Біріктірілген тіркелімдерде хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп қолданылады. Мысалы: бухгалтериялық есепте кеңінен қолданылатын журнал – ордерлердегі жазбалар синтетикалық шоттар бойынша хронологиялық ретпен жүргізіледі.
Мазмұны бойынша тіркелімдер синтетикалық(топтамалық), аналитикалық(талдамалық) және біріктірілген болып бөлінеді.
Синтетикалық (топтамалық) тіркелімдерде жазба тек ақшалық нысанда құжат номері мен толтырылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп жүргізіледі. Бірақ әдетте оларда түсініктемелік мәтін (пояснительный текст) болмайды. Бұл тіркелімдердің қатарына бас кітап пен журнал – ордерлердің барлығы дерлік жатқызуға болады.
Аналитикалық тіркелімдерді аналитикалық шоттар бойынша жазбаларды жазу үшін қолданады. Оның ішінде құжаттың номері, толтырылған уақыты(күні.айы,жылы), шаруашылық операцияларын қысқаша мазмұны көрсетіледі. Тауарлық – материалдық қорларды есептеу үшін олардың ішінде ақшалай және натуралдық өлшем көрсеткіштері қолданады. Бухгалтерлік есепте қолданатын талдамалық тіркелімдерге карточкалар, кітаптар, тізімдемелер жатқызылады.
Синтетикалық және аналитикалық есепте қатар қолданыла беретін тіркелімдер – біріктірілген тіркелімдер болып табылады.
Бастапқы құжаттардағы есепті ақпаратты, автоматты өңдеу кезінде тіркелімдер өз алдына карточкалар, тізімдемелер, журнал – ордерлер және тағы басқадай форма түрінде алына алатын машинограммалар болып табылады.
Бухгалтерлік есепті қолмен жүргізу кезінде тіркелімдегі жазбалар жай немесе көшірмелі әзістер арқылы жүргізіледі. Жай жазбалар бір ғана дана етіліп жасалатын болса, ал көшірмелі жазбалар көшіргіш қағаздардың көмегімен бір уақытта бірнеше дана етіліп жасалады.
Есеп тіркелімдерінде жазбалар өзгертусіз және таза жазылып толтырылуы керек. Тіркелімдерді толтыру барысында немесе басқа да жіберілген қателіктерді түзету үшін есеп тіркелімдерінде келесі әдістер : түзетпелі қосымша жазу және қызыл түзетпе қолданылады.
Егер қате баланс құрылған дейін анықталса және шоттар корреспонденциясына өзгеіріс енгізу қажет болмаса түзетпелі әдіс қолданылады. Осы жерде қате жазбаны кейіннен оқылуға мүмкін болатындай етіп бір сызықпен сызады және қажет болған жағдайда сызылған жазба үстіне дұрыс жазба жазылады. Түзетілген жазбалар келісілген және бухгалтердің қолтаңбасы мен бекітілген болуы керек.
Егер шоттар корреспонденцииясы дұрыс, бірақ шаруашылық операцияның сомасы дұрыс жазылмаса немесе бұл қате есеп тіркелімде қорытынды жасалғаннан кейін анықталса онда қатені түзету қосыша жазу әдісі арқылы жүргізіледі.
Мысалы: кәсіпорынға басқалардан келіп түскен 130000 тг материалдарға мына түрдегі лекі жақты жазу жазылған делік.
Д – т: Материалдар шоты 100000тг
К – т: жабдықтаушы – мердігерлер шоты 100000тг
Бұл қатені түзету үшін айырма сомаға (130000-100000=3000тг) қосымша жазу жазылады.
Д – т: Материалдар шоты 30000тг
К – т: Жабдықтаушы – мердігер шоты 30000тг
Егер қате бухгалтерлік балансты жасағаннан және оны тиісті органға тапсырғаннан кейін белгілі болса, ондай қате «қызыл түзетпе» әдісі арқылы түзетіледі.
Мысалы: кәсіпорынның кассасына жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан 500000 тг келіп түсті делік. Осы операцияға мына түрде жазу жазылған.
Д – т: «Валюталық» шоты 500000тг
К – т: «Есеп айырысу» шоты 500000тг
Қатені түзету үшін осындай жазу арқылы, бірақ қызыл бояумен, яғни сторно етіліп жазылады.
Д – т: «Валюталық» шоты» 500000тг
К – т: «Есеп айырысу» шоты 500000тг
Одан кейін мына турде жазылады:
Д – т: «Касса» шоты 500000тг
К – т: «Есеп айырысу» шоты 500000тг
Бұндағы қызыл түзетпе мәні бұрыс жазу теріс санмен алынып тасталып, оның орнына дұрыс сома жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |