Еңбекке баулу
1 «а» сынып 3 «а»сынып
Тақырыбы: Шапан Тақырыбы: Шаблон арқылы
ұлттық киімдерді пішу
1.Шапан туралы білімдерін дамыту, 1. Шаблон арқылы ұлттық киімдерді толықтыру пішу
2. Оқушылардың, қағазбен, 2. Шаблондармен жұмыс істеу,
қайшымен жұмысу істеу, жұмсақ қағазбен жұмыс
симетриялы жапсырмалауға, ұйымдастыра алуға
техникалық қауіпсіздікті сақтай алу, ұқыптылық пен тазалықты
сақтауға дағдыларын дамыту
3. Еңбекқорлыққа, салт- дәстүрге 3. Ұлттық өнерге, салт- дәстүрге деген деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: ұлттық киімдер туралы буклет,слайд,
нақыл сөздер, музыкалық әуен, дайын шаблондар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
І Ұйымдастыру
Сәлемдесу , Балалар кезекші кім? Дайындығымыз жайлы айта кетсек сабаққа?
ІІ Психологиялық дайындық
Балалар екі- екіден бөлініп қолымызды ұстасып тұрып, бір -бірімізге
«Бүгін мен саған жұмысыңа сәттілік тілеймін» деп кезек-кезекпен айтып шығады.
ІІІ Жаңа тақырыпқа дайындық
Жақсы балалар ендеше мен сендерден мынаны сұрайын деп тұрм.Балалар елімізіде биыл қандай үлкен мерейтой өтті? (Қазақстан Республикасына 20 жылдық мерейтойы)
Ол кезде қандай киімдер кидік?
Ал алдымызда қандай үлкен мейрам келе жатыр? (Наурыз )
Ол мейрамды неге тойлаймыз?
Онда қандай киімдер киеміз?
Ендеше бірінші сынып оқушылары тақтадан көп ұлттардың ішінен біздің қазақ қалқының ұлттық киімін тауып береді? ( 1 бала тақтадан көрсетеді?)
Біздің ұлттық киімге қай ұлттың кимі ұқсайды екен? (Қырғыз)
Қандай ерекшеліктерімен?
ІV Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау
1 «а» сыныптарымен шапанмен Ал 3 «а» сыныбымен сендермен
танысып, ол туралы білімдерімізді қазақтың ұлттық киімдерін шаблон
толықтырамыз, оны өрнектеп арқылы қиып, пішеміз, өрнектейміз
көреміз
Балалар жалпы киім дегеніміз- ауа райының зиянды әсерлерінен адам денесін қорғап тұратын жамылғы зат. Оның түрі алуан түрлі болады. (Үйге киетін , тойға киетін). Олар сырт киім, үй киім деп бөлінеді.Ендеше сырт киім шапан туралы бізге Қанат Мерей айтады.
Қанат Мерей: Шапан – қазақта ерте келе жатқан қазақтың ұлттық кимі. Ол сырт киімге жатады. Шапанның жазада киетіні жұқалау болып келеді, ал қыстық шапан қалың ішіне жүн, мақта салып тігеді. Түріне келетін болсақ. Ұлдардың шапаны қою түсті болған, ал қыздардікі ашық нәзік түстерден тігілген. Шапанды сәндеу үшін ұлттық ою- өрнектер пайдаланылған . Олар шапанның жағасына, жеңіне, етек бөлімдеріне тігілген.Байлардың шапандары қымбат аң терілерімен сәнделіп отырылған.
Мұғалім: Жарайсың, енді осы шапанмен бірге біз өткен қазақтың қыздарға арналған ұлттық көйлегі жайында Бақытқан Сая баяндайды.
Бақытқан Сая : Қазақ қыздарына арналған ұлттық көйлек. Қазақ қыздарының көйлектері ұзын болған.Себебі жолы кедерсіз ашық болсын деп аяғына дейін түскен. Олардың түстері алуан түсті болған. Сәндеу үшін бүрмелер пайдаланған. Олар көйлектің жеңіне, етегіне 3,4,8 қатарланып тігіледі. Көйлектің сыртына камзол не мешпет киген.Камзолдың етегі ұзынырақ болған және жеңі шынтаққа дейін жеткен. Ол ашық түстерден тігілетін. Оны сәндеу үшін етек, жең, жаға өңірлеріне қазақтың ұлттық ою- өрнектерімен өрнектелген. Басына тақия, бөрік киіп, аяғына шоңқайма етік киілген.
Мұғалім: 1 сынып оқушылары шапан жайлы не білдік?
Енді білімімізді одан ары толықтыру үшін экранға назар аударайық. (Ұлттық киімдер слайдын көру)
V Сергіту сәті
Гүл өсірсең терлеп,
Оның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек - жақсы блалар сабағымызды ары қарай жалғастырайық
VІ Жаңа сабақ материалы
Балалар бүгін біз сендермен шағын кәсіпкерлік ұжым құрамыз. Бұл сөзді балалар қайдан естідік? (Қазақстан Республикасының Елбасының халыққа жолдауынан )
Ендеше бүгін сендермен еліміздің өркендеуіне үлесімізді қосамыз.
Балалар ұжымымызға ат қояиық? «ДӘСТҮР»
Ұжымда балалар қалай жұмыс істеу керек? (тату, еңбекті сүйіп)
Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау
Қайшы, қағаз, желіммен жұмыс істеу. Орындарын ұйымдастыру.
VІІ Сарамандық жұмыс
Балалар шағын ұжымымызға жұмыстар түсіпті. Ол келе жатқан наурыз мейрамына арналған киімдер тігу
Шапанды оюлау қуыршақ шаблондарды
ұлттық киімге киіндіру.
Мұғалім көрсетуімен
VІІІ Қорытынды
Балалар жасаған бұйымдарымызбен «Ұлттық киімдер көрмесіне » аттанамыз.
3 «а» сынып оқушылары жұмыстарын қорғайды.
- киімдерді қалай күтеміз?
-Киімдерге байланысты қандай тиым сөздер білеміз?
- Еңбек туралы мақал- мәтелдер айтайықшы?
Бағалау
Үй тапсырмасы
Жұмсақ қағаз, қайшы, желім әкелу
Зырян ауданы
Феклистовка ауылы
«Киров орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Буралбай Даметкен
Достарыңызбен бөлісу: |