Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу(инвентаризациялау) бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңғейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. " Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қ.Р Заңы мен Бухгалтерлі есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігін көрсетілген. Бұл бекітілген құжаттардың қатарына мыналар жатады:
Бухгалтерлі есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
Актив пен міндеттемелер түгендеуін(инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті)
Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлі есепті маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізі факторлар әсер етеді:
Меншік нысаны мен құқықтық – ұйымдас ырушылық нысаны (ЖШС, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндңрңстік кооператив және т.б);
Салалық қызметінің түрі(өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және т.б);
Қызметінің көлемі, жұмвысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және т.б;
Салық салу жүйесімен арақатынасы(әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеу төлеуден босату, салық мөлшері және т.б);
Қаржы – шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы(ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі(перспективалы) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
Ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі( оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
Материалдық базасының болуы( компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтармен қамсыздандыру және т.б);
Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталылығы мен тапқырлығы;
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен десеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама – қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сая болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |