Қарама – қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері – әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық.кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Есеп саясатының мазмұны тәжірибееееее
Негізгі құралдардың жіктелуі
Негізгі құралдардың жіктелуі
1.Негізгі құралдардың бағалануы
2.Негізігі құралдарды мойындау
Кәсіпорының қалыпты өндірістік- шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:
компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негіізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:
салалар бойынша;
бағыты бойынша:
Өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.
Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.
пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына:
Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
Үйлер- еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
Ғимараттар- іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
Машиналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады.
Табыстау қондырғылары- электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.
Көлік құралдары- адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
Басқа да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.
Бітпеген құрылыс.
иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда.
пайдалану мерзімі бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы.
мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз.
салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген норма белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |