3 - тапсырма. Мәтінді оқы әңгімеле.
Ауылда.
Мен ауылға бардым. Ауылда атам мен әжем тұрады. Атаммен шөпке бардым. Әжеммен дүкенге бардым. Ауылда өте қызық.
IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Ауыл туралы не білдіңдер, атаңдаршы?
Оқушылар,сабағымызды жұмбақты шешу арқылы бекітейік.
V Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 129б. 4 тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар. Дәптерлеріңе жазып келіңдер.
Бағалау: Белсене сабаққа араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне бағаларын қойып беремін.Жақсы оқушыны мадақтаймын.Алған бағаларын хабарлап айтамын.
VI Қорытынды кезең: Жаңа материалдар бойынша сұрақтарға жауап бер.
Сен қайда тұрасың?
Қостанай облысында қандай ауылдарды білесіңдер?
Ауылда не бар?
Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 2
Мұғалімі: Баймаганбетова Р.Б.
Тақырыбы: Азық-түліктер.
Мақсаты: 1. Оқушыларға өткен материалды сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталату, жаңа материалдарды түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлем құрату,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту,сөзжұмбақты шештіру;
2. Оқушылардың сөйлеу тілін, көру, есту, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға,қаланы таза ұстауға,достыққа, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге,оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;
Көрнекі құралдар: әр түрлі қала суреттері ,Азық-түліктердің суреті, сөзжұмбақ, карточкалар,сөздіктер т.б.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу;
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа даярлықтарын байқау;
- Оқу құралдарын тексеру;
- Сұрақ – жауап әдісін жүргізу;
- Тіл дамыту сұрақтарын қою;
- Өткен материалдардан қайталау сұрақтарын қою;
II Үй тапсырмасын - Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?
тексеру:
- Кім дайын? Кім дұрыс сөйлемді аударып жазып келді?
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрайық.Үй тапсырмасын сұрап,дәптерлерін тексеріп шығып,
күнделіктеріне бағаларын қоямын.
III Жаңа сабақ: - Оқушылар барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып
тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар.Тақырып «Азық-түліктер» Мақсатымыз: Бір бір-бірімізге сұрақ қойып, сызба арқылы сөйлемді аяқтап сөйлеу,сурет бойынша сөйлеу, сұрақтарға жауап береміз,орысшадан қазақшаға сөздерді аударамыз.
Мұғалім сөзі: - Оқушылар,Азық-түлік туралы біраз әңгімелесейік
Кітаппен жұмыс: 1- тапсырма. Сурет бойынша азық түлік атауларын ата.
май нан қант ірімшік
кәмпит шәй айран
Достарыңызбен бөлісу: |