Күні : 04.09.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ №1.
Тақырыбы: Кіріспе .
Ботаника- өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетінде өсімдіктердің көп түрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Ботаникалық білімнің негізгі қолданылуы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстанда кең таралған өсімдіктер.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік – өсімдіктер, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;
Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;
Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларымен танысып, бар ынта жігерін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Проблемалық сұрақтар беру: Тірі ағзаларға қандай ағзалар жатады? Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?
Жоспар:
Тірі ағзаларға тән қасиеттер.
Олардың маңызы
Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.
Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетінде өсімдіктердің түрі өте көп , қазіргі таңда 500 мыңға жуық түр бар.
ІҮ. Бекіту: сұрақ – жауап әдісі арқылы жаңа сабақты пысықтау.
Ү. Үйге тапсырма : Кіріспе тақырыпты оқу , түрлі өсімдіктердің суреттерін жинақтау.
Күні : 05.09.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ №2.
Тақырыбы: Мәдени және жабайы, біржылдық және көпжылдық , дәрілік әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары.
Мақсаты: Білім алушыларға өсімдіктердің жіктелу ерекшеліктерін, олардың ортақ белгілерін түсіндіріп, оқыту.
Міндеті: Өсімдіктер тіршілігімен ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің жүйелену жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту
Білімділігі: Білім алушыларға өсімдіктер тіршілігін , формаларын түсіндіру.
Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер, өсімдіктер суреттері.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жіктеу
1. Өсімдіктердің бөлінуі
2. Өсімдіктерге тән белгілер
3.Өсімдіктердің көбеюі
4. Өсімдіктерді жіктеу
|
1. Өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер болып екіге бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырларды жатқызамыз. Ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге мүктерді, қырықбуындарды, өсімдіктерді жатқызамыз.
2. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер:
1. Қасеттері: зат алмасу, көбюе, тыныс алу, тітіркену, қоректену, т.б
2. барлығы жасушалардан тұрады.
3. Ұлпалары: түзуші, негізгі, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады.
4. Мүшелері: сабығы, тамыры, жапырағы, гүлі болады.
5. Өсімдіктер тіршілігінің соңына дейін өсе береді
6. Көбеюі: өсімді, жынысты, жыныссыз
3. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар , бұталар , бұташықтар, шөптесін өсімдіктер.
4. Қазір жер бетінде 500 мыңдай түрі, ал ҚР 5600 дей өсімдік түрлері бар. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды – тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды – қатарға, ұқсас қатарларды – класқа, кластарды- бөлімге жіктейді. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр.
|
Әсер етуші факторлар
|
IІІ. Бекіту. Мәдени және жабайы , дәрәләк , шөптесін , ағаш , бұталарға мысалдар келтір.
ІV. Сабақ қорытындысы: Өсімдіктердің барлығына тән ортақ белгілер болады. Басқа тірі ағзалар тәрізді зат алмасады, қоректенеді, тыныс алуды, көбейеді, тітіркенеді. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Өсімдіктер ажырату үшін оларды жүйелейді.
V. Бағалау
VІ. Үй тапсырмасы: «Мен танитын өсімдіктер тақырыбына» эссе , хабарлама дайындау.
Күні : 11.09.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ №3.
Тақырыбы: Өсімдіктердің белгілері. Гүлді өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің мүшелері. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе ретінде. Тұқымды және споралы өсімдіктер.
Мақсаты: Білім алушыларға өсімдіктердің жіктелу ерекшеліктерін, олардың ортақ белгілерін түсіндіріп, оқыту.
Міндеті: Өсімдіктер тіршілігімен ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің мүшелерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту
Білімділігі: Білім алушыларға өсімдіктердің белгілерін , мүшелерін , тірі организмекенін түсіндіру.
Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер, өсімдіктер суреттері.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жіктеу
1.Жалпы сипаттама
2. Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі
|
Бұлардың көбею мүшесі –гүл. Сондықтан гүлді өсімдіктер деп атайды. Ал гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан бұлар жабық тұқымды өсімдіктер деп аталады. 250000 түрі бар. Гүл тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана түзілген. Аталық пен аналықтар осы гүлде жетіледі. Аналық жатынында тұқым бүршіктері орналасады. Гүлдері желмен тозаңдануға, бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктеріне түзеді. Тозаң түтіктері арқылы аталық жынысжасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігіндегі екі аталық жынысжасушаларының бірі жұмыртқажасушаны ұрықтандырады. Ал екінші аталық жынысжасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілерін пайдаланады. Құрылысы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады. Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктерді қосжарнақтылар класына жатқызады. Егер өсімдіктің ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда даражарнақты класына жатады.
Диаграмма дегеніміз – гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп, сызбанұсқасын сызу.
|
Әсер етуші факторлар
|
ІV. Бекіту: Берілген гүлдердің суреттеріне қарап ерекшеліктерінанықтап,дәптерге жазыңдар
VІ. Үй тапсырмасы: өздеріңе таныс гүлдердің суреттерін дәптерге салып келу.
VІІ. Бағалау
Күні : 12.09.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ №4.
Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдіктердің тіршілік орталары. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің табиғи жағдайлардағы өзгерістері. олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты: Білім алушыларға өсімдіктердің тіршілік жағдайларын, оларға әсер ететін экологиялық факторларды түсіндіріп, оқыту.
Міндеті: Өсімдіктер тіршілігімен ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің .
табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту
Білімділігі: Білім алушыларға өсімдіктердің белгілерін , мүшелерін , тірі организм екенін түсіндіру.
Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер, өсімдіктер суреттері.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Өсімдіктердің тіршілік ету жағдайын, өсімдік ағзасын оның өсіп-өнетін ортасымен өзара байланысын зерттейтін биологиялық бөлімін өсім дік экологиясы дейді. Ортаның өсімдікке әсер ететін әуелілері (жарық, жылу, су, ауа, топырақ, т.т.) экологиялық факторлар деген атауға ие болды. Міне, осы факторлар өсімдіктің тіршілік ортасын немесе өсу орнын қалыптастырады.
Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.Топырак, өсімдіктері — бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде маңызды роль аткарады.
ІІІ. Бекіту.
ІҮ. Үйге тапсырма: түрлі-түсті суреттерден буклеттер жасау.
Күні : 18.09.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 5
Сабақтың тақырыбы: Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар.
Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – «жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.
Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Биология ғылымы, оның негізгі салалары туралы әңгімелеңдер.
Өсімдіктер қайда тіршілік ете алады?
Олардың тіршілігіне әсер ететін факторларды атаңдар.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Микроскоптың шығу тарихы
2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі
1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.
Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.
Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді.
Жасушамен алғаш танысқандықтан, әрі бұл материал күрделі болғандықтан жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, өсімдік жасушасын бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құралдардың түрлері, олармен жұмыс істеу әдісін үйрету керек.
Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Жарық микроскобының әрбір бөлімінің атын, не үшін қажеттігін оқушылардың дәптеріне жаздырған жөн. Содан соң микроскоппен қалай жұмыс істеу керек екендігін мұғалімнің өзі көрсетуі тиіс. Алдыға қойылған мақсат – оқушыларды микроскоппен, жұмыс істеу барысымен таныстыру.
Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелер есте болуы керек:
А) микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға жылжытуға болмайды, жылжытса объект көрінбей қалады;
Ә) алдымен айнамен жарық түсіріледі, егер микроскопта объектив екеу болса (бірі – кіші, екіншісі – үлкен) алдымен кіші объективпен қарайды;
Б) микроскопты бір қалыпты температурада сақтайды, қалай болса, солай қоя салса, шаң басып әйнектері күңгірттеніп бұзылады;
В) ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен объективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;
Г) микроскоп өте күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен, улы химикаттармен қатар қоюға болмайды. Өзінің ағаш қорабына салып шаң-тозаң кірмейтін таза, құрғақ шкафқа орналастырады.Үлкейтіп көрсететін құралдармен оқушыларды таныстырып болған соң зертханалық (практикалық) жұмыс орындауға кіріседі.
ІV. Бекіту.
Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.
Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.
Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.
Үй тапсырмасы. §3 оқып, 1-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.
Күні : 19.09.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 6.
Тақырыбы: Өсімдік жасушасының құрылысы
Сабақтың мақсаты: жасуша ұғымын жан-жақты түсіндіріп, өсімдік жасушасының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өсімдік жасушана тән органоид түрлерімен таныстырып, олардың атқаратын қызметін, құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру;
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптарғ өсімдік жасушасы.
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.
Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.
Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.
Орналасу ретіне қарай микроскоптың бөлшектерін жатқа айтып беріңдер. Жасушаның ашылу тарихының себептері, ашқан ғалымдар. Микроскоппен қарау үшін микропрепаратты қалай дайындайды?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Препаратты микроскоппен қарағанда ең алдымен айқын көрінетіні жасуша қабықшасы.
Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы оның жұқа плазмалық жарғақшасы(мембрана) сыртын өте тығыз, таза жасуынықтан (клетчатка) тұратын берік, қалың, серпімді қабықша қаптайды(мұндай қабықша жануарлар жасушасында болмайды). Плазмалық жарғақшаның атқаратын қызметі:
жасушаны қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады;
қабықша ішке қарай барлық қоректік заттарды, яғни су мен газдарды (оттегі, азот, көмірқышқыл газы) өткізіп, ыдырау өнімдерінің зиянды керексіз қалдықтарын сыртқы шығарып, жасуша мен қоршаған орта арасында ұдайы зат алмасуды қамтамасыз етеді; жасуша ішіндегі қажетті сұйықтықтың құрымын реттейді;
ішке қарай зиянды, улы заттарды өткізбейді, тек кейбір заттарды ғана талғап өткізеді;
әр түрлі қосылыстар екінші жасушаға өтіп отырғандықтан плазмалық жарғақша тасымылдаушы қызметін де атқарады;
цитоплазмаға енген түрлі заттардың қосылысын, орын ауыстыруын реттейді.
Цитоплазма – құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, көмірсулар, иондар, 1% минералды қосылыстары бар мөлдір, желімтек, созылмалы қоймалжың сұйықтық. Цитоплазманың сыртын жұқа жарғақша – плазмалемма қаптап жатады
Ядро (латынша «нуклеус», грекше «карион») – цитоплазма сияқты жасушаның ең негізгі бөлімі. Оны өсімдік жасушасынан алғаш рет 1831 жылы ағылшын ботанигі роберт Броун ашқан. Цитоплазмадан тығыздау пішінді көбінесе шар тәрізді, кейде ұзынша сопақ, жұлдыз тәрізді, түссіз, мөлдір жасушаның дәл ортасына, шетіне орналасады. Оны препаратқа йодтың әлсіз ерітіндісін тамызу арқылы қоңыр түске боялудың нәтижесінде көруге болады. Әдетте жасушада бір ядро болады, әйтсе де екі, үш және көп ядролы жасушалар да бар. Жасыл балдырлар мен саңырауқұлақтарда көп ядролар кездеседі.
Пластидтер тек өсімдіктерге ғана тән, бірақ ол өсімдіктердің ішінде саңырауқұлақ, бактерия, көк-жасыл балдырлардың жасушаларында кездеспейді. Қалған жасыл өсімдіктердің жасушаларының цитоплазмасында шашырап жатады. Бір жасушалыларда олардың саны 1-ден 10-ған болады. Цитоплазмаға қарағанда тығыз болғандықтан жарық микроскобының көмегімен ғана көрінеді.
Пластидтер 3-ке бөлінеді: 1)хлоропластар (жасыл түсті); 2)хромопластар(сары, қызғылт-сары, қызыл түсті); 3)лейкопластар (түссіз). Балдырлардың жасушасындағы пластидтерді хромотофор дейді, олардың пішіндері таспа, таяқша, таға, тостаған тәрізді.
Вакуоль – іші көмірсулар, тұздар, органикалық қышқылдардың ерітіндісіне толы жасуша ішіндегі кеңістік. Жасушада вакуольдың атқаратын қызметі:
Жасуша ішіндегі сулы ортаны қалыптастырып су мен тұздың алмасуын реттейді;
Жасушадағы сұйықтықтың қысымы бірқалыпты болуын сақтайды;
Вакуольде көптеген органикалық заттар қорға жиналып, өсімдікке қажет болғанда жұмсалады;
Керексіз зиянды улы заттар жиынтығы вакуоль арқылы сыртқа шығарылады;
Вакуоль улы заттарды ерітіп ыдыратады, мұндай вакуольды лизосома дейді.
ІV. Бекіту.
-
Жасушаның құрылысы (бөліктері)
|
Атқаратын қызметі
|
1. цитоплазма мен ядро
|
Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекетіне қатысады
|
2. вакуоль
|
Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын ретейді
|
3. пластидтер
|
Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды
|
4. Ядро
|
Көбеюге қатысады
|
5. Жасуша қабықшасы
|
Жасуша бөлшектерін зақымданудан қорғайды
|
Үй тапсырмасы. §4 оқып, 4-суретті салып, тақырып соңындағы кестені жұмыс дәптерлеріне толтырып келесіздер.
Мынадай сұрақтарға жазбаша жауап бересіздер:
1. Егер адам организміне нәруыз қажет болса қандай өсімдіктерді тамаққа көбірек пайдалану керек?
2. Крахмал йод ерітіндісінде қандай түске боялады?
3. Бидай ұнының ең жоғарғы сортына қарағанда І сорт неліктен құндырақ болып саналады?
4. Киімге тамған майдың дағы сумен қанша жуса да кетпейтінін қалай түсінуге болады?
5. Май тәрізді заттар қандай ерітінділерде ериді?
6. Сабын жасау өнеркәсібінде неге май қолданылады?
7. Гүлдер мен жемістердің аңқыған хош иісі неге байланысты?
8. Өсімдіктегі жиналған қалдық заттар қандай түрде болады?
9. Өсімдіктердегі қалдық заттар сыртқы қалай шығарылады?
Күні : 25.09.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 7.
Сабақтың тақырыбы : Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерге тән жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өсімдіектерге тән жасушалардың тіршілік әрекеттері жайлы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепартаттар.
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Пияздың мөлдір өңінен жасаған препараттан жасушаның анық көрінген бөліктерін атаңдар. Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі қандай? Саңырау дегенді қалай түсінесіңдер, оның қызметі қандай?
Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді? Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашалығы және жасушаға не үшін қажет? Вакуоль қандай қызмет атқарады?
Тек өсімдіктерге тән денешіктерді атап, оның түрлерінің қайда кездесетінін сызбанұсқа (схема) немесе кесте сызып толтырыңдар. 2.Жасуша қабықшасының қасиетін талдаңдар
-
Жасушаның құрылысы (бөліктері)
|
Атқаратын қызметі
|
1. цитоплазма мен ядро
|
Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекетіне қатысады
|
2. вакуоль
|
Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын ретейді
|
3. пластидтер
|
Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды
|
4. Ядро
|
Көбеюге қатысады
|
5. Жасуша қабықшасы
|
Жасуша бөлшектерін зақымданудан қорғайды
|
Атқаратын қызметіне байланысты тұсына жасуша бөліктерінің атын жазып, кестенің бос орнын толтырыңдар.
Жасушаның құрылысы (бөліктері)
|
Атқаратын қызметі
|
1.
|
Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады.
|
2.
|
Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.
|
3.
|
Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды.
|
4.
|
Көбеюге қатысады.
|
5.
|
Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |