Жаңа сөздер.
2 - тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Нан иісі
Есіңде болсын балам,
Нан қастаерлі тағам.
Қоқымын оның шашпа.
Жерге түссе, баспа.
3 - тапсырма Сурет-сызба бойынша сөйле.
Менде
бар.
жоқ.
Сенде
IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Азық-түлік туралы не білдіңдер, атаңдаршы?
Оқушылар,сабағымызды бекітейік.
V Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 133б. 7 тапсырма. Сұраулық шылауларды аяқтап жазыңдар. Дәптерлеріңе жазып келіңдер.
Бағалау: Белсене сабаққа араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне бағаларын қойып беремін.Жақсы оқушыны мадақтаймын.Алған бағаларын хабарлап айтамын.
VI Қорытынды кезең: Жаңа материалдар бойынша сұрақтарға жауап бер.
Азық –түліктерді атайық?
Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 2
Мұғалімі: Баймаганбетова Р.Б.
Тақырыбы: Көкөністер.
Мақсаты: 1. Оқушыларға өткен материалды сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталату, жаңа материалдарды түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлем құрату,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту,сөзжұмбақты шештіру;
2. Оқушылардың сөйлеу тілін, көру, есту, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға,қаланы таза ұстауға,достыққа, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге,оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;
Көрнекі құралдар: әр түрлі көкөністердің суреттері ,Азық-түліктердің суреті, сөзжұмбақ, карточкалар,сөздіктер т.б.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу;
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа даярлықтарын байқау;
- Оқу құралдарын тексеру;
- Сұрақ – жауап әдісін жүргізу;
- Тіл дамыту сұрақтарын қою;
- Өткен материалдардан қайталау сұрақтарын қою;
II Үй тапсырмасын - Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?
тексеру:
- Кім дайын? Кім дұрыс сөйлемді аударып жазып келді?
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрайық.Үй тапсырмасын сұрап,дәптерлерін тексеріп шығып,
күнделіктеріне бағаларын қоямын.
III Жаңа сабақ: - Оқушылар барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып
тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар.Тақырып «Көкөністер»
Жаңа сөздер
Қарбыз- арбуз бақ - сад
Қауын-дыня бақша - огород
Мақсатымыз: Бір бір-бірімізге сұрақ қойып, сызба арқылы сөйлемді аяқтап сөйлеу,сурет бойынша сөйлеу, сұрақтарға жауап береміз,орысшадан қазақшаға сөздерді аударамыз.
Мұғалім сөзі: - Оқушылар,Көкөністер туралы біраз әңгімелесейік
Кітаппен жұмыс: 1- тапсырма. Сурет бойынша көкөністердің атауларын ата.
картоп қияр қызылша орамжапырақ сәбіз қызанақ
пияз
Достарыңызбен бөлісу: |