. 100 гектардан астам алаңда тамшылап суаруды енгізу бойынша жұмыстар жалғасады;
6. 31,8 млн. теңге сомасына шаруашылықтардың субсидиялауын жалғастыру мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру және ауыл шаруашылық малдардың генетикалық әлеуетін жақсарту.
Шағын бизнес
2011 жылғы 1 қаңтарға аудан бойынша 132 дүкендер, 28 дүңгіршектер, 37 қоғамдық тамақтандыру нысандары және 57 тұрмыстық қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.
2011 жылғы 1 қаңтарға кәсіпкерліктің 1024 шағын бизнес субъектілері жұмыс істейді, 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға артты.
Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындар саны – 54, 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 бірлік, оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар 30, 2009 жылдың осы кезеңінде 29 бірлікті құрады.
Ауданда шағын бизнесті дамыту үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы жұмыс істейді, 2009 жылы қормен 6,8 млн.теңге сомада несие берілді. 2010 жылы шағын бизнес субъектілерін несиелендіруге қормен 5,0 млн. теңге бөлінді. Несие қаражаттары қарыз алушылардың мал және егін шаруашылығын дамытуда қолданылады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан Қорынан алынған қаражаттарға Мостик ауылының тұрғыны Л.М. Голдомовпен лизинг бойынша шағын-наубайхана сатып алынған. Қазіргі таңда шағын-наубайхана жұмыс істейді, нан және нан өнімдері пісіріледі; Беген ауылындағы жеке кәсіпкер С.А. Мейрамгалиев қор қаражаттарынан ғимаратты кеңейту жүргізіліп, қосымша пештер сатып алынды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары басталды.
Лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарын сатып алу мақсатында несиелер беру жұмыстары жүргізілуде. Глуховка ауылдық округінде Ержан Балтабаев «Лана-2» шаруа қожалығымен лизинг жүйесі арқылы 1,7 млн. теңге сомаға топырақтармен жұмыс жасайтын ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, 7,7 гектарды тамшылатып суарып, өңдеуге, Канонерка ауылдық округінде «Лана» шаруа қожалығы
360 мың теңге сомаға су сепкіш сатып алды.
Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге көп көңіл бөлінуде, ауданның аумағында үш ұн тартатын диірмен, 8 наубайхана, май өңдеу бойынша 1 шағын цех жұмыс істейді. «Қалихан» шаруа қожалығы сүт өндірумен айналысады, құс етін өңдеумен жеке кәсіпкер Титов, ірі қара малдың етімен «Башкөл» «Арбиев» шаруа қожалықтары айналысуды жоспарлайды.
«Интеграл» шаруа қожалығы ауыл шаруашылық техникасын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсетеді, 15 млн. теңгеге қызмет көрсетілген.
2011 жылға арналған міндеттер:
1. Бөдене ауылында 4,0 млн. теңге сомасына шұжық цехының құрылысы;
2. «Қалиханұлы» шаруа қожалығы өзіндік және қарыз алған қаражаттар есебінен 10,0 млн. теңге сомасына сүт өндіру бойынша цехын қалыпына келтіру;
3. Беген ауылында жеке кәсіпкер Мейрамгалиевпен өзіндік және қарыз алған қаражаттар есебінен 1,2 млн. теңге сомасына макарон цехын ашу;
4. Қарыз алынған қаражаттар есебінен 10,0 млн.теңге сомасына халықты шағын несиелеуді жалғастыру;
5. Қарыз алынған қаражаттар есебінен 40,0 млн.теңге сомаға ауылдық несие серіктестігі арқылы ауыл шаруашылық өндірісті несиелеу.
Инвестициялық қызмет
2011 жылғы 1 қаңтарға инвестицияның негізгі капиталы 438,7 млн.теңгені құрады, 2009 жылдың осы кезеңінде 219,2 млн.теңгені құрады немесе 189,4 пайызға артты.
2011 жылғы 1 қаңтарға 1,951 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, 2009 жылдың осы кезеңінде 2,257 мың шаршы метр немесе 86,4 пайыз құрады.
1 қаңтарға білім беру, мәдениет нысандарын күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарына 92,1 млн. теңге бөлінді, республикалық бюджеттен 57,6 млн. теңге, игерілгені 57,6 млн. теңге немесе 100,0 пайызды, аудандық бюджеттен 34,5 млн. теңге, игерілгені 100,0 пайызды құрады.
2011 жылғы 1 қаңтарға сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 197,1 млн. теңге бөлінді, игерілгені 196,9 млн. теңге немесе 99,9 пайызды құрады.
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық көп салалы коммуналды шаруашылық кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға
7,0 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100 пайыз.
2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Башкөл және Бозтал ауылдарындағы су құбыры жүйесін 27,4 млн. теңге сомаға ағымды жөндеу жүргізіліді, оның ішінде республикалық бюджеттен 18,3 млн. теңге бөлінді. Беген ауылында су құбырының құрылысы енгізілді оған республикалық бюджеттен 107,1 млн. теңге бөлінді.
2011 жылға арналған міндеттер:
Сумен қамтамасыз ету және су бұрғышының жұмыс істеуі бойынша 11,0 млн. теңге сомасына жұмыстарды жалғастыру.
Білім беру
Ауданда 24 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 1 мектеп-бақша, 18 орта, 4 негізгі және 2 бастауыш орта мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны 3294 құрайды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 120 адамға кем.
2007 жылдан 2010 жыл бойынша ауданда төрт мектеп жабылған болатын (Беген, Лесной, Черемушка және Стеклянка), жақын орта мектептерге тасмалдау ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша 260 балалар сегіз орта мектептерге жеткізіледі. 2010 жылы екі автобус сатып алынды, бірақ бұл жеткіліксіз, тағы екі автобус қажет. Барлығы мектептердің телімінде тұрған 10 техника жұмыс істейді. 1 автобус балаларды Бөкебай ауылынан тасымалдау үшін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесінде жалға алынды.
2010 жылы аудан бойынша бірыңғай ұлттық тестілеу орташа 88,1 баллды құрады, 2009 жылы бірыңғай ұлттық тестілеу орташа баллы 70,2. Бірыңғай ұлттық тестілеу орташа 17,9 баллға өсті.
Ауданның барлық мектептері Интернет жүйесіне қосылған.
Мектептер штаттармен толық іріктелінген. Бесқарағай ауданында 516 мұғалім, 32 мектепалды даярлығының тәрбиешілері мен бала-бақшаның 8 тәрбиешілері жұмыс істейді. 516 мұғалімнің ішінде – 428 мұғалімде жоғары білімдері бар, бұл 80,5%-ды құрайды, 88 мұғалімде – орта кәсіптік білімдері бар. 25 мұғалім – жоғары санатты, 167 мұғалім – бірінші санатты, 190 мұғалім – екінші санатты.
2010 жылы аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 31,7 млн.теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайызды құрады. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 26,9 млн.теңге бөлінді.
Жыл сайын кітаптарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаттары бөлінеді, 2010 жылы осы мақсатқа 8,5 млн. теңге бөлінді.
2010 жылдың қазан айынан бастап 23 мектептерде ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылып, 95,8 пайызды құрады.
Қазіргі уақытта оқушыларды буфеттік және ыстық тамақпен тамақтандыратын 14 асхана және 14 буфет жумыс істейді. Асхана мен буфеттері жоқ мектептерде тамақтандырудың альтернативтік үлгісі енгізілді, барлығы 3251 бала немесе 98,7 пайызы ыстық тамақпен тамақтандырумен, оның ішінде 3142 бала немесе 99,0 пайызы ақысыз тамақтандырумен қамтылды.
2010 жылғы бюджетте ыстық тамақпен тамақтандыруға 15,1 млн. теңге бөлініп, оның ішінде аптасына екі рет бір балаға арналып бөлінетін 20 грамм балға – 1,3 млн. 4 теңге бөлінді.
2010 жылы 11 мектептің асханасы үшін 3,3 млн. теңге сомаға асханаға арналған құрал-жабдықтар сатып алынды. Оқушылардың тамақтандырылуы ұйымдастырылған барлық мектептерде тамақ беретін орындарының паспорттары бар.
Ауданның барлық мектептері отынмен қамтамасыз етілді, 2010 жылы отынды сатып алуға 73,0 млн. теңге шығын шыққан болатын. Ауданның мектептерінде көмірдің қажеттілігі жалпы 8582,4 тоннаны, сұйық отын 201,0 тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда 6529,2 тонна көмір, 132,0 тонна сұйық отын енгізілді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім алудың шығындар үлесі жыл сайын артуда. Борас мектеп-бақшасы 95 баланы қамтитын 1 мекетепке дейінгі мекеме және 16 баланы қамтитын 1 мектеп алды тобы жұмыс істейді. 2010 жылы «Балапан» бағдарламасы шеңберінде Борас мектеп-бақшасында екі топ ашылды, оның біреуі бөбектер тобы. Ауданның мектептерінде қысқа мерзімді 19 топты шағын-орталық және Канонерка, Глуховка орта мектептерінде 2 толық күнді шағын-орталық жұмыс істейді. Шағын-орталықтарда 3-4 жастағы 371 бала, оның ішінде 5-6 жастағы 353 бала мектеп алдындағы сыныптарда қамтылған, яғни мектепке дейінгі білім алу 44,4 пайызды құрайды. Халықтың мектепке дейінгі білім алу қызметінің қажет етуі жыл сайын артуда. 2010 жылғы 14 желтоқсанға балабақшаға 50 өтініш тіркелді.
2010 жылы 1210 балаларды қамтитын 23 метеп лагерлері қызмет етті. Біздің ауданымыздың 84 оқушысы шілде айында ақылы негізінде Астана қаласына барды. Тамызда қамқорлықтағы және күн көрісі төмен отбасылардың 40 баланың ақысыз сапарлары ұйымдастырылды.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданның 6 мектебі және аудандық білім беру бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары өткізіліп, оған 70,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 48,5 млн. теңге.
2011 жылға арналған міндеттер:
1. Аудандық бюджет қаражаттарынан 1,0 млн. теңге сомасына мектепке дейінгі мекемелерді техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;
2. Аудандық бюджет қаражаттарынан 1,0 млн. теңге сомасына мектеп асханаларын және тағам блоктарын техникалық құралдармен жабдықтау;
3. Аудандық бюджет қаражаттарынан 1,3 млн. теңге сомасына білім беру мекемелері «кең жүйедегі» Интернетке қол жеткізуді оқыту;
4. Аудандық бюджет қаражаттарынан 8,7 млн. теңге сомасына мектеп автобустары паркін жаңарту;
5. Аудандық бюджет қаражаттарынан 7,7 млн. теңге сомасына төмен қамсыздандырылған отбасыларынан оқушыларды ақысыз ыстық тамақпен және витамин қосылған кисельмен қамтамасыз ету;
6. Аудандық бюджет қаражаттарынан 13,0 млн. теңге сомасына кітаптарды сатып алу.
Жол саласы
Аудандағы автомобиль жолының ұзындығы 234 шақырымды құрайды, оның ішінде:
-қара ұсақ таспен жабылған жол - 76 шақырым
-ұсақ тастармен жабылған жол - 89 шақырым
-жабылмаған жол - 69 шақырым.
1 қаңтараға автомобиль жолдарын қамтамасыз етуге 15,6 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайызды құрады. Олардан жергілікті маңызы бар жолдарды ағымды-кішкене шұңқырлы жөндеуде 4,0 млн. теңге игерілді. Аудандық маңызы бар жолдарды қысқы ұстауға 7,4 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайыз.
2010 жылы Семей-Долон-Бесқарағай-Сосновка-Қоянбай 184 шақырымға созылған автомобиль жолдарын облыстық маңызы бар жол берілді.
2011 жылға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің міндеттері:
1. 1,2 млн. теңге сомасына балалар ойын-сауық, спорт алаңдарын орнату;
2. 9 млн. теңге сомасына ауданның елді мекендерінде шамдарды орнату, электр беру жүйелерін қалпына келтіру;
3. Бесқарағай ауылында қатты-тұрмыстық қалдықтардан палигон құрылысына техника-экономикалық негіздемені әзірлеу.
Денсаулық сақтау
Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 3 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттермен, 15 медицина пункттері жоғары білімді, 116 орта арнаулы білімді медицина мамандарымен қамтылып, халыққа қызмет көрсетуде.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Жаңа бағдарлама әр азаматқа өздігімен мемлекетіміздің аумағындағы емдік мекемені және дәрігерді таңдау құқығын берді.
2010 жыл ішінде ауданда аналар өліміне жол берілген жоқ. Сәбилердің өлімі бойынша – 7 оқиға болды, 1000 тірі туылғандарға шаққанда өлім көрсеткіштері - 21,3, 2009 жылдың осы кезеңінде 19,3. Жас нәрестелердің дүниеге келуі 1000 адамға шаққанда көрсеткіш - 14,2, 2009 жылдың осы кезеңінде 14,8 болды. Туберкулез бойынша жағдайлар: 2010 жыл ішінде бастапқы сырқаттанғандардың көрсеткіштері 201,7 немесе 2009 жылдың осы кезеңінде 102,0 болды. Онкологиялық аурулардың көрсеткіштері 257,5 немесе 2009 жылдың осы кезеңінде 201,0 болды.
Денсаулық сақтау штаттармен толық іріктелінген.
Емхана дәрі-дәрмектермен толық көлемде және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
2010 жылға денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмектеріне 17,9 млн. теңге бөлініп, 100,0 пайызға игерілді, тамақтандыруға 2,7 млн.теңге бөлініп, 100,0 пайызға игерілді.
Аудан көлемінде дәрі-дәрмектер сататын дәріханалармен екі жақты меморандум жасалып, дәрі-дәрмек бағасын ұстау, Ұлы Отан соғысы ардагарлеріне, тыл еңбеккерлеріне мөлшері төмен бағамен бастауға мүмкіндік жасалды.
2011 жылға арналған міндеттер:
1. Ауданда барлық жастағы халықтың алдын-ала тексеруді жақсарту мақсатында ауылдық округтердің ауылдарындағы жұмыс үшін 4-5 мамандардан құралған үнемі шығу бригадалары ұйымдастыру;
2 «Туылғандар есебін және туғандар критериялары бойынша өлгендер жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің 2007 жылғы 27 тамыздағы №520 бұйрығын орындауды қамтамасыз ету;
3. Халықты алдын-ала тексеруді өткізу бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындауды қамтамасыз ету. 5439 балаларды, үлкен жастағы халықтың жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруымен ауратындар – 2426 адамдарды, сүт-бездерімен ауратындар -558 әйелдерді және қатерлі ісікпен ауратындар- 657 әйелдерді мақсатты тексеру.
4. Қол жеткізу:
- «Ана мен баланы қорғау» бағдарламаға сәйкес орындау сәбилердің өлімін төмендету жолымен кешендік іс-шараларды орындау;
- туберкулез ауруын төмендету.
5. 2010 жылы дәрігерлер санатын 20 пайызға, орташа медицина қызметкерлерін 15 пайызға арттыру.
6. Ауданның денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмыс үшін жас мамандарды кәсіптік бейімдеу және тарту бойынша жұмыстар өткізу.
7. Республикалық бюджет қаражаттарынан 11,7 млн. теңге сомасына денсаулық сақтау медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауды жүргізу.
Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы
2011 жылғы 1 қаңтарға ақылы қоғамдық жұмыстарға 302 адам тартылып, жоспардың орындалуы 116,0 пайызды құрады. 2009 жылдың осы кезеңінде 480 адам тартылды немесе 184,0 пайыз. Игерілгені 15,0 млн. теңгені құрады.
Семей қаласындағы құрылыс колледжіне және «Болашақ» кәсіптік лицейге жұмыссыз кәсіптік дайындауға 30 жұмыссыз жіберілді, олардың 16 адамы немесе 53,3 пайызы оқуларын бітірді. Жұмыссыздарды оқуға жіберу бойынша 2011 жылғы 1 қаңтарға арналған жоспар 100,0 пайызға орындалды, 2009 жылы 30 жұмыссыздар немесе 100,0 пайызы жіберілді.
2011 жылғы 1 қаңтарға 586 жұмыссыз жұмысқа орналасты, жоспардың орындалуы – 231,0 пайыз.
2011 жылғы 1 қаңтарға 104 жұмыс орны құрылды, жоспардың орындалуы 136,8 пайыз. 2009 жылдың осы кезеңінде 149 жұмыс орны құрылып, жоспардың орындалуы 201,0 пайызды құрады.
2011 жылғы 1 қаңтарға «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасына 15 адам қатысты немесе жылдық жоспардан 250 пайыз. 2009 жылдың осы кезеңінде 14 адам жіберілді немесе 233,0 пайыз. Әлеуметтік жұмыс орындарға 6 жұмыссыз орналасты немесе 100 пайыз, 2009 жылдың осы кезеңінде 8 адам немесе 133,3 пайыз.
Жұмыс орындарына 872 адам өтініш білдірді немесе 101,0 пайыз, 2009 жылдың осы кезеңінде 875 адам немесе 101,0 пайыз.
Жол картасы бойынша оқу топтарын құруға 80 адамды оқу орнына жіберу жоспарлануда, 121 адам жіберілді немесе жылдық жоспардан
151,0 пайыз. Бесқарағай аудандық №16 кәсіптік лицейде «Аспаз» мамандығы бойынша – 55 адам, «Тракторист-машинист» мамандығы бойынша - 24 адам оқуды бітірді, «Жүргізуші ВС категориясы» кәсібіне - 29 адам, хатшы- референт маманы бойынша 8 адам.
Жоғарғы оқу орындары мен орташа оқу орындарының 35 түлектері «Жол картасы» шеңберінде жастар іс-тәжірибесіне жіберіліп, жылдық жоспардан 140,0 пайызды, игерілгені 2,8 млн. теңгені құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адам немесе 140 пайызы жұмысқа орналасты, жоспар ішінде 25 дам, игерілгені 3,0 млн. теңгені құрады.
2010 жылы халықты қорғау аясында экономика және әлеуметтік саланың дамуымен байланысты шаралар кешенінің іске асырылуы өткізілді, нәтижесінде халық өмірінің деңгейі ұлғайды. Төмен қамсыздандырылған отбасыларға көмекші шаруашылықты жүргізу үшін микронесиелендіру көрсетіледі. 2010 жылы «Забота» бағдарламасы бойынша ауданның 3858 азаматтарына 7,5 млн. теңге сомасына демеулік көмек көрсетілді. Ауданда 60 әлеуметтік бұрыштары бар және «Ардагер» атты бір әлеуметтік дүкен бар. Ұлы Отан соғысының 65-жылдығына орай соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 650,0 мың теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді. Ұлы Отан соғысының 10 ардагерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,9 млн. теңге бөлінді. Ауданның 26 мүгедектеріне протез зауыты протездік-ортопедиялық көмек көрсетті, 15 мүгедектер жеңіл арбамен қамтамасыз етілді.
2011 жылға арналған міндеттер:
1. Аудандық бюджеттің қаражатынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және төмен қамтамасыздандырылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақларды төлеу үшін 23,7 млн. теңге сомасына әлеуметтік көмек;
2. Аудандық бюджеттің қаражатынан 16,1 мың теңге сомасына қоғамдық төлеу жұмыстары;
3. Аудандық бюджеттің қаражатынан 1,8 млн. теңге сомасына кәсіптік даярлау және кадрларды қайта даярлау;
4. Аудандық бюджеттің қаражатынан 1,1 млн. теңге сомасына жастар тәжірибесі.
Өндірістік инфрақұрылыс және коммуникация
Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен қолдау көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалдық-техникалық жабдықтау ұлғайды, орман күзетінің штаты қалпына келтірілді.
Атқарушы, құқық қорғау органдары өрттерді болдырмауды алдын алу мақсатында қосымша ұзақ мерзімді шаралар қабылдауда.
2011 жылғы 1 қаңтарға елді мекендерді көріктендіруге 23,3 млн. теңге бөлінді, игерілгені 23,3 млн. теңге немесе 100,0 пайыз, 2009 жылдың осы кезеңінде 29,5 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайызды құрады.
2011 жылғы 1 қаңтарға ауылдық округтердің елді мекендеріндегі көшелерін жарықтандыруға 9,8 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайызды, 2009 жылдың осы кезеңінде 9,6 млн. теңге бөлініп, игерілгені 100,0 пайызды құрады.
2011 жылғы 1 қаңтарға санитарияны қамтамасыз етуге 6,5 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайызды құрады, 2009 жылдың осы кезеңінде 4,2 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайыз.
2011 жылғы 1 қаңтарға елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыруға 5,8 млн. теңге бөлінді, игерілгені 5,8 млн. теңге немесе 100,0 пайыз, 2009 жылдың осы кезеңінде 6,2 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайызды құрады.
Ауылдық округтердің әкімдерімен әрбір ауылды дамытуға арналған іс-әрекет жоспарлары құрылып, бекітілді, жылдың қорытындысы бойынша олардың орындалуы қарастырылатын болады.
Ауданда «Жол картасы» шеңберінде 12 жобаларды іске асыруға 131,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 75,9 млн. теңге (игерілгені 99,8 пайыз), облыстық бюджеттен 13,9 млн. теңге (игерілгені 100,0 пайыз), аудандық бюджеттен 41,4 млн. теңге (игерілгені 99,8 пайыз), барлық игерілгені 99,8 пайыз.
Экономика, қаржы және
кәсіпкерлік бөлімінің бастығы: М.СКАКОВА
Достарыңызбен бөлісу: |