Бүгінгі таңда жаһандану, инновациялар мен озық технологиялар дәуіріне аяқ
басып тұрмыз. Білім экономикасы елбасының жолдауында ұлттық
инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту жөніндегі бағдарлама
жасалып елімізді 2015 жылға дейінгі дамытудың индустриялық –
инновациялық стратегиясы қабылданды. Осы бағытта аудан кітапханашылар
тарапынан мектеп оқушылары мен мектеп бітіруші түлектерге өз таңдаған
мамандықтарын зерделеп, білім сапасын арттырып, жан – жақты өздерін
біліммен жетілдіру мақсатында бағыт – бағдар беріліп отыр.
2008 жылы Ақтөбе облыстық С. Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми
кітапханасының ұйымдастыруымен Әлия ауылының модельді
кітапханасында «Ақпарат ғасырындағы модельді ауыл кітапханасы»
аймақтық семинар өткізілді.
Мұндай семинар - кеңестің кітапханашыларға әдістемелік көмек, бағыт
бағдар беруге, жұмыс тәжірибиесімен алмасып, кітапхана қызметін
ұйымдастырудың жаңа әдістерін іс жүзінде пайдалануға көмегі зор.
2011 жылдың 16 наурызында Қобда аудандық орталықтандырылған
кітапхана ұжымына, мектеп, мекеме кітапханашыларына Қазақстан
Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана мамандары «Қазақстандық
ұлттық электронды кітапханасы» жобасы туралы тренинг өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты – «Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана»
жобасымен таныстыру, оның әлемдік кітапханалық каталогке ықпалдасуы
мен Қазақстандық бірегей ақпараттық кітапханалық желіге арналған база
ретінде қалай қолданылуы туралы мәлімет беру.
Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің тапсырысы бойынша, «2007-2009 жылдарға арналған
ақпараттық теңсіздікті төмендету» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге
асырылуда. Осы жобаны іске асырып отырған Астана қаласындағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (ҚРҰАК).
Тренингте Ұлттық академиялық кітапхана мамандары – ғылыми талдау
орталығы жетекшісі – М.Б. Валиулина, Электронды ресурстрады басқару
қызметінің маманы – Н. Жолдыбалинов бірқатар онлайнды қызмет
түрлерімен таныстырып, толық мағлұмат берді.
Шілде айында аудандық кітапханада
«Қазіргі кездегі кітапханадағы
электрондық қорлар және электрондық қызметтер » тақырыбында
облыстық семинар өтті. Аталмыш шараға аудандық, ауылдық
кітапханашылар, облыстың барлық аудандарындағы кітапхана директорлары,
облыстық мәдениет басқармасынан, облыстық бибколлектор, облыстық
«кітапханаларды дамыту» бөлімдері, облыстық, балалар ,жасөспірімдер,
қалалық кітапханалар директорлары мен мамандар қатысты. Көтерілген
тақырыптарға орайластырылған баяндамалар оқылып, кітапханашылар
арасында сұрақ-жауаппен өрбіді.Кітапханалардың инновациялық қызметіне
тоқталып,
инновациялық жаңалықтар жөнінде, олардың түрлері мен
тәсілдерімен танысты.
Аудандық кітапхана жүйесінің анықтамалығы құрылды. Облыстық
С.Баишев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының «кітапханаларды
дамыту» бөлімінің ұйымдастыруымен ғаламтор арқылы
«Анықтамалықтың» тұсаукесері өтті.