Сабақ №1. Тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 1,57 Mb.
бет2/15
Дата13.11.2018
өлшемі1,57 Mb.
#19141
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны:
Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке-жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.

Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.



1.Зат және энергия алмасу.

2.Өзін-өзі реттеу .

3. тітіркенгіштік.

4. қозғыштық.

5. қозғалыс.

6.көбею.

7. даму

ІҮ. Бекіту.

Ү. Үйге тапсырма беру: мәтінді оқу, салыстыру.

.

Күні : 26.09.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 8.
Сабақтың тақырыбы : Жасуша құрамындағы органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар және бейорганикалық заттар: су, тұз ерітінділері. Қоректік заттардың қорға жинақталуы.

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерге тән жасушалардың химиялық құрамының күрделі екендігін мысалдармен түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіктерге тән жасушалардың химиялық құрамы жайлы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепартаттар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Ассосация құру: «жасушаның тіршілік әрекеттері»

2. «Ой толғау» әдісі арқылы сұрау:

Зат алмасу деген не? Жасуша қалай көбейеді? Даму және өсу тән бе? т.б.

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны:
Жасушаның құрамындағы химиялық заттарды 2-ге бөлеміз. Бейорганикалық ( жай) және органикалық (күрделі) заттар.

Жай заттарға су , минералды тұздар , химиялық элементтер жатады.

Органикалық заттарға көмірсулар, липидтер, нәруыздар және нуклейн қышқылдары жатады.

Органикалық заттардың қызметтері бір-біріне ұқсас болады.Жасушаны және сол арқылы бүкіл ағзаны қоректік заттармен қамтамасыз етіп отырады.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
Ү. Үйге тапсырма беру: оқу және талдау.
Күні : 02.10.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 9.
Сабақтың тақырыбы : Ұлпалар туралы түсінік. Өсімдік ұлпаларының түрлері: түзуші, жабын, негізгі (ассимиляциялық және қорға жинақтаушы), өткізгіш, механикалық ұлпалар. Өсімдік мүшелерінің жасушалық құрылысы. Өсімдік — көпжасушалы организм.

Сабақтың мақсаты: Ұлпалар туралы түсінікті, өсімдік ұлпаларының түрлері: түзуші, жабын, негізгі (ассимиляциялық және қорға жинақтаушы), өткізгіш, механикалық ұлпалармен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіктерге тән ұлпалар, олардың түрлері жайлы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепартаттар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Сен – маған , мен - саған» сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.

1.Жасушаның химиялық құрамын нешеге бөлеміз?

2.Жай заттарға не жатады?

3.Күрделі заттар , олардың өсімдік үшін маңызы неде? Т.б.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке-жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.

Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.

Шығу тегі бірдей құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа д.а. Нағыз ұлпалар папротниктәрізділерде, ашық тұқымдыларда, гүлді өсімдіктерде жақсы, ал мүктерде өте нашар дамыған.



Атқаратын қызметіне қарай ұлпалар түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек (механикалық), өткізгіш, бөліп шығарушы деп топтастырылады. Ұлпа жасушалары тірі және өлі болады. Өлі жасушаларының ішінде цитоплазмасы болмаса да өсімдікке қажетті физиологиялық қызмет атқарады. Жасушааралық кеңістіктері аз болса, ұлпа жасушалары бір-бірімен өте тығыз, ал кең болса арасында бос орын көбірек қалып бостау орналасады.

Ұлпа – жасушалардың бөліну, өсу, жіктелу нәтижесінде пайда болған (түзілген) шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметі бірдей жасушалар жүйесі.

ІV. Бекіту.Өсімдік ұлпалары

Аттары


Ұлпалардың құрылысы және маңызы


Өсімдікте орналасуы

Түзуші ұлпа

Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, жапырақтары, бүршіктері, гүлшанақтары ашылады. Тұқымынан жас өсімдіктер(өскін) өсіп шығады. Сабақ пен тамыры ұзарып өседі. Ағаш діңі жуандайды. Басқа ұлпалар осы ұлпадан түзіледі.

Өркен мен тамырдың ұшында. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, жүгері, тары) сабақтарының буын аралықтарында. Сабақ пен тамырдың қабық астында

Жабын ұлпа

Жасушалары бір-біріне өте тығыз жанасады, сондықтан өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан (ыстық, суық, қатты жел, зиянкестермен зақымдану) сақтап қорғайды. Сыртқы ортамен қатыныс жасайды (ауа мен пайдалы газдарды, күн сәулесін ішке өткізіп, сыртқы судың артығын буландыру).

Өсімдіктің барлық мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, гүл, жеміс) сыртын қаптап тұрады. Жапырақтар мен сабақтар, жемістер, тұқымдардың сыртындағы жұмсақ және қатты тікенекті түктері.

Тірек ұлпа

Жасушаларының қабықшасы алғашында жұқа болғанымен біртіндеп қалыңдайды, мықтылық, тірек қызметін атқарады. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сыныудан, майысудан қорғайды. Өсімдік қанша нәзік болса да тірек ұлпасының арқасында қатты дауылға, нөсер жамбырға майысып барып, қайта қалпына келеді.

Өсімдіктің барлық мүшелдерінде белгілі бір тәртіппен орналасады. Тамыр мен сабақта. Жапырақ жүйкелерінде. Жемістің жұмсақ етінде. Тұқымда (өрік, шие сүйектері мен жаңғақтың сыртын қаптап тұрған қатты қабықтар) т.б. жерлерде.

Негізгі ұлпа (қор жинаушы, фотосинтездеуші)

Жасушалары ірі, сондықтан зат алмасудың артық өнімдері қорға жиналады, онымен ұрық және тағы басқа өсімдіктердің жас мүшелері қоректенеді. Жапырақтағы фотосинтездеуші ұлпаның жасушаларында хлорофилл дәндері болатындықтан жарықта органикалық зат түзеді. Онымен бүкіл тірі организмдер қоректенеді. Жасуша арасында бос кеңістікте ауа жиналады. Онымен өсімдіктер тыныс алады. Ірі жасушаларда су жиналады. Қуаңшылық жерде өсетін өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етеді. Атқаратын қызметіне байлансты жасуша пішіндері де әр түрлі.

Өсімдіктің барлық мүшелерінде қабықтан бастап барлық ұлпалардың арасын толтырып тұрады. Жапырақтың ортаңғы қабаты, сабақтың, тамырдың, тұқымның, түйнектің, пиязшықтың, тамырсабақтың барлығында болатындықтан негізгі ұлпа д.а.

Өткізгіш ұлпа

Жасушаларының пішіндері әр түрлі, ұзынша. Жасушааралық перделері мен қабырғаларында сүзгі тәрізді ұсақ тесіктері болады. Сол арқылы жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелері мен сабақ, жеміс, тұқымға өткізеді. Топырақтан тамырдың сорып алған минералды заттарының ерітіндісі жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.

Тамырда, сабақта, жапырақ жүйкелерінде. Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырады. Сондықтан барлық мүшелерінде өткізгіш ұлпалар орналасады.



Бөліп шығарушы ұлпа

Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа біртіндеп қалыңдайды, сүтті шырын, эфир майы, шірне бөлінеді. Зат алмасуда бөлінген артық заттар мал жемеуден, ауру тудыратын микробар мен зиянды бунақденелілерден сақтайды. Сүтті шырыннан резеңке, каучук жасалады. Эфир майын сабын, дәрі, иіс суға қосады, хош иіс береді. Шірне бунақденелілерді еліктіріп, тозаңдануға көмектеседі, алкалоид, т.б. заттардан дәрі жасалады.

Өсімдік мүшелерінің әр жеріде шашыранды болып жатса да барлық мүшесінде: тамыр, тамырсабақ, жапырақ, сабақ, гүл, жеміс тұқымдарда кездеседі.

1) Ұлпа дегеніміз не?_____________________________________________________________



_______________________________________________________________________________

2) Мына ұлпалар өсімдіктің қай мүшесінде кездеседі?

Түзуші ұлпа немесе меристема_____________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Жабын ұлпа____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Негізгі ұлпа_____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Тірек ұлпа______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Өткізгіш ұлпа___________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Бөліп шығарушы ұлпа ___________________________________________________________

_______________________________________________________________________________


Үй тапсырмасы. §5,6 оқып, тақырыптар соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

Күні : 09.10.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 11.
Сабақтың тақырыбы : Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқымдағы өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуантүрлілігі. Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың таралуы, шаруашылық маңызы.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің генеративті мүшесі – тұқым, оның құрам бөліктерін, дара жарнақты және қос жарнақты тұқымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып оқыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – тұқымның әрбір бөліктерінің қызметін, өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру;

Дамытушылық – өздігінен іздену, қосымша материалдарды пайдалану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Сабақтың әдісі: сарыстыра оқыту

Сабақтың көрнекілігі: «Тұқым» тақырыбында электрондық көрсетілімдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жаңа сабақты ертханалық жұмысты жасата отырып түсіндіру.



Қос жарнақты

Ұқсастығы

Дара жарнақты

1. Екі тұқым жарнағы бар

2. Қабығы суға жібіткенде тез сылынады

3. Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады


1. Тұқым жарнағы бар

2. Қабығы тығыз

3. Ұрық:

- сабақша;

- тамырша

- бүршікше



1. Бір тұқым жарнағы бар

2. Қабығын суға жібіткенде ажырату қиын



3. Қоректік зат эндоспермде жиналады

жүктеу 1,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау