Пәні : биология Сыныбы____6_____ Күні__25.02.2015_______
Тақырыбы: Лалагүл тұқымдастар
Мақсаты:
Білімділік: Лалагүл тұқымдастарға жалпы сипаттама беру
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы жабық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама беріледі
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, бағалау.VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге:Лалагүл тұқымдастар
Пәні : биология Сыныбы____6_____ Күні__27.02.2015_______
Сабақтың тақырыбы: Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары.
Сабақтың мақсаты Жуа тұқымдас өсімдіктердің гүлдері мен жемісінің құрылысымен танысу.
Міндеттері 1. Жуа тұқымдас өсімдіктермен таныстыру.
2. Жуа тұқымдас өсімдік гүлдерінің құрылысын талдау.
3. Жемісінің құрылысымен танысу.
5. Теориялық білімді практикада қолданады.
6. Топтық жұмыс кезінде бір - бірімен пікірлеседі, алған білімдерін бекітеді
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері Жеке, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, қорыту, талдау, бекіту, бағалау. АКТ
Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, флипчарттар, плакат, сурет.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар жуа тұқымдас өсімдіктердің түрлерін және құрылысын ажыратады;
2. Зертханалық жұмыс барысында гүлі мен жемісінің құрылысымен танысып өмірде қолдана біледі.
3. Жуа тұқымдас өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызын біледі.
4. Бір - біріне сұрақтар қойып, қайта бағыттай алады.
5. Ой қорытып, пікірлерін айтады.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі 1. Амандасу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. "Жұптасып бір - біріне бойынша тілек айту"
3. Төрт топқа бөлінеді. Оқушыларға карточкада жазылған өткен тақырыпқа байланысты лалагүлділер тұқымдасы бойынша өсімдік аттары таратылады, өздері тауып топқа бөлінулері тиіс. Сын тұрғысынан ойлау. 4 мин
Үй жұмысын тексеру
1. Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Оқушылардың жай немесе күрделі сұрақ қоюларын бақылаймын.
Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
Ой қозғау
Оқушыларға сұрақ: Біз күнделікті тағамға қандай көкөністі өсімдік қосамыз?
Ол өсімдіктің маңызы жайлы не білесіздер. Оқушылардың жауаптарына қарай сұрақ қою.
1 тапсырма:
Оқушыларға интерактивті тақтадан суреттер көрсетіліп, тақырыпқа байланысты мәлімет таратылады, сол суретке ертегі және постер кұрады.
2тапсырма: Оқушыларды зертханалық жұмыспен таныстырып, топта өзара талқылап жеке кестеге орындауларын сұрайды.
№28 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Пияз туыстас өсімдіктердің гүлдерінің құрылысы және жемісі.
Мақсаты: пияз туыстас өсімдігінің гүлдері мен жемісінің құрылысын зерттеу.
Құрал жабдықтар: пиязтуыстас гүлшоғырлар, ұлғайтқыш әйнек, қысқыш.
1. Пияз өсімдігінің гүлшоғырның құрылысымен танысу.
2. Күлте жапырақшаларының саны қанша және түстері қандай?
3. Аталық пен аналықтың құрылысымен танысу.
4. Жемістерінің ерекшелігі.
Пәні : биология Сыныбы____6_____ Күні__04.03.2015_______
Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары.
Сабақтың мақсаты: Оқушылaрдың aлдыңғы caбaқтaрдaғы дaрaжaрнaқтылaр клacы тұқымдacтaры, түрлeрi, eрeкшeлiктeрi турaлы бiлiмдeрiн кeңeйту. Тaқырыпты тeрeңдeй aшып, шaпшaң ойлaнуғa, ұтымды жaуaп бeругe, cыни тұрғыдa ойлaу қaбiлeттeрiн ұштaу, диaлогтiк оқыту бaрыcындa тaныту.
Оқу нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы нұсқаулық картамен жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізе алады, қорытындылай білуге үйренеді
Негізгі идеялар: Оқушылардың оқулықпен, қосымша материалдармен жұмыс жасап, кластер, синквейн құруға дағдыландыру;
Қолданылаған материалдар: АКТ, флипчарт, маркер, фломастерлер, стикер, бағалау парағы
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Топпен жұмыс, жеке жұмыс, Блум таксономиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында тренинг ұйымдастырылды. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір - біріне бүгінгі сабаққа жақсы көңіл - күй тіледі. Сабақ кезеңдері Блум таксономиясы бойынша құрылды
БІЛУ КЕЗЕҢІ. Өткен сабақта алған білімдерін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Таудың ұшар басына шығу ойыны.
Мaқcaты: топ мүшeлeрi бiрiгiп cұрaқтaр шeшу aрқылы жeңicкe жeтiп, жeңгeн топ тaудың бacындaғы туды aлaды. (Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланды). Eкi топ оқушылaры өздeрi үйдeн дaйындaп әкeлгeн cұрaқтaрын бiр - бiрiнe aуыcтырып, плaкaттa бeйнeлeнгeн тaудaғы шaршылaрға дұрыс жaуaп бeргeн cтикeрлeрiн жaпcырып отырды. Жeңicкe жeткeн топ тaудың шыңыңдa iлiнгeн туды aлды, бәрiнe cәттiлiк тiлeп, тeк бiлiмнiң aрқacындa бәрiн жeңугe болaтынын, aлдaғы caбaқтaрдa тeк биiктeрдeн көрiнe бeрулeрiнe тiлeк бiлдiрe отырып, көңiл - күйлeрiн көтeру мaқcaтындa тaмaшa бiр ceргiту жaттығуын жacaуғa шaқырдым. Сергіту сәті (музыкамен )
ТҮСІНУ КЕЗЕҢІ Топтық жұмыс арқылы жаңа білімді өздеріне меңгерту
Интeрaктивтi тaқтaдaн күз мeзгiлiндeгi acтық орып жaтқaн нaуқaннaн бeйнeкөрініс көрceтiлдi. Оқушылaрдың cыни тұрғыдaн ойлaу қaбiлeттeрiн дaмыту мaқcaтындa «эcce»жaзу тaпcырылды. Жaзғaн әңгiмeлeрiн оқып болып, бaлaлaрғa бүгiнгi тaқырыбымызғa бұл көрiнicтiң қaндaй қaтыcы бaр? Қaй өciмдiктiң тұқымын eң eжeлгi нaнды жacaуғa қолдaнғaн дeп ойлaйcыңдaр? Ceндeрдiң ойлaрыңшa бүгiнгi caбaғымыздa қaндaй өciмдiктeрмeн тaныcaмыз?...... оcындaй aшық cұрaқтaр қою aрқылы бүгiнгi caбaқтың тaқырыбын оқушылaр өздeрi тaуып, eндi бүгiнгi caбaқтa оcы тұқымдac жaйлы бiлiмдeрiн әрi қaрaй толықтыру үшiн әр топқа клacтeр құру тaпcырылды. Астық тұқымдастары
Содан кейін жаңа сабақ туралы интерактивті тақтадан слайд көрсетілді
ҚОЛДАНУ КЕЗЕҢІ алған білімді іс жүзінде қолдану
Бұл кезеңде оқушылaр үйдeн өздeрi қоcымшa оқулықтaрдaн, интeрнeт жeлiciнeн мәлiмeттeр әкeлiптi, cолaрды пaйдaлaнып поcтeрге түсірді, сол жұмыcтaрын eкi топтa жaқcы қорғaп шықты. Сыныптың үздік оқушысы - Тоқтaр күрiш aтacы - Ы. Жaқaeв пeн тaры aтacы - Ш. Бeрcиeвтың өмiрбaяны турaлы дaйындaп кeлгeн қоcымшa aқпaрaтын мaзмұндa дa әceрлi eтiп бacқa оқушыларға aйтып бeрдi. Әр топ бір - бірінің постер жұмыстарын критерийлер бойынша бағалады.
ТАЛДАУ КЕЗЕҢІ алған білімдерін зерделеу, ажырату, салыстыру
Өткен тақырыппен байланыстыра отырып салыстырады астық тұқымдастарымен пияз тұқымдастарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу, кестені толтыру
(тапсырма толық орындалған жағдайда топ мүшелеріне әрқайсысы 2 ұпайдан ие болды)
Тұқымдастар атауы ұқсастықтары айырмашылықтары
пияз
астық
ЖИНАҚТАУ КЕЗЕҢІ алған білімдерін тұжырымдау қайта анықтау
алған білімдерін тұжырымдайды интерактивті тақтадағы семантикалық картаны толтырды және өз ойларын дәлелдейді, тапсырмалар орындады.(әр дұрыс жауап 1 ұпайдан)
1 - ші топқа Астық тұқымдастарына жататын өсімдіктерді тауып жазыңдар:
1. Сары бөрібұршақ
2. Егістік қарабидай
3. Сұлы
4. Шалғындық кекіре
5. Қызғылт жоңышқа
6. Дәрілік бақбақ
7. Кәдімгі меңдуана
8. Жатаған бидайық
9. Екпе күріш
10. Мәдени қыша
11. Кәдімгі қамыс
12. Жалбызтікен
13. Жұпарбас
Дұрыс жауаптар: 2, 3, 8, 9, 11
2 - ші топқа
Астық тұқымдас өсімдіктердің өкілдеріне тән белгілерді жазып алыңдар:
1. Тіршілік формасы – ағаш, бұта, шөптесін
2. Ұсақ гүлдері масақ гүлшоғырына жиналған, олар біріге келіп күрделірек гүлшоғырына айналады.
3. Жемісі – тұқымша
4. Гүлсерігі 4 тостағанша жапырақшалардан және 4 күлте жапырақшаларынан құралған.
5. Жапырақтары ұзын, параллель жүйкелі және ұзын қынапты.
6. Жемісі – жидек.
7. Жемісі – дәнек.
8. Гүлінде екі гүл қауашағы, үш аталығы және бір аналығы болады.
9. Сабағы – буынды сабансабақ.
10. Гүлдері түтікшелі, тілшелі немесе воронка тәрізді болуы мүмкін.
Дұрыс жауаптар: 2, 5, 7, 8, 9
БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ Ойланып шешім қабылдау, жорамалдау
РЕФЛЕКСИЯ
Үй тапсырмасы:
оқушылaрдың өз бeтiншe iздeну жұмыcтaрын дaмытып, қоcымшa aқпaрaтпeн жұмыc жacaй aлуғa үйрeту үшiн «ACТЫҚ ТҰҚЫМДACТAРДЫҢ МAҢЫЗЫ» тaқырыбынa ойтолғaу жaзу, шaғын жобa дaйындaу
Пәні : биология Сыныбы____6_____ Күні__06.03.2015_______
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Жабық тұқымды өсімдіктерді қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Өсімдіктердің дамуы эволюция туралы түсіну. Жабық тұқымды өсімдіктерді Блум таксономиясы арқылы тарауды қорытындылау.
Сабақтың міндеті: 1. Жабық тұқымды өсімдіктердің белгілерін, маңызын анықтау.
2. Өсімдіктер әлемінің даму эволюциясы туралы негізгі түсініктеме беру.
Сабақтың әдісі:
Сабақта қолданылатын педагогикалық материалдар мен технологиялар жеке жұмыс.
"Ойлан тап" әдісі сыни ойлау тапсырмалар
Білім берудегі бағалау;
Оқушылырдың жас ерекшелігін ескеру.
АКТ
Деңгейлік тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже:
• Өсімдіктердің даму эволюциясын біледі.
• Жабық тұқымды өсімдіктер тарауы бойынша өз білімдерін бағалайды.
Сілтеме: 1. 7 сыныпқа арналған биология оқулығы Қ. Қайым
2. Биологияны оқыту әдістемесі
Дерек көздері: 1. Википедия ашық энциклопедиясы
2. Ғаламтор Google, яндекс
І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен амандасып, тренинг арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын."Ойдың шапшаңдығы"
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.
ІІ. Үй тапсырмасын те ксеру
Блум таксаномиясы бойынша білімдерін бақылау;
Бірінші деңгейлік тапсырмалар
1. Білу. «Миға шабуыл» әдісі.
1. Орамжапырақ қандай тұқымдасқа жатады?
2. Дара жарнақты класқа қандай тұқымдастар жатады?
3. Қос жарнақты тұқымдастардың тіршілік формасы қандай?
4. Қызғалдақ қандай тұқымдасқа жатады?
5. Астық тұқымдастарының жемісі қандай?
2. Түсіну. «Ой қозғау» сатысы.
1. Раушангүл тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады. ( 3 тен кем емес жазу қажет).
2. Кіндік тамырлы және жапырағының жүйкеленуі тор өсімдіктер қандай класқа жатады.
Екінші деңгейлік тапсырмалар
3. Қолдану.
Дұрыс сөйлемдерді табыңдар.
1. Асбұршақтың жемісі – қауашақ.
2. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4, аталығы 6 - ау, оның төртеуі ұзын, екеуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. (Крестгүлділердің формуласы)
3. Бақбақ, күнбағыс күрделігүлділердің өкілі.
4. Бидайдың гүлшоғыры күрделі масақ.
5. Қызғалдақ көп жылдық өсімдік.
4. Талдау.(Дәлелдеу)
Астық тұқымдастар дара жарнақтыларға жататынын дәлелде.
(дара жарнақтылардың белгілеріне назар аудар)
Үшінші деңгейлік тапсырмалар
5. Жинақтау.
Раушангүлділердің жүйедегі орнын көрсет.
Дүние –
Бөлім -
Класс –
Тұқымдас –
Түр -
6. Бағалау.
Егер табиғатта жабық тұқымды өсімдіктер болмаса:(сөйлемді жалғастыр)
Пәні : биология Сыныбы____6_____ Күні__11.03.2015_______
Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәдени өсімдіктің жабайы өсімдіктен айырмашылығы неде екенін,мәдени өсімдіктерсіз адам өмір сүре алмайтынын меңгерту.Оқушылардың дүниетанымын ойындар ойнау арқылы,логикалық танымын,биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Дәстүрлі.Ақпараттық технология
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, бөшке,бағалау парағы т.б.
І. Сабақтың барысы: 1.Амандасу
2.Сабаққа әзірліктерін тексеру
Сыныпты 3-топқа бөлдім. І топ-құлпынай
ІІ топ-картоп
ІІІ топ-күнбағыс
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы 2бөлімнен тұрды.
1.Бөшкедегі басқатырғыштар
Әр топқа үш-үштен сұрақ қойылды. Әр дұрыс жауапқа жетон беріліп отырды.
2. Ғалымдар сөйлейді
Бұл бөлімде әр топ капитандары өз атауларын қорғауы керек. Әр топ капитандары слайд арқылы өз команда аттарын қорғады.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары:
250 мыңға жуық жабықтұқымдылардың 3 мыңдайы ғана кезінде белгілі болған. Тағамның 80% -ы негізгі алты мәдени өсімдіктен алынады: дәнді дақылдардан – бидай, күріш, жүгері; крахмалды дақылдардан картоп, батат, маниока. Тамақ үшін ең маңыздылары: қантты - қант қамысы, қант қызылшасы; көкөністер - асбұршақ, картоп; дәнді дақылдар – бидай; майлы -кокос, күнбағыс, соя; жемістер - алма, банан, жүзім, цитрустылар.
Дүниежүзілік тарихи және археологиялық деректерге сүйене отырып Н.И.Вавилов ертедегі мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын жеті топқа біріктірді.
Тарсырмалар:
№1. «Суреттер сыры»
3топқа суреттер беріледі. Сол суреттерді картаға жапсыруы керек,яғни әр орталықтың тұсына жапсырады.Дұрыс жапсырылған суретке жетон беріледі.
№2. «Сен маған-мен саған»
Бұл тапсырмада әр топтан бір-бір оқушыдан шығады. Сол оқушыларға әр топ үш-үш сұрақтан қояды.Сұраққа жауап бере алмаған оқушы ойыннан шыға береді. Қалған оқушыларға қарсы командылардан сұрақ қойылады.Соңында бір оқушы қалады.Сол оқушы жеңімпаз атанады.Жеңген оқушыға жетон беріледі.
№3. «Сызықтық диктант»
« ^ » -дұрыс, «-» қате. Мына белгілер арқылы сұрақтардың жауаптарын жазу керек.6сұрақ берілді. Дұрыс жауапқа жетон берілді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Ортаға мәдени өсімдіктің атауы беріледі. Ол сөз «Орамжапырақ» осыдан бірнеше сөздер шығаруы керек.1минут уақыт беріледі.Көп сөз жазған командаға жетон беріледі.
V.Үге тапсырма беру.
§34. оқулықтағы кестені толтыру. 7орталықтан шығатын мәдени өсімдіктер туралы интернеттен мағлұмат әкелу.
VІ. Бағалау.
Барлық жетондарын есептеп,жеңімпаз топты анықтап,жеңген топтарды медалдармен марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |