Сабақ №1. Тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 1,57 Mb.
бет4/15
Дата13.11.2018
өлшемі1,57 Mb.
#19141
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қорытынды:

1. Тамыр дегеніміз не?___________________________________________________________

______________________________________________________________________________

2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?_____________________________________________________

______________________________________________________________________________

3. Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашалығы бар?______________________

______________________________________________________________________________


Күні : 16.10.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 13.
Тақырыбы: Тамыр бөлімдері

Сабақтың мақсаты: тамыр бөлімдерінің құрылысын, алып жатқан орнын, маңызын таныстыру және әр бөліктің атқаратын қызметіне толық тоқталу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамыр бөлімдерінің құрылысын және өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Тәрбиелілігі – оқушылардың ғылыми дүниетанымын байытып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілей отырып, сабаққа дайындығын бақылау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады? Неліктен вегетативті мүшелер дейді? Вегетативті мүшелерді атаңдар. Вегетативті мүшелер өсімдіктерге не үшін қажет?

Тамырдың қызметін атаңдар. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады? Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?

Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырларды атаңдар. Жанама тамырлардың қызметі. Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар. Шашақ тамыр жүйесі деп неліктен аталған, шашақ тамырлы өсімдіктер мен кіндік тамырлы өсімдіктерге мысал келтіріңдер.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


  1. Өсімдіктің вегетативті мүшесі – тамырдың құрылысы

  2. Оның атқаратын қызметтері

Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабығындағы жасушалары сыртқы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп, ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан жеңілдетеді. Осылайша тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап тұрады.

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

Өсу аймағының жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

Сору аймағы - өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады.

Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады.



Өткізу аймағы суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.

Тамырдың сору мезанизмі

Сору күші – бұл осмостық және тургорлық қысымдардың арасындағы айырмашылық.

Осмостық қысым – цитоплазмадаға және клетка қабырғасына әсер ететін клетка шырыны ерітіндісінің қысымы.

Тургорлық қысым – жасуша қабырғасының клетка шырынының ерітіндісіне әсер ететін қысым. Топырақтағы ерітіндінің тамыр қабығының жасушалары арқылы қозғалысы олардың сору күші айырмашылығына байланысты, яғни соруы аз жасушалардан соруы күшті клеткаларға жүреді.

Тамыр қысымы – бұл барлық тамыр түктерінің сору күші.

Жапырақтардың сору күші – бұл су молекулаларының және тамыр қабырғаларының арасындағы іліну күші.

Тамырдың өсуі. Тамырлар өсімдіктер түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды өседі. Тамырлар өсу кезінде қоректік заттар мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан төменге қарай өседі. Осында өсу қозғалысын біржақты әрекет тітіркендіргіштігі (ауырлық күші, жарық) болатын жағдайда тропизм д.а. Негізгі тамыр үшін оң геотропизм (жер тартылысының әсерінен бір жақты өсу) тән. Ірі жанама тамырлар жер бетінен қатар өседі, ал ұсақ тамырларда геотропизм болмайды.

ІV. Бекіту.

р/с

Тамыр бөлімдері

Атқаратын қызметі




Тамыр оймақшасы

Түрлі кедергілерден қорғайды.

1

Бөліну аймағы

Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

2

Өсу аймағы

Жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

3

Сору аймағы

Өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамасыз етеді.

4

Өткізу аймағы

Суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.


Үй тапсырмасы. §8 оқып, 10-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

6-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

Мақсаты: Тамыр бөлімдерін бір-бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі және т. б.

Жұмыстың барысы:

1. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.

2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.

3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.



4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы жасушаларының ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың суретімен салыстыру.

Ескерту: Препарат жасау үшін жас тамырдың ең ұшынан 5 мм-дей кесіп, сол күйінде су тамызып, жабын шынымен жауып қарауға болады.

Нәтижесі:

1) Берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар.

1. Пияз

3. Сәбіз

5. Асқабақ

7. Ермен

9. Асбұршақ

2. Қауын

4. Жүгері

6. Күріш

8. Қамыс

10. Сұлы




Кіндік тамыр жүйесі

Шашақ тамыр жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2

) Тамыр бөлімдерін атап, әрбір бөлімнің атқаратын қызметін жаз:

1.____________________________________

Қызметі: ____________________________________________________

____________________________________________________________

2.____________________________________

Қызметі: ____________________________________________________

___________________________________________________________

3._______________________________

Қызметі: __________________________________________________
4._______________________________

Қызметі: ____________________________________________________

____________________________________________________________
Қорытынды:

1. Тамыр бөліміне не кірмейді?_____________________________________________________

2. Тамыр оймақшасының атқаратын қызметі қандай?__________________________________

_______________________________________________________________________________



Күні : 17.10.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 14.
Тақырыбы: Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тамыры арқылы қоректену фукциясын және ондағы тынайтқыш түрлері жайлы мағлұмат беру.

Құрал-жабдықтар: плакаттар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Тамыр жүйесі

кіндік

шашақ

Қауын

Пияз

Сәбіз

Жүгері

Асқабақ

Күріш

Ермен

Қамыс

Асбұршақ

Сұлы


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Өсімдіктердің минерелды қоректенуі

Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.

Өсімдіктер топырақтан:



    1. макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т.б);

    2. микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт, кобальт және т.б.) алады.

Тынайтқыштар минералды және органикалық болып екі топқа бөлінеді:

Минералды тынайтқыштар былай сипатталады:

1. құрамында бір элементтің басымырақ болуы: калийлі (калий хлориді), фосфорлы (суперфосфат), азотты (селитра, несепнәр, аммоний сульфаты);



2. элементтердің толықтылығына байланысты: толық – құрамында азот, фосфор және калийдің болуы, толымсыз – құрамында осы элементтердің біреуінің болмауы.

Органикалық тынайтқыштар органикалық заттардан шыққан қарашірік, құс саңғырығы, көң, шымтезектен тұрады.

Түйіршікті тынайтқыштар шар тәрізді түйіршікті түрде дайындалған.

Үстеме қоректендіру - өсімдіктер өсіп келе жатқан кезде тыңайтқыш себу. Топыраққа күлді және қүрғақ минералды тынайтқыш себуді құрғақ үстеме қоректендіру деп, ал топырақта суда ерітілген немесе су қосылған тынайтқыштар қосуды сұйық үстеме қоректендіру деп атаайды.

Өсімдіктерді топырақсыз өсіру. Гидропоника - өсімдіктерді организмнің қоректенуі үшін қажетті барлық элементтері бар сулы қоректік қоспада өсіру.

Минереалды қоректену - өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіру. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтарды дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі. Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікте фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек.

ІV. Бекіту.

Өсімдік аты

Тыңайт-қыш

Қай мүшесіне қажет

Шашу мерзімі

Қандай күйде

Қырыққабат

азот

жапырағы мен сабағына

жаздың алғашқы айы

сұйық ерітінді

Қызанақ

фосфор, калий

жемісіне

жаздың екінші жартысы

құрғақ және ерітінді

Картоп

фосфор, калий

түйнегіне

жаздың екінші жартысы

ерітінді және құрғақ

Күздік дақылдар

калий

барлық мүшесін суыққа төзімді етуге

күзде, тұқым себер алдында

құрғақ


Үй тапсырмасы. §9 оқып келу.

Күні : 23.10.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 15.
Тақырыбы: Өркендер мен бүршіктер

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүнетанымын дамытуға баулу;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі: құрасырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Биологиялық тест

1. Тамырдың сабақтан қандай айрымашылығы бар? (буын және буынаралықтары болмайды, жапырағы жоқ)

2. Шығу тегіне қарай тамыр нешеге бөлінеді? (3-ке: негізгі, қосалқы, жанама)

3. Қосалқы тамырлар қай үлескіден өсіп шығады? (сабақ пен жапырақтан)

4. Негізгі тамыр қайдан пайда болады? (ұрық тамыршасынан)

5. Қосалқы тамырлар қандай қызмет атқарады, жақсы дамуы үшін қандай шаралар қолданылады? (берік орнығып, қоректенуін күшейтеді, тыңайтқыштар себу керек)

6. Тамыр жүйесі деген не, ол нешеге бөлінеді? (барлық тамырлардың жиынтығы, 2-ге бөлінеді: шашақ, кіндік)

7. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктерді ата. (астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы және т.б.)

8. Шашақ тамыр жүйесі деп неге аталған. Кіндік тамыр жүйесінен қандай айрмашылығы бар? Шашақ тамыр жүйесі бар өсімдіктерді мысалға келтір. (негізгі тамыр болмайды немесе өте нашар дамыған жуандығы жанама немесе қосалқы тамырлар сияқты шашаққа ұқсап топталып тұрады. Астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы, күріш және т.б )

9. Тамырда неше бөлік болады, әр бөлігін жеке-жеке атап көрсет. (4 бөлік: тамыр оймақшасы; 1) бөліну аймағы; 2)өсу аймағы; 3) сору; 4)өткізу аймағы)

10. Тамыр оймақшасы қай ұлпадан түзілген? (бөліп шығарушы ұлпа)

11. Бөліну бөлігі қай ұлпадан түзілген? (түзуші немесе меристема)

12. Сору бөлігі қай ұлпаға жатады? (жабын ұлпасы)

13. Тамырдың ұшынан өсуін қалай дәлелдейсің? (тамырдың ұшында түзуші ұлпа болады)

14. Тамыр өсімдікке не үшін қажет? (Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды; Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі; Вегетативтік көбеюге қатысады.)

15. Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар, мысал келтір. (органикалық(құс саңғырығы, қи, қарашірік және т.б.) және минералды тыңайтқышар(Нитрагин, суперфосфат, азот силитрасы)



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.



Дихотомиялы бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі өркен береді, әрі қарай оның әрбіреуі тағы да екі өркеннен береді және т.с.с. Бұл – бұтақтанудың ежелгі тәсілі (плауындар, мүктер)

Моноподиалды бұтақтану кезінде бірінші реттің негізі білігінен жоғары қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, одан екінші ретті және қалған реттегі қысқа жанама біліктер өседі (шырша, самырсын және т.б. жалаңаштұқымдылар).

Симподиалды бұтақтану кезінде негізгі білігі өзінің өсуін ерте тоқтатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктер шыға бастайды. Осы шыққан бүршіктер бірінші реттің білігін(осін) жалғастырған тәрізденеді. Бұлар өз кезегінде сол сияқты жоғары өсуін тоқтатады да, оның жанама бүршіктері шыға бастайды, онда үшінші реттік білік пайда болады т.с.с. (гүлді өсімдіктер).

Өркендерді жіктеу

Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды

Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.

Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.

Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан.

Қысқарған өреннің буанаралығы жақын орналасқан.

Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.

Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.

Өркендердің түр өзгерістері

Тамыр сабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).

Столон – ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.

Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.

Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т.б. жатады.

Түйнекті жуашық – сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор заттары өсіп кеткен сабақ бөлігінеде жиналада, ал оның қабаршағы құрғақ (гладиолус, шафран).

Шөгір – түрі өзгерген өркен немесе оның бір бөлігі, төбесі (шырғанақ) немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.

Мұртшалар – түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.

Бүршік. Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік бастапқы өркен.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті(өсу) және генеративті(көбею) бүршік.

Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.

Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса төбе бүршік, жапырақ қолтығында орналасса қолтық немесе жанама бүршік д.а. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктердің кез келген мүшесінің әр жерінен қосалқы бүршіктер шығады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарына дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлеме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендірдің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш діңінің кесілген бұтақтары мен ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.



Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келеген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1,2,3 және одан да көп болады. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.

Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдануынан қорғайды. Әдетте бүршіктердің пішіндері мен қабыршақтарының ерекшеліктеріне қарап, өсімдік түрлерін оңай ажыратуға болады.

Бальзамды теректің бүршік қабыршақтары өзінен бальзам бөлетіндіктен жылтыр, өткір иісті, Қолмен ұстағанда саусаққа желім сияқты жабысады. Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдіктерге морт сыңғыш итшомыр жатады.

Ашық (қабыршағы жоқ) бүршіктердің сыртын бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы жауып тұрады.

Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді.

Бүршік көктмде өсімдіктің тамырында, сабағында жиналған қоректік заттар қорымен қоректеніп, ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, ашылады. Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді дөңгелек із қалады. Сол ізден бастап өлшегенде өркеннің бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбе бүршіктері мен жанама бүршіктер ғана ашылып, өркен дамиды.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі және гүл бүршігі. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады. Ұзынынан жарып қарағанда бастапқы сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмаған гүлдер) бекиді. Гүлшанақ гүл шығарып, жеміс береді. Бірі - өсу, екіншісі – көбею бүршігі. Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркен дамиды.


жүктеу 1,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау